Аллаһтың есімдері мен сипаттарын танып-білудің артықшылығы

Шілде 26, 2009

Шын мәнінде Аллаһтың есімдері мен сипаттарын зерттейтін ілім – пайдасы көл-көсір, берер жемісі мол, қалдырар ізі анық, мүбәрак ілім. Бұл ілімнің артықшылығы мен ұлы пайдасы төмендегі жайттар арқылы байқалады:
1) Ислам діні өзге діннің бәрін жоққа шығарушы, соңғы, ұлы дін, ал Ислам дініндегі ең ұлы амал – Аллаһты жалғыз деп тану, яғни таухид. Барлық пайғамбарлар мен елшілер Аллаһты жалғыз деп тануға, жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақыратын.
Аллаһты жалғыз деп білудің немесе таухидтің үш тірегі бар. Біріншісі – Аллаһты жаратушы ретінде жалғыз деп білу, екіншісі – құлшылық атаулының бәрін жалғыз Аллаһқа арнау және үшіншісі – көркем есімдер мен кемшіліксіз сипаттардың бәрі жалғыз Аллаһқа тән деп білу. Байқап қарасақ, көркем есімдер мен кемшіліксіз, пәк сипаттарды білу – Исламдағы ұлы амалдың бір тірегі. Сондықтан көркем есімдер мен кемел сипаттарды білу – ұлы, мәртебелі ілім болып саналады.

Толығырақ оқу үшін »


43. Әр-Рақийб

Маусым 25, 2009

78[1]Көркем есімдердің енді бірі «әр-Рақийб». Аллаһқа қатысты айтылғанда: «Күзетіп, бақылап тұрушы, қадағалап тұрушы, байқап тұрушы» деген мағына береді.
Бұл есім Құранда үш жерде келген. Бірі Мәйдә сүресінің 117 аятында, бірі Ниса сүресінің 1 аятында және бірі Ахзәб сүресінің 52 аятында келген.
Раббымыздың бұл есімін білгеннен кейін мына жәйттарға мән берген жөн:

Толығырақ оқу үшін »


Аллаһтың есім-сипаттарында “туралықтан ауытқу” және оның түрлері

Маусым 25, 2009

Үмметіміздің әуелгі буыны мен оларға көркем түрде еруші мұсылмандар Аллаһты тек Құран мен хадисте келген есімдермен атап, есім-сипаттардың ешбірін жоққа шығармай, ешкімге ұқсатпай, мағынасы мен сөзін бұрмаламай, «қалай?», «неге?» деген сұрақ қоймай, келген күйінде иман келтіреді. Осы ең дұрыс сенім. Бұған ертеде өткен ұлы имамдардың сөзі дәлел. Уәкиғ Аллаһтың сипаттары мен есімдері келген хадистерді нұсқап: «Бұл хадистер қалай келген болса, солай қабылдаймыз әрі «Бұл қалай?», «Неге мұндай?» деп сұрамаймыз»,-деген. (Сенімді хабар).

Толығырақ оқу үшін »


Көркем есімдерге қатысты маңызды қағидалар

Маусым 24, 2009

Әс-сәләму ғаләйкум уа рахмәтуллаһ, құрметті ағайын!
Осыдан азғантай уақыт бұрын бір бауырлар маған: «Сіз Аллаһ есімдерінің кейбірін ұмытып кетіпсіз. Неге бұл тізімде “Әл-Хоофид” /Түсіруші/,  “әр-Роофиғ” /Көтеруші/, “әл-Муғизз” /қадірлі етуші/, “әл-Музилл” /қор қылушы/, “әл-Жәлил” /ұлылық Иесі/, “әл-Адль“  /Әділ/ және тағы басқа, қалың жұртқа танымал, мұсылман әлемінде кеңінен тарап кеткен есімдер келмеген?» деп сұрақ қойған болатын. Сұраушының сұрағына жеке жауап жазғаныммен бұл сауал көптің көкейінде де жүрген шығар деп ойладым. Сол орайда бүгінгі сабағымда Аллаһтың көркем есімдеріне қатысты қағидаларды жазып өтуді жөн көріп отырмын.

Толығырақ оқу үшін »


41. Әл-Кәрийм және 42. әл-Әкрам

Маусым 14, 2009

kareemКәрийм” және “әкрам” сөздері араб тіліндегі «әл-Кәрам» сөзінен туындайды. Бұл өз бойында жалпы алғанда «жомарттылық» немесе «қадірлілік, елеулілік, құрмет» деген мағыналарды қамтиды.

Әл-Кәрийм” есімі Аллаһтың көркем есімі ретінде 3 жерде келген. Олар: Мүминун сүресінің 116 шя аяты, Нәміл сұресінің 40 шы аяты және Инфитар сүресінің 6 аяты.

Ал “әл-Әкрам” есімі Ғаләқ сүресінің 3 ші аятында бір рет келген.

Аса Ұлы Аллаһқа қатысты айтылғанда “әл-Кәрийм” көркем есімін кейбір ғалымдар: ««Әл-Кәрийм» есімі төңірегінде 16 дан астам пікір айтылған. Сол пікірлерді ықшамдап айтар болсақ:

Толығырақ оқу үшін »


40. Әл-Хафийз

Желтоқсан 12, 2008

40.Әл-Хафийз

40.Әл-Хафийз

Бүгінгі дәрісімізде Ұлы Раббымыздың Әл-Хафииз есімі төңірегінде сөз өрбітеміз.
Бұл есім араб тіліндегі «хифз» сөзінен туындайды. Тілдік мағынасы: «сақтау, жаттау».
Ал енді осы есімнің Аллаһ тәбәрәкә уа тәғәләға қатысты айтылғандағы мағынасына келер болсақ, Әл-Хафииз есімі «Сақтаушы» деген мағына береді. Бұл есім Құранда үш жерде келген.
Аллаһтың сақтауы қалай болатынын түсіндіре келе ғұламалар былай дейді:
а) Аллаһтың жалпы жаратылысты сақтауы, яғни Аллаһ аспан мен жерді және екеуінің арасындағыны тиісті уақыты келмейінше жоғалып, жойылып, құрып кетуінен сақтап тұрады. Ұлы Раббымыз Құранда: «Оған ол екеуін (аспан мен жерді) сақтап тұру еш қиындық тудырмайды»,-деп, аятта «хифз» сөзін қолданған. (Бақара сүресі, 255 аят).
ә) Аллаһтың құлдарына байланысты сақтауы. Бұл өз ішінде екі түрлі болады: Жалпы сақтауы және ерекше сақтауы. Жалпы сақтауы адам баласының бәріне тиесілі. Ұлы Раббымыз Өзінің мейірімімен барлық адамдарды әртүрлі апаттардан, зияндықтан сақтап тұрады әрі лайықсыз түрде пәлекет жолдамайды. Ал енді ерекше сақтауы шынайы, ықыласты құлдарына арналған. Раббымыз шынайы берілген, ықыласты, тақуа құлдарын әртүрлі күнә жасап қоюдан сақтайды. Ал енді жасап қойса дереу тәубе етуге мұрсат беріп, Өзі қолдап отырады.

б) Аллаһ барлық әлемді, оның ішіндегі барлы-жоқты, іс-әрекетті, кідіріс-мүдірісті, жасырын мен жарияны бәрін түгел біліп, ұмытпай, есте сақтаушы. Оның ілімінен ешнәрсе тысқары қалмайды. «Сенің Раббың еш ұмытпайды»-деген аят осының айғағы. (Мәриям, 64). Енді осы есімге сай амал ету жайын сөз етер болсақ:

Толығырақ оқу үшін »


37. Әл-’Али, 38. Әл-’Алә және 39. Әл-Мута’әл

Қараша 28, 2008

37. Әл-'Али

37.Әл-'Али

39. Әл-Мута'әл

39. Әл-Мута'әл

Ассәләму ғаләйкум уа рахматуллаһ, құрметті, бауырлар! Бүгін Аллаһтың көркем есімдерінің үшеуін түсіндіріп өтуге тырысамыз, иншалла.
“Әл-‘Али”, “Әл-А’лә” және “Әл-Мута’әл”. (Ескерту: Сөздегі «’» белгісі қазақ тіліндегі «ғ» әрпіне жақын әріп, «ع» ‘айн әрпі). Бұл үш есім де араб тіліндегі ‘аләә – я’луу (көтерілу, жоғарылау, биіктеу) деген етістіктен туындайды. Енді осы етістіктен туындаған көркем есімдерге келер болсақ:
Біріншісі: «Әл-‘Али». Бұл есім «Жоғары» деген мағынаға жақын келеді. Құранда 8 жерде келген. Соның бірі Аятул курсиде.
Екіншісі: «Әл-Ә’лә», яғни «Өте жоғары, өте биік» дегенге жақын. Құранда екі жерде келген. Соның бірі Әғлә сүресінде.
Үшіншісі: «Әл- Мута’әл». Бұл «Биіктеген, көтерілген» деген мағынаға жақын. Құранда бір рет келген. Аллаһ тағала деп айтқан кездегі «тағала» сөзінің мағынасы да осы, яғни «Жоғары Аллаһ» деген мағына.
Мағынасын түсіндірер болсақ, Аллаһ тағала өзінің жаратқан жаратылыстарынан биік, олармен біте қайнаспайды, бәлкім олардан бөлек, жоғары. Мұны «Ғулууз-зәәт» дейді. Сондай-ақ, Аллаһқа тек қана жоғары, биік болған сипаттар лайық. Төмен, түкке тұрғысыз немесе бойында кемістігі бар есімдер мен сипаттар оған лайық емес. Мұны «Ғулуу исми уас сыфаат» дейді. Үшіншіден, Ол Аллаһ аса үстем. Құдіреті мен күші бәріне жетеді, ал оған қарсы тұрар ешкім жоқ. Мұны «Ғулуул қаһр» дейді. Демек, бұл есімдер Аллаһқа қатысты осы үш нәрсені қамтиды. Аллаһ «бәрінен жоғары», «бәрінен үстем» және «Оған тек жоғары, көркем есімдер мен сипаттар тән».

Толығырақ оқу үшін »