Сәуір 16, 2008
Ғилму дираяһ
Ғилму дираяһ дегеніміз-”Ғилму мусталах” (Терминология ілімі). Екеуі де бір мағына береді. Ал бұл – хадисті жеткізушілер тізбегі мен хадис мәтінін қабылдау және қабылдамау ережелерін зерттейтін ғылым. Басқаша айтсақ, хадисті жеткізуші адамдардың тізбегін, ол адамдардың хальдерін, сенімділігін, оған қоса келтіріп отырған хадистерін, оның сенімділігін және осыған байланысты болған нәрсенің бәрін де зерттеп, арнайы ережелер орнатады.
Төртінші сабақтан бастап осының бәрін шарттарымен, ережелерімен қосып талдап, керегінше түсіндіріп өтеміз. Әзірше… Толығырақ оқу үшін »
Leave a Comment » |
Хадис ілімдері |
Тұрақты сілтеме
Жазған: abuhajar
Ақпан 25, 2008
Мән беріп жете зерттеген адам хабарды жеткізу ілімінің негізі Қасиетті Құран мен пайғамбар (с.а.с) сүннетінен бастау алатындығына көзі жетеді. Құран Кәримде бұл жайында: “Әй, иман келтіргендер! Егер де сендерге пасық адам бір хабар айта келсе оны тексеріңдер”,-делінсе, пайғамбар (с.а.с) сүннетінде: “Бізден бірнәрсе естіп, оны естігеніндей етіп жеткізген жанның жүзін Аллаһ нұрландырсын. Хабар жеткен адам жай тыңдаушы біреуден ақылдырақ болуы мүмкін”,-делінген. Осы аят пен хадисте хабар алуда дәлдік пен туралықты, оны қалай жаттау, ол хабарға зейін қоюды әрі басқаға жеткізуде дұрыстыққа көңіл бөлуді сақтау керектігі айтылған.
Аллаһ пен Оның елшісінің (с.а.с) осы бұйрығына бойұсынған сахабалар хабарды жеткізу мен қабылдауда туралықты сақтауға тырысып, әсіресе жеткізуші адамнан күмәнданатын болса, әбден тексеріп алуды дұрыс көретін. Осы кезден бастап адамның халіне байланысты хабарды қабылдау мен қабылдамау негізі қаланған. Муслимнің кіріспесінде Ибн Сириннің: “Олар (яғни сахабалар) хабарды жеткізушілер тізбегін сұрамайтын. Ал бүлік орын алып еді, олар: “Бізге хабарды жеткізген адамдарыңды атап беріңдерші”,-дей бастады. Сөйтіп әһлус сунна болғанының сөзі алынып, әһлул бидға болғандарының сөздері қабылданбайтын”,-дейді.
Толығырақ оқу үшін »
Leave a Comment » |
Хадис ілімдері |
Тұрақты сілтеме
Жазған: abuhajar
Ақпан 23, 2008
Басқа “діндердің” үстінен басым түсіп, өзге сенімнің қателігін ашып, жеңіске жету үшін Құдіретті Күшті Аллаһ Өзінің елшісі Мұхаммедті (с.а.с) тура жол және хақ дінмен жіберді. Сондай-ақ, ол кісіге Кітап пен даналықты да берді. Кітап дегеніміз Құран болса, даналық дегеніміз осы Құранды түсіндіретін сүннет немесе хадистер. Мұсылман адам тек Құранды оқып жетістікке жете алмайды, бәлкім оны пайғамбарымыз сияқты түсінуі шарт. Тура сол сияқты сүннетті ғана ұстанып, Құранды тастаса да адаспақ. Ондай болса бұл екі ілім бұлағы әркез тең ұсталуы керек. Кімде-кім Құран мен хадистерді дұрыс түсініп, соны дұрыс ұстанар болса, онда ол нағыз жеңіске жетушілерден болмақ. Әлбетте, бұл екі ілімді де адам өз бетінше оқып, біліп кете алмайды. Бұған ол адам сахабалардың, әйгілі төрт имамның және басқа да ұлы ғұламалардың түсіндіруі арқылы ғана қол жеткізбек.
Толығырақ оқу үшін »
Leave a Comment » |
Хадис ілімдері |
Тұрақты сілтеме
Жазған: abuhajar
Ақпан 21, 2008
Барлық мақтау мен мадақтар әлемдердің Раббысы бір Аллаһқа лайық! Оның құлы әрі елшісі, пайғамбарлар мөрі, елшілер соңы болған мақтаулы Мұхаммед пайғамбарға, оның сөздерін, амалдарын бізге өзгертпей жеткізген сахабалар мен табиғиндерге және оларға жақсы түрде ілесуші барша мұсылманға Аллаһтың салауаттары мен сәлемі болсын!
Кейін: Білім алу-әрбір мұсылман адамның парызы. Білімнің қайнар бұлағы-Құран мен сүннеттен бастау алады. Құранның не екенін, қандай кітап екенін жалпы халық топшалап түсінер, ал енді сүннеттің не екендігі көп адамға беймәлім. Осы сүннет сөзі мен хадис мәселесін шама шарқымызша осы бөлімде түсіндіріп өтуді жөн көрдік. Хадис жазу қалай шықты, қалай реттеліп жазыла бастады, даму тарихы қандай деген сұрақтар төңірегінде сөз өрбітіп, түсіндіруге тырысамыз.
Аллаһ елшісі (с.а.с) өзінің серік достары сахабаларына айтқан сөздерін жаттауды бұйырып, оның атынан жалған сөйлеуге қатаң тыйым салған. Көзі тірісінде Құран аяттарымен араласып, шатасып кетпеуін көздеген Аллаһ елшісі (с.а.с) хадистерді парақ беттеріне түсіруге тыйым салған. Алайда ол кісінің дүние салуынан кейін аяттар түсуі тоқтап, Құран аяттары белгілі болды да, сахабалар хадистерді парақ бетіне түсіруге рұқсат жасады. Міне, парақ бетіне түсе бастағаннан кейін бұл ілім өз алдына жеке пән болып қалыптасты. Кейінгі мақалаларда мұның бүге-шігесін түсіндіріп, ашып жазамыз.
Бұл жолы тек осы “Хадис ілімдері” атты рубрикадағы негізгі тақырып қай салада болатынына жалпы шолу жасап өттік. Осы саладағы бастауыш кітаптарды қазақ тіліне аударып, шама келгенше толық түсіндіруге тырысамыз. Бар болғаны алған мағлұматтарды есте сақтап, ілімнің жоғалмауын қадағаласаңыздар болғаны. Сүннетті жандандыру-үлкен іс. Бұған жете мән беріп, “Хадис ілімдеріне” басқан алғаш қадамдарыңызға Аллаһтың нұры жаусын!
2 Пікір |
Хадис ілімдері |
Тұрақты сілтеме
Жазған: abuhajar