44. Әр-Рабб

Сәуір 25, 2010

Аллаһқа жалбарынып, дұға еткенде әрі Оны ұлықтап, пәктегенде қолданылатын есімдердің бірі – «әр-Рабб» /Раббы/. Бұл есім Қасиетті Құранның үш аятынан өзге жердің бәрінде «Әлемдердің Раббысы», «Көктердің Раббысы», «Жердің Раббысы», «Сендердің Раббыларың», «Аршының Раббысы» деген үлгіде өзге сөзбен матаса байланысып келген.
Бұл есім имам Тирмизи хадистер жинағындағы Әбу Һурайра риуаяты бойынша аса танымал болған «көркем есімдер» тізімінде келтірілмеген, алайда Ибн Мәжә мен Хаким келтірген риуаятта және ғұламалардың басым бөлігі келтірген тізімдерде «көркем есімдер» қатарына жатқызылған.

Read the rest of this entry »


Фәлақ пен Нәс сүрелерінің түсіндірмесі (соңғы сабақ)

Қыркүйек 16, 2009

Әссәләму аләйкум, құрметті, бауырлар! Ұлы Раббымыздың мейірімімен, Фәлақ және Нәс сүрелерінің толық түсіндірмесін тәмамдадық. Бұдан бұрын ескерткенімдей, бұл жолы жалпы шолу жасап, қорытынды келтіреміз. Сондай-ақ, құлақтарыңызға алтын сырға!!! Алдағы уақытта осы екі сүренің реттелген, өңделген түрін кішігірім кітапша етіп, Фатиха сүресі сияқты мұны да блогқа жария етеміз. Ол кітапшада, иншалла, бәрі болмаса да, өте көп мағлұматтар келтіріп өтеміз. Бұл жолы жұртты жалықтырып алмау үшін, азғантай ғана шолу жасап, қалғанын сол кітапша еншісіне қалдырдық. Ондай болса…

Read the rest of this entry »


Аллаһтың есімдері мен сипаттарын танып-білудің артықшылығы

Шілде 26, 2009

Шын мәнінде Аллаһтың есімдері мен сипаттарын зерттейтін ілім – пайдасы көл-көсір, берер жемісі мол, қалдырар ізі анық, мүбәрак ілім. Бұл ілімнің артықшылығы мен ұлы пайдасы төмендегі жайттар арқылы байқалады:
1) Ислам діні өзге діннің бәрін жоққа шығарушы, соңғы, ұлы дін, ал Ислам дініндегі ең ұлы амал – Аллаһты жалғыз деп тану, яғни таухид. Барлық пайғамбарлар мен елшілер Аллаһты жалғыз деп тануға, жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақыратын.
Аллаһты жалғыз деп білудің немесе таухидтің үш тірегі бар. Біріншісі – Аллаһты жаратушы ретінде жалғыз деп білу, екіншісі – құлшылық атаулының бәрін жалғыз Аллаһқа арнау және үшіншісі – көркем есімдер мен кемшіліксіз сипаттардың бәрі жалғыз Аллаһқа тән деп білу. Байқап қарасақ, көркем есімдер мен кемшіліксіз, пәк сипаттарды білу – Исламдағы ұлы амалдың бір тірегі. Сондықтан көркем есімдер мен кемел сипаттарды білу – ұлы, мәртебелі ілім болып саналады.

Read the rest of this entry »


Фәлақ пен Нәс сүрелерінің түсіндірмесі (4-ші сабақ)

Шілде 26, 2009

Әссәләму аләйкум, құрметті, бауырлар! Бүгінгі сабағымызда «Фәлақ» пен «Нас» сүрелерінің тәпсірін жалғастырып, шама келсе келесі сабақта екі сүре тәпсірін толық тәмамдаймыз, иншалла. Алдыңғы әдетімізге сай, алдымен «Нас» сүресінің аяттарын талдап алайық. Әр аятын жақсылап талдаған соң, сабағымыздың соңында толық қорытынды сабағын жасаймыз, иншалла. Бәлкім, үш төрт сабаққа созылып, бірнеше тізбекті дәріске айналуы себепті біраз нәрсе естен шығып, алды мен артын тең ұстау қиын болса керек, кейібіріңізге. Осыны ескеріп, соңынан үлкен, көлемді, пайдалы қорытынды сабағын жасаймыз, иншалла! Сүренің түсіндірмесіне кіріссек…

Read the rest of this entry »


Фәлақ пен Нас сүрелерінің түсіндірмесі (3-ші сабақ)

Шілде 23, 2009

Алдыңғы сабақта сиқыр жайында азғантай сөз қозғап өткен болатынбыз. Сиқыр жасау – шариғат бойынша тыйым салынған. Бұған көптеген аяттар мен хадистер дәлел. Себебі бұл адам көзін алдау және жалпы жамандықтың бірі болып табылады.
Сиқырланып қалу, жоғарыда айтып өткеніміздей, Аллаһтың болмыстағы ережесіне тән, Аллаһтың қалауымен болатын дерттердің бірі. Сиқыршы, дуалаушы адамдар жын-шайтандардың медетімен белгілі бір адамға зиян тигізуді мақсат тұтып, арнайы тәсілдер арқылы әлгі адамға жамандық тигізіп жатуы осының айғағы.
Осы кезде мынандай сұрақ туады: «Сиқырланып қалу Аллаһтың болмыстағы қалауы болса бұдан қалай сақтанамыз?».

Read the rest of this entry »


43. Әр-Рақийб

Маусым 25, 2009

78[1]Көркем есімдердің енді бірі «әр-Рақийб». Аллаһқа қатысты айтылғанда: «Күзетіп, бақылап тұрушы, қадағалап тұрушы, байқап тұрушы» деген мағына береді.
Бұл есім Құранда үш жерде келген. Бірі Мәйдә сүресінің 117 аятында, бірі Ниса сүресінің 1 аятында және бірі Ахзәб сүресінің 52 аятында келген.
Раббымыздың бұл есімін білгеннен кейін мына жәйттарға мән берген жөн:

Read the rest of this entry »


Аллаһтың есім-сипаттарында «туралықтан ауытқу» және оның түрлері

Маусым 25, 2009

Үмметіміздің әуелгі буыны мен оларға көркем түрде еруші мұсылмандар Аллаһты тек Құран мен хадисте келген есімдермен атап, есім-сипаттардың ешбірін жоққа шығармай, ешкімге ұқсатпай, мағынасы мен сөзін бұрмаламай, «қалай?», «неге?» деген сұрақ қоймай, келген күйінде иман келтіреді. Осы ең дұрыс сенім. Бұған ертеде өткен ұлы имамдардың сөзі дәлел. Уәкиғ Аллаһтың сипаттары мен есімдері келген хадистерді нұсқап: «Бұл хадистер қалай келген болса, солай қабылдаймыз әрі «Бұл қалай?», «Неге мұндай?» деп сұрамаймыз»,-деген. (Сенімді хабар).

Read the rest of this entry »