Көркем есімдердің енді бірі «әр-Рақийб». Аллаһқа қатысты айтылғанда: «Күзетіп, бақылап тұрушы, қадағалап тұрушы, байқап тұрушы» деген мағына береді.
Бұл есім Құранда үш жерде келген. Бірі Мәйдә сүресінің 117 аятында, бірі Ниса сүресінің 1 аятында және бірі Ахзәб сүресінің 52 аятында келген.
Раббымыздың бұл есімін білгеннен кейін мына жәйттарға мән берген жөн:
43. Әр-Рақийб
Маусым 25, 2009Аллаһтың есім-сипаттарында “туралықтан ауытқу” және оның түрлері
Маусым 25, 2009Үмметіміздің әуелгі буыны мен оларға көркем түрде еруші мұсылмандар Аллаһты тек Құран мен хадисте келген есімдермен атап, есім-сипаттардың ешбірін жоққа шығармай, ешкімге ұқсатпай, мағынасы мен сөзін бұрмаламай, «қалай?», «неге?» деген сұрақ қоймай, келген күйінде иман келтіреді. Осы ең дұрыс сенім. Бұған ертеде өткен ұлы имамдардың сөзі дәлел. Уәкиғ Аллаһтың сипаттары мен есімдері келген хадистерді нұсқап: «Бұл хадистер қалай келген болса, солай қабылдаймыз әрі «Бұл қалай?», «Неге мұндай?» деп сұрамаймыз»,-деген. (Сенімді хабар).
Көркем есімдерге қатысты маңызды қағидалар
Маусым 24, 2009Әс-сәләму ғаләйкум уа рахмәтуллаһ, құрметті ағайын!
Осыдан азғантай уақыт бұрын бір бауырлар маған: «Сіз Аллаһ есімдерінің кейбірін ұмытып кетіпсіз. Неге бұл тізімде “Әл-Хоофид” /Түсіруші/, “әр-Роофиғ” /Көтеруші/, “әл-Муғизз” /қадірлі етуші/, “әл-Музилл” /қор қылушы/, “әл-Жәлил” /ұлылық Иесі/, “әл-Адль“ /Әділ/ және тағы басқа, қалың жұртқа танымал, мұсылман әлемінде кеңінен тарап кеткен есімдер келмеген?» деп сұрақ қойған болатын. Сұраушының сұрағына жеке жауап жазғаныммен бұл сауал көптің көкейінде де жүрген шығар деп ойладым. Сол орайда бүгінгі сабағымда Аллаһтың көркем есімдеріне қатысты қағидаларды жазып өтуді жөн көріп отырмын.
Фәлақ және Нәс сүрелерінің түсіндірмесі (2 сабақ)
Маусым 15, 2009Құрметті, оқырман ағайын! Біраз уақыт оқу орнында жұмыстар шығып, блогтан қол үзіп қалдым. Алдағы уақытта, дәлірек айтсақ, жазғы демалыста сіздермен жиі қауышпақ ниетім бар.
Тәфсир сабағын жалғастырайық. Өткен дәрістерде Фәлақ пен Нәс сүрелерінің түсіндірмесін бастаған болатынбыз. Алғашында жалпы танысу, кішігірім шолу жасап, бірінші сабақта Фәлақ сүресінің алғашқы екі аятын түсіндіріп өттік. Бүгінгі сабақта Фәлақ сүресінің келесі аяттарын түсіндіріп өтпек ниетіміз бар, иншалла!
41. Әл-Кәрийм және 42. әл-Әкрам
Маусым 14, 2009
“Кәрийм” және “әкрам” сөздері араб тіліндегі «әл-Кәрам» сөзінен туындайды. Бұл өз бойында жалпы алғанда «жомарттылық» немесе «қадірлілік, елеулілік, құрмет» деген мағыналарды қамтиды.
“Әл-Кәрийм” есімі Аллаһтың көркем есімі ретінде 3 жерде келген. Олар: Мүминун сүресінің 116 шя аяты, Нәміл сұресінің 40 шы аяты және Инфитар сүресінің 6 аяты.
Ал “әл-Әкрам” есімі Ғаләқ сүресінің 3 ші аятында бір рет келген.
Аса Ұлы Аллаһқа қатысты айтылғанда “әл-Кәрийм” көркем есімін кейбір ғалымдар: ««Әл-Кәрийм» есімі төңірегінде 16 дан астам пікір айтылған. Сол пікірлерді ықшамдап айтар болсақ:
Фәләқ пен Нас сүрелерінің түсіндірмесі (1-сабақ)
Желтоқсан 14, 2008Құрметті бауырлар! Бүгінгі дәрісімізде Фәләқ пен Нас сүрелерінің тәпсірін жалғастырамыз. Алдыңғы сабақтарда айтып өткеніміздей, бұл екі сүренің толық мағынасы екеуінің тәпсірін қатар жүргізген кезде ғана ашылады. Сол үшін алдын ала ескерту жасап айтарым, екі сүренің Халифа Алтай атамыз аударған нұсқасын келтіріп, одан әрі қарай аяттардың тәпсірін жүргіземіз. Сіздерден талап етілетіні – айтылғанды мұқият оқып, түсінбеген болсаңыздар қайта оқып қарау, анықтамалар мен ережелерді жаттау және тиісінше амал ету. Бұл екі сүренің құр аудармасын оқыған жан сүренің арғы сырына жете алмауы ғажап емес. Бірақ, шын мәнінде бұл екі сүре ұлы сүрелердің бірі әрі көлемдері аз болғанына қарамастан сабағымыз бірнеше бөлімге бөлініп, біразға созылуы мүмкін. Ондай болса Аллаһқа тәуекел етіп, сүре тәпсірін бастайық!
Жазған: abuhajar
Жазған: abuhajar
Жазған: abuhajar 
