![]() Әл-Хабир (Толық Хабардар) |
Ендігі кезекте Әл-Хабир есімін талдап өтуге тырысамыз. Негізінен араб тіліндегі “хибр” немесе “хубр” немесе “хибра” -мұның бәрі де қазақ тіліндегі “бір нәрсені білу”-деген мағынаға жақын келеді. Өзімізге таныс “Хабар” сөзі де осы сөзден туындаған, яғни жаңалық, жаңа мағлұмат деген мағынада.
Ал енді Әл-Хабир есімі Құранда 45 жерде келген. Бұл есім Аллаһтың хақысында “Хабардар, Хабарын білуші, Білуші”-деген мағыналарға жақын.
Ғұламалар бұл есімді түсіндіре келе “Әл-Ғалийм” мен “Әл-Хабир” арасындағы айырмашылықтарды атап: “Екі есім де “білуші” деген сөзге жақын, алайда “Әл-Ғалим”, яғни адамның сыртқы әрекеттерін білуші, ал “Әл-Хабир”, яғни ішкі әрекеттерді, жүректерде, көкейлерде жасырылған нәрселерді білуші. Қиямет болған кезде сол ішкі және сыртқы амалдарды алдымыздан шығарып, есебімізді алушы”-дейді. Демек, бұл екі есім бөлек бөлек аяттарда келсе, онда Әл-Ғалийм есімі өз ішінде Әл-Ғалийм және Әл-Хабир мағынасын қамтиды, яғни өзі жеке тұрып: “Ішкі және сыртқы нәрселердің, жасырын-жария нәрселердің бәрін де білуші” деген мағына береді. Ал егер екі есім, яғни “Әл-Ғалим” мен “Әл-Хабир” бір жерде келе қалса, онда Әл-Ғалимнің жеке мағынасы, Әл-Хабирдің жеке мағынасы пайда болады, яғни біріншісі “сыртқы нәрселерді білуші”, екіншісі “ішкі әрекеттерді білуші, жасырын, кішкентай болса да барлық нәрсені білуші, хабардар”.
Аллаһтан артық білімдар, Одан артық хабардар ешкім де, ешнәрсе де жоқ. Демек, Аллаһ барлық нәрседен хабардар әрі өзі жайында бізге де хабар беріп, үйреткен. Біз өздігімізден дінді біле алмаймыз бәлкім Аллаһтың көмегімен ғана. Ал Аллаһ тарапынан келген хабар ол-Құран және пайғамбар.
Жалпы, Әл-Хабир есімі түсінікті болды деген ойдамыз. Құранда: тақуалыққа, бойұсынушылыққа шақыратын аяттардың көбісінің соңында: “Аллаһ хабардар”-деп аяқталады, яғни “Әй, құлдарым. Осыны істеңдер. Себебі Аллаһ бәрін де біліп тұр. Сендердің не істеп, не ойлағандарыңды біледі. Еріншектікпен тастадың ба құлшылықты әлде өзіңнің нәпсіңе еріп кеттің бе оның бәрін де біледі” деген сияқты.
Мүжәдәлә сүресінің 11 аятында «Аллаһ араларыңдағы иман келтіріп, білім берілгендеріңнің дәрежелерін көтереді. Сондай-ақ, Аллаһ сендердің не істеп жүргендеріңді біледі»-деген. Иманды болуға және ілім алуға тырысайық!
Жалпы Аллаһтың бұл есім Әл-Ғалим есіміне мағыналас болуы себепті көп сөз қозғамай-ақ қояйық. Аллаһ сәттілік берсін!

Тамыз 23, 2008 at 4:42 тк |
Биссмилляхир рахманир рахим!
АССАЛАУМАГАЛЕЙКУМ, МУСУЛМАНЕ!
Пишет Вам из Республики Казахстан, руководитель Общественного Фонда АЙША, Айша Оразбай хажы. Мы имеем в столице Республики г.Астана землю под строительство МЕДРЕСЕ и МЕЧЕТИ имени матери основателя нашего государства Нурсултана Назарбаева Альжан ана, в количестве одного гектара. Строительство начато 7 лет назад, но из-за отсутствия денежных средств, не можем ее достроить. Прошу Вас ради Благословления Аллаха помочь строительству. Второй участок под Медресе нами выкуплено у горы Ушконур, Карасайского района, Алматинской области, в родном ауле нашего Президента Нурсултана для девочек.. Надеюсь на Вашу поддержку, зекят, мусульмане! Жду ответа от всех, кто эту мою просьбу прочитал. С уважением и надеждой на Всевышнего Аллаха и на братьев мусульман, Айша хажы. Телефон 87172343942 моб.87014701366. E-mail: aisha.medrese1@mail.ru
Предложение: Имею положенный каждому гражданину Республики Казахстан 15 сотых земли под свой индивидуальный дом в г. Астана, как бывшая госслужащая. Поэтому Посольствам Мусульманских Арабских стран и Туркеязычных стран или имеющему возможность построить эти обьекты Шейху Мусульманину подарю этот свой участок в замен на полное строительства Медресе Мечети имени Абиш Ата и Альжан Ана, где забиты сваи и подготовлен фундамент на заливку ростверка. Размер здания в длину 102 метра , в ширину примерно 40 метров , 4-этажный, не включая в этажность отделно возвышающегося Мечети и Минарета.
Второе предложение: Под залог одного гектара земли под Алматой, в поселке Жандосова, в очень прекрасном месте, прошу занять деньги без процента у Мусульманских Арабских стран для строительства Медресе для девочек и женщин имени «Әлжан Ана».
Пусть месяц Рамазан принесет каждому из нас благополучия, исполнения всех наших пожелании, прощения всех наших грехов, счастья, радость двух миров!
Ассалаумагалайкум! С уважением, Айша қажы.
Тамыз 23, 2008 at 4:46 тк |
Биссмилла. Рамазан айы мүбарак болып, Аллаһ Медреселеріміздің бейнетсіз салынып бітуін көруді бұйыртсын! Елбасым аман сау болып, Аллаһ перзентін сүюді бұйыртсын! Баршаңызға бақ, ырыс, құт, игілік, нығметтер тілеп, Айша қажы Әбішкеліні, Оразбай немересі
Тамыз 23, 2008 at 4:56 тк |
Биссмилла. Біздің Әбіш Ата Мешітінде Ауғанстаннан бір отбасы , Мухаммад Асем деген, бала шағасымен, жары Мужганмен бірге қонақта. Екі ұлы, Халид және Халил, қызы Райхана үш жастан сегіз жас аралығында. Олар елдеріндегі соғыстан әбден қажып, басқа Елдерге барып тұрмақ ниетте сапарға шыққан екен. Жолаушылардың әзірге ауысып мінетін көлікке билеттері болмай, Елбасымыздың әкесінің атындағы бір Мешіт бар деген соң паналауға келіпті. Осы балалар жанымда отырып, бейбіт елдің адамдарына тілек қосуда. Өздері Мешіт гаражында жатыр, бізде қонақ түнейтін басқа жай әзірге салынған жоқ, ..Айтпағым, Барша мұсылмандарға Аллаһ татулық, бейбіт өмір бұйыртсын! Медресенің ірге тасын түзетісіп, көмектесіп жатқан Ауған Елінің адамдарына Аллаһ нұры жаусын! Сіздермен біздерге тату тәтті өмір, бақыт Аллаһ бұйыртсын! Айнаш Темірболатқызы, кешеден намазға жығылған екі балалы көрші келін және Айша Хажы