Аллаһтың көркем есімдері

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с): «Аллаһтың 99 есімі бар. Кімде кім оны жаттап, (сол есімдерге сәйкес) амал жасайтын болса-жәннатқа кіреді»-деген. (Бұл сахих /сенімді, дұрыс/ хадисті имам Бұхари ұш жерде, имам Муслим 2 жерде, Тирмизи 3 жерде, Ибн Мәжәһ 2 жерде, имам Ахмад 7 жерде, Байһақи 2 жерде, Хаким 2 жерде т.б риуаят етекен).
Хадиске кішкене түсініктеме жасайтын болсақ, бұл хабарда Аллаһтың 99 есімі бар екендігі айтылған. Ғұламалар Аллаһтың есімдері осымен шектелмейтінін, бәлкім бұл хадисте адамдарға жаттап, амал етуі керек етілетін 99 есімі жайында ғана хабар берілгендігін алға тартады. Ал Аллаһтың біз білетін де, білмейтін де есімдері көп. Мұның ілімі тек Аллаһта.
«Жәннатқа кіреді»-деген тіркесті оқыған кейбіреулер: «Өмір бойы ойына келгенін істеп, осы есімдерді жаттап алса болғаны ма?» деген ойға келуі ықтимал. Айтар жауабымыз: «Ол адамға тек жаттау емес, бәлкім соған сәйкес амал жасау талап етіледі». Осы хадисті жақсылап ұғынып, Аллаһ есімдерін санап, әркез еске алып, мағынасына үңіліп, талабына амал еткен жан бұл хадисті сол кезде ғана түсінбек. Бір оқығаннан адам бұл хадисті түсіндім деп кеуде қаға алмайды. Ал хадисті толық түсінбей тұрып мағынасы ақылға қонбайды деген тұжырым шығару дұрыс емес. Ондай болса, осы есімдердің мәнісін түсініп, тиісінше амал етейік.
Хадистердің кейбір нұсқаларында Аллаһтың 99 есімі толық саналып, айтылған. Алайда Имам Ибн Хажар Асқалани ол қосымшаның артық екенін, ғұламалар тарапынан жасалған ізденіс екенін ашып айтқан. Мысалы: бір нұсқада «Әл-Ахад, Ас-Самад, Әл-Һәди» деп келсе, екінші нұсқада «Әл-Муқсит, Әл-Қадир, Әл-Уәли». Бір нұсқада «Әр-Раашид» деп келсе, енді бірінде «Әр-Рашийд» деп берілген. (Толық мағлұмат аламын деген адам «Фатхул бәридің» 5931-ші хадисіне жасалған түсініктемесін қарасын). Иә, мұның бәрі де ғұламалардың ізденістері екенін анық аңғартады.
Алайда, Аллаһ есімдерін адамдар өз ойынан әкеліп, өздері қалағанынша атай алмайды. Бәлкім Оның есімдері тек Құран мен хадисте қалай келсе, солай айтылады. Сол орайда біз бұл түсініктемемізде Құран мен сүннетті жақсылап зерттеген хадис ғұламаларының ізденістері нәтижесінде жасаған тізбек бойынша түсіндіреміз. Аллаһ ісімізге жеңілдік берсін.

Көркем есімдерге қатысты маңызды қағидалар
Аллаһтың есім-сипаттарында “туралықтан ауытқу” және оның түрлері

АЛЛАҺ


Құлшылыққа лайық жалғыз Құдай.


Бұл Аллаһтың өзіне тән есімі. “Аллаһ” дегеніміз-араб тіліндегі “құлшылық жасау” етістігінен туындап, Аллаһқа қатысты айтылғанда “Құлшылық қылынуға лайық жалғыз Құдай” дегенге тура келеді. Ол Аллаһ тағала өз құлдарының құлшылығына лайықты. … Түрікше-”Тәңір”, Фарсыша-”Хұда”, қазақша “Құдай” …

Оқуды жалғастырыңыз ‘Аллаһтың көркем есімдері’

02 Ар-Рахман

03 Ар-Рахим


02. Аса рақымды; 03. Ерекше мейірімді.


Бұл жолы Аллаһтың көркем есімдерінің ең көп кездесетіні әрі алғашқыларының бірі боп табылатын екі есімді талдап өтуге тырысамыз. Ол екі есім-Ар-Рахман және Ар-Рахим. Бұл есімдерге Құраннан да хадистен де көптеген дәлелдер келтіруге болады. Қазақ тіліндегі кейбір аудармаларда “Мейірімді және рақымды” деп беріледі. Алайда “Ерекше мейірімді, аса қамқор, аса рақымды” деп күшейтпелі түрде айтқан дұрысырақ болады. Себебі Аллаһтың бұл сипаттары кез-келген басқа мейірім мен рахымнан әлдеқайда басым келеді. Екі есім де “ерекше мейірімді, аса рақымды, аса қамқор”-деген мағыналарға жақын келеді. Себебі екі сөз де араб тіліндегі /рахма/ яғни рахым, мейірім, жұмсақтық сөзінен туындайды. Бірақ, араларында мағынасы жағынан сәл ғана айырмашылық бар. Ар-Рахман сөзі Ар-Рахим сөзінен қуаттырақ, күштірек болып табылады.

Оқуды жалғастырыңыз ‘02,03. Ар-Рахман, Ар-Рахим’

04.Әл-Мәлик 05.Әл-Мәәлик


04. Патша; 05. Ие.


Аллаһтың көркем есімдерінің тағы екеуі-Әл-Мәлик, Әл-Мәәлик.
Бұл есімдер араб тіліндегі “мәликә” етістігінен туындап, “Бір нәрсеге иелік ету, бір нәрсені иемдену, қолында болу, басқару” мағыналарына жақын келеді.
Ал енді Аллаһқа қатысты айтылғанда-өзінің мүлкіне әмірін жүргізе алатын Патша, себебі кез-келген патша өзінің мүлкінде барлық әмірін жүргізе алмайды.
Тек өзіне тән билігі бар Билеуші, барлық жаратылыс пен Қиямет күнінің Иесі мағыналарына жақын.

Оқуды жалғастырыңыз ‘04, 05. Әл-Мәлик, Әл-Мәәлик’

06. Әл-Қуддус


06. Құнсыз теңеулерден пәк.


Келесі есім-Әл-Қуддус. Бұл қазақ тіліндегі «таза, пәк» деген мағынаға жақын келеді. Бұған Бақара сүресінің 30-шы аятындағы періштелердің: «Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау айтып, сен пәктейміз»,-деген сөзін мысалға келтіруге болады. Осыған қоса Бәйтул Мақдис деп, Иерусалимдегі Құддыс мешітін атаған, яғни «Пәк үй». Сондай ақ Жәбрайл періште де «Рухул Қудус» деп аталады.
Тағы бір мағынасы: «Мүбәрак, берекелі». Бұған Исра сүресінің бірінші аятындағы: «Құлын (Мұхаммедті) бір түнде өзіне белгілерімізді көрсету үшін Мәсжид Харамнан біз айналасын мүбәрак қылған Мәсжид ақсаға апарған Аллаһ әртүрлі кемістіктен пәк»,-деген аят дәлел.

Оқуды жалғастырыңыз ‘06. Әл-Қуддус

07. Әс-Сәләм


07. Амандық, есендік иесі.


Келесі есім: Әс-Сәләм (السلام). Араб тіліндегі “сәлимә” етістігінен туындап, “Амандық, есендік” мағыналарын береді. Жәннатты да “Дәрус сәләм” деп атайды, себебі жәннат әртүрлі жамандық пен опасыздықтан, күнә мен бойұсынбаушылықтан аман мекен. Құранда да: “Есендік тура жолға ілескендерге болсын”,-деп, тура жолдағылардың Аллаһ азабы мен ашуынан аман жүретіндігі айтылған. (Таһа, 47).

Оқуды жалғастырыңыз ‘07. Әс-Сәләм’

08. Әл-Мумин


08. 1) есендік беруші; 2) растаушы.


Келесі, есім: Әл-Мүмин (المؤمن). Тілдік мағынасы екеу: Бірі-мойындау, сену. Юсуф сүресінің 17-ші аятында Жақыптың балалары Жүсіпті шұңқырға лақтырып, әкелеріне келіп: “Әй, Әкеміз! Біз жарысып кеткенде Жүсіпті нәрселеріміздің жанына тастап кетсек, оны қасқыр жеп кетіпті. Енді шын айтсақ та сен бізге сенбейсің ғой”,-дескен. Исламның негізі болған “Иман” сөзі де осыдан туындайды, яғни “Сенім”.

Оқуды жалғастырыңыз ‘08. Әл-Мумин’

09. Әл-Муһәймин


09. 1) Қамқоршы, 2) Бақылаушы.


Ассаламу алейкум, құрметті, бауырлар!
Аллаһтың көркем есімдерінің келесісі-Әл-Мүһәймин.
Құранда Хашр сүресінің 23 аятында бір рет келген.
Құранды түсіндіруші үлкен ғұламалар бұл есімнің мағынасына сәйкес алты пікір айтқан, алайда дұрысқа ең жақыны екі көзқарас. Мужәһид, Қатада сынды бірінші топ “Өзі жаратқан нәрсенің бәрін де бақылап тұрушы”-десе, екінші топ “қамқорлық жасаушы, қорғаушы”-деп түсіндіреді.


Оқуды жалғастырыңыз ‘09. Әл-Муһәймин’

10. Әл-Ғазийз


10. Аса үстем.


Келесі есім, Әл-Ғазиз. Араб тіліндегі “Әл-Ғиззә” сөзі “үстемдік, басымдылық, қуаттылық” мағыналарын береді. Құрандағы: “Үстемдік Аллаһқа тән” деген аят осының айғағы.
Бұл көркем есім Құранда 92 рет қайталанады. Бұған: “Күдіксіз Аллаһ үстем әрі аса дана екенін біл”,-деген аят мысал бола алады. (Бақара сүресі, 260 аят).

Оқуды жалғастырыңыз ‘10. Әл-Ғазийз’

11. Әл-Жәббәр


11. Құдіретті.


Келесі есім – Әл-Жәббәр. Жәббәр сөзінің тілдік мағынасы – күшті, қуатты, құдіретті деген мағына береді. Құрандағы: “Ол жерді қуаттылар мекен етеді”,-деген аят осы мағынамен келген. (Мәйдә, 22).
Сондай-ақ, биік, ұзын болған затқа да осы атау қолданылады. Сол себепті де тәкәппарлық танытқан адамға /тәжәббара ар-ражулу/ деп айтады.

Оқуды жалғастырыңыз ‘11. Әл-Жәббәр’

12.Әл-Мутәкәббир 13.Әл-Кәбир


12. Аса үлкен, ұлы, тәкаппар; 13. Өте ұлы, үлкен.


Бұл жолы екі есімді қатар талдап өтеміз, ол: Әл-Мутәкәббир және Әл-Кәбир. Бұл екі есімнің екеуі де араб тіліндегі “кәбурә” етістігінен туындап, ұлылық, үлкендік мағыналарын білдіреді.
Әл-Мутәкәббир есімінің мағынасы-барлық жамандықтан, барлық зұлымдықтан таза, ұлылық пен тәкәппарлық иесі. Бірақ, Аллаһтың тәкәппарлығы адамдардың тәкәппарлығына ұқсамайды, бәлкім өзіне тән.
Ал Әл-Кәбир есіміне келер болсақ, мағынасы-Ұлы, Үлкен деген мағынаға жақын, яғни Ең ұлы, өзінің жаратқан нәрселерінің ешқайсысына да ұқсамайды, өте ұлы деген мағынаға жақын.

Оқуды жалғастырыңыз ‘12. Әл-Мутәкәббир, 13. әл-Кәбир’

14.әл-Холиқ 15.әл-Холләқ

16. әл-Бәри

17. әл-Мусаууир


14. Жаратушы; 15. Көп жаратушы, үзбей жаратушы; 16. Жоқтан бар етуші; 17. Бейне беруші.


Әл-Холиқ мағынасы-жаратушы. Бұл есім 11 жерде келген. Аллаһтың жаратуы өзіне тән түрде, яғни жоқтан бар етіп жаратушы. Біздің ойлап тауып жатқан нәрселеріміз, салып жатқан үйлеріміз де жарату болып табылады, алайда біз бар нәрсені түрлендіру арқылы жаңа бір нәрсе жаратамыз. Ал енді жоқ нәрседен бар нәрсе жасау біздің қолымыздан келмейді, бәлкім Аллаһтың құдыретінде.
Әл-Холләқ-мағынасы әр нәрсені жаратушы немесе қайта-қайта жаратушы. Құранда екі жерде келген.
Әл-Бәри есімі үш рет келген. Мағынасы-Жоқтан бар ету. Демек, “кез-келген жоқтан бар етілген нәрсе жаратылыс, алайда кез-келген жаратылыс жоқтан бар етілмеген”.
Әл-Мусаууир-өзінің жаратқан нәрсесіне бейне беруші деген мағынаға жақын. Құранда бір рет келген. Яғни жақсы не жаман бейне беру Аллаһтың қолында.

Оқуды жалғастырыңыз ‘14. әл-Холиқ, 15. әл-Холләқ, 16. әл-Бәри және 17. әл-Мусаууир’

18.Әл-Ғалийм 19.Әл-Ғаалим (Әл-Ғалләм)


18. Бәрін білуші; 19. Білуші.


Аллаһтың көркем есімдерінің келесілері: Әл-Ғаалим, Әл-Ғалиим, Әл-Ғалләм. Үш есімнің үшеуі де араб тіліндегі “ғалима” етістігінен туындап, “білім” деген мағына аясында жүреді. Жалпы білім сөзінің тілдегі мағынасы надандыққа қарама-қайшы нәрсе.

Оқуды жалғастырыңыз ‘18. Әл-Ғалийм, 19. Әл-Ғаалим және (Әл-Ғалләм)’

20. Әс-Сәмиғ


20. Бәрін естуші;


Әс-Сәмиғ есіміне келер болсақ, бұл қазақ тіліндегі «Естуші» деген мағынаға жақын. Бұл есім Құранда 45 жерде келген.
«Әс-Сәмиғ» сөзі араб нұсқасында күшейтпелі формада келген, демек, Аллаһ біз ести алмайтын нәрсенің бәрін де естуші. Адамдардан жасырынып, ешкім жоқ жерде айтқан сөздерімізді тіпті ең керемет құралдармен байқалмайтын дыбыстың бәрін де естиді. Алайда, Аллаһ бізге ұқсамайды әрі Аллаһтың естуі біз сияқты құлақпен емес, өзіне тән түрде болады. Себебі Құранда Аллаһтың еститіні айтылған, біз иман келтіреміз, алайда қалай еститіні бізге беймәлім. Одан әрі қазбалап, қалай еститінін ақтару бізге жараспайды.

Оқуды жалғастырыңыз ‘20. Әс-Сәмиғ’

21. Әл-Басыр


21. Бәрін көруші.


Бүгінгі тақырып өзегі Аллаһтың Әл-Басыр есімі айналасында өрбімек. Бұл есім Құранда 42 жерде келген. (Мысалы: Бақара сүресінің 2:233 аятында).
Жалпы араб тіліндегі «Басар» сөзі «Көру» және «Білу» мағыналарын береді.
Ал адамзаттың ішкі (рухани) дүниесі және сыртқы (тәни) дүниесі болады. Демек, Аллаһтың Әл-Басыр есімі: Өзі жаратқан жаратылыстардың кез-келген сыртқы, көзге көрінетін ісін, әрекетін көруші әрі жасырын және жария болған нәрселердің бәрін де білуші.

Оқуды жалғастырыңыз ‘21. Әл-Басыр’

22. Әл-Ғафуур

23. Әл-Ғаффар


22. Бәрін кешіруші; 23. Кешіруші.


Келесі екі есім әл-Ғафуур және әл-Ғаффар, бұған қосымша кейбір ғұламалар атап өткен әл-Ғафир есімі үшеуі де араб тіліндегі «Ғафр» сөзінен туындайды. Тілдік мағынасы жасыру сөзіне сәйкес.
Әл-Ғафуур есімі Құранда 91 жерде келген. Әл-Ғаффар есімі 5 жерде келіп, әл-Ғаафир есімі болса Ғафир сүресінің 3 аятында бір рет келген. Сол үшін де ғұламалардың көп бөлігі бұл есімді атап өтпеген.
Бұл үш есім де өзара жақын мағыналас, «жасыру» мағынасын береді. Яғни Аллаһ тағала құлдарының күнәларын жасырушы, артынан азапқа салмайды.
Әл-Ғаафир – құлдарының күнәларын жасырушы. Әл-Ғаффар – күнәларын көп жасыру. Ал әл-Ғафуур болса алдыңғы екеуінен де артық.

Оқуды жалғастырыңыз ‘22. Әл-Ғафуур, 23. Әл-Ғаффар (және әл-Ғаафир).’

24. Әл-Қоһир 25.Әл-Қаһһар


24. Үстем болушы; 25. Тым үстем болушы.


Бұл екі есім де араб тіліндегі «Қаһр» сөзінен туындап, басым болу, үстінен алу, үстем болу деген мағыналар береді.
Қаһир есімі Құранда 2 жерде келген. (Әнғам, 6:18, 6:61 аяттары). Ал әл-Қаһһар есімі 6 рет айтылған. (Мысалы: Ғафир, 40:16).
Әл-Қаһһар есімі әл-Қоһир есімінен қуаттырақ, асырмалы шырай формасымен келген. Демек, әл-Қоһир мағынасы «үстем, үстемдік етуші, басым болушы» болса, әл-Қаһһар мағынасы «аса үстем, тым басым» деген мағына береді.

Оқуды жалғастырыңыз ‘24. Әл-Қоһир, 25. Әл-Қаһһар’

26. Әл-Уәһһәб


26. Сыйлаушы;


Араб тіліндегі «Уәһәбә» етістігі «сыйлау, беру, тегін беру» деген мағыналарды береді. Ал осы етістікті атқарушы адамды «Уәһиб» дейді. Аллаһтың әл-Уәһһәб есімі осы етістікті көп атқарушы, яғни көп сыйлық беруші деген мағынамен, күшейтпелі үлгіде келген.
Аллаһтың әл-Уәһһәб есімі қасиетті Құранда 3-жерде келген. Бірі Әлі Ғымран сүресінің 8-ші аятында (3: 8): «Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді ауытқытпа. Және бізге өз қасыңнан игілік бер. Күдіксіз, сен өте берегенсің»,-деп келсе, екеуі 38-ші реттікпен келетін Сад сүресінің 9-шы және 35-ші аяттарында келген.

Оқуды жалғастырыңыз ‘26. Әл-Уәһһәб’

27. Әл-Хакам

28. Әл-Хакийм


27. Ең әділ үкім жасаушы; 28. Аса дана, Даналық иесі


Келесі есімдер Әл-Хакам, Әл-Хакийм. Мағынасы жағынан осы екі есімге жақын болуы себепті біз қолданып келе жатқан тізімге енбесе де, кейбір ғұламалар атап өткен әл-Хааким есімін де атап өтеміз.
Негізінен араб тіліндегі «Хакама» етістігі «Тыю«-дегенді білдіреді. Демек, араб тіліндегі «хааким» деген сөз мағынасы: «Алдына келген екі топтың өзара зұлымдық жасауын тыюшы»-деген мағынаға жақын болмақ.

Оқуды жалғастырыңыз ‘27. Әл-Хакам, 28. Әл-Хакийм (және Әл-Хааким)’

29. Әл-Латыф


29. 1 Аса жұмсак, 29.2. Өте нәзік, ұсақ нәрселерді де білуші


Ассаләму алейкум. Бүгін, Аллаһтың қалауымен, Аллаһтың көркем есімдерінің бірі Әл-Латыф есімін талдап өтуге тырысамыз. «Латафа» етістігі негізінен қазақ тіліндегі «жұмсақ, нәзік болу«-деген мағынаға жақын. Алайда ғұламалар: «Егер бұл есім Аллаһқа қатысты айтылса, онда оның мағынасы екі түрлі болады. Бірінші мағынасы: Аллаһ өзінің жаратылыстарына жұмсақтық танытады. Яғни Аллаһ аса жұмсақ.
Екінші мағынасы: Тіпті көзге көріне бермейтін нәзік нәрселердің өзін де білуші«-дейді.

Оқуды жалғастырыңыз ‘29. Әл-Латыф’

Әл-Хабир (Толық Хабардар)

30. Әл-Хабир


30. Толық Хабардар


Ендігі кезекте Әл-Хабир есімін талдап өтуге тырысамыз. Негізінен араб тіліндегі “хибр” немесе “хубр” немесе “хибра” -мұның бәрі де қазақ тіліндегі “бір нәрсені білу”-деген мағынаға жақын келеді. Өзімізге таныс “Хабар” сөзі де осы сөзден туындаған, яғни жаңалық, жаңа мағлұмат деген мағынада.
Ал енді Әл-Хабир есімі Құранда 45 жерде келген. Бұл есім Аллаһтың хақысында “Хабардар, Хабарын білуші, Білуші”-деген мағыналарға жақын.

Оқуды жалғастырыңыз ‘30. Әл-Хабир’

31. Әр-Раззақ

31. Әр-Раззақ


31. Ризықтандырушы, ризық беруші


Араб тіліндегі “әр-ризқ” сөзінің негізгі мағынасы “пайдалануға жарайтын нәрсе”. Бұл сөз қазақ тіліндегі “ризық, несібе” деген мағынаға жақын келеді. Бұл тілдік мағынасы.Ал енді бұл есімнің Аллаһқа қатысты мағынасына тоқталатын болсақ, “ризықтандырушы, ризық беруші” деген мағынаға жақын келеді. Басқаша айтқанда Ол ризықты жаратушы, сосын Өзі жаратқан жаратылыстың бәріне толықтай тиісті ризығын үлестіріп, азық-ауқатын реттеуші. Аллаһтың ризығы мұсылман мен кәпір, үлкен мен кіші, ауру мен сау талғамайды, бәлкім бәріне тегіс беріледі. Аллаһ тағала: “Жер бетінде қандай жануар болса да Оның ризығын Аллаһ қана үлестіреді”,-деген. (Һуд, 6).

Оқуды жалғастырыңыз ‘31. Әр-Раззақ’

31. Әр-Раззақ

32. Әл-Халийм


32. Өте Ұстамды


Бүгін, Аллаһтың қалауымен Әл-Халим есімін түсіндіреміз.
Ғұламалардың “Әл-Халим” есімі төңірегінде айтқан ойлары екі мағына аясында жүреді. Біріншісі: “Ол шыдамдылық иесі. Құлдарының жасаған күнәлары, кәпірлердің күпірлігі мен мүшриктердің серік қосулары үшін жазалауға асықпайды, бәлкім, оларға мұрсат беріп, тәубе етулерін күтеді. Ол өте Ұстамды әрі Оны наданның надандығы, күнәкәрдың күнәсі дереу шешім қабылдауға итермелей алмайды”,-деген көзқарас. Бұған салсақ, “әл-Халим” есімінің мағынасы “өте Ұстамды” дегенді білдіреді.

Оқуды жалғастырыңыз ‘32. Әл-Халийм’

33. Әл-Фәттах

33. Әл-Фәттах


33. Әділдікпен үкім жасаушы


Араб тіліндегі “фәтх” сөзінің негізгі мағынасы “ашу” сөзіне жақын. Бір елді мекенді жеңіп алуда да осы сөз қолданылып, “жеңіс” мағынасымен де келетін тұстары бар.
Кейбір ғұламалар: “Дауласып кеп, үкім сұраушы екі топтың арасында үкім айтуда да осы сөз қолданылады”,-дейді. Демек, бұл сөз жалпы “ашу, жеңіс және сот немесе үкім” мағыналарын береді. Бұл тілдік мағынасы. Енді Аллаһқа қатысты “әл-Фәттах” деп айтуымыздың мағынасы қандай? Бұл есім недей мағына береді?

Оқуды жалғастырыңыз ‘33. Әл-Фәттах’

34. Әл-Ғазыйм

34. Әл-Ғазыйм


34. Ұлы, Үлкен


Аллаһтың қалауымен, бүгін “Әл-Ғазыйм” есімі айналасында сөз өрбітеміз. Бұл есім Құранда 9 жерде айтылған. (Солардың бірі Аятул Курсиде келген).
Ғазыйм сөзінің араб тіліндегі мағынасы-“ұлы, үлкен” дегенге жақын келеді. Ұлы Раббымыздың “әл-Ғазыйм” есімі “Өзінің билігінде аса Зор, ақылмен қамтып алу мүмкін болмаған өте Ұлы” деген мағына береді. Бұл еңбегімізде “әл-Ғазыйм” есімінің қазақша баламасын “аса Ұлы” деп беруді ұйғардық. Аллаһтың “Әл-Ғазыйм” есіміне иман келтірген жан мыналарды ескеруі керек:

Оқуды жалғастырыңыз ‘34. Әл-Ғазыйм’

34. Әл-Ғазыйм

35.Әш-Шәкуур, 36.Әш-Шәәкир


35. Шүкірлікті қадірлеуші, 36. Ризалық білдіруші


Ендігі кезекте, Аллаһтың қалауымен, Аллаһтың “Әш-Шәкур” және “Әш-Шәәкир” есімдерін талдап өтеміз. “Әш-Шәкуур” есімі мұсылман жұртшылығы арасында кең тараған есімдер арасында айтылады. Осыған қоса ғұламалардың көп бөлігі “әш-Шәәкир” есімін көркем есімдер қатарына қосқан. Осыған орай біз де екі есімнің түбірі бір болуына байланысты екі есімді қатар талдап өтуді оңды көріп отырмыз.
Екі есімнің араб тіліндегі мағынасы келсек, “Шукр”-сөзі “шүкірлік ету, рахмет айту” немесе “мадақтау” дегенге жақын келеді. Бірақ, мадақ айту мен шүкірлік айтудың арасында кішкентай ғана айырмашылық бар.

Оқуды жалғастырыңыз ‘35. Әш-Шәкуур, 36. Әш-Шәәкир

37.Әл-'Али 38.Әл-’Алә

39. Әл-Мута'әл


37. Жоғары, 38. Өте жоғары және 39. Биіктеген


Ассәләму ғаләйкум уа рахматуллаһ, құрметті, бауырлар! Бүгін Аллаһтың көркем есімдерінің үшеуін түсіндіріп өтуге тырысамыз, иншалла.
“Әл-‘Али”, “Әл-А’лә” және “Әл-Мута’әл”. (Ескерту: Сөздегі «’» белгісі қазақ тіліндегі «ғ» әрпіне жақын әріп, «ع» ‘айн әрпі). Бұл үш есім де араб тіліндегі ‘аләә – я’луу (көтерілу, жоғарылау, биіктеу) деген етістіктен туындайды. Енді осы етістіктен туындаған көркем есімдерге келер болсақ:
Біріншісі: «Әл-‘Али». Бұл есім «Жоғары» деген мағынаға жақын келеді. Құранда 8 жерде келген. Соның бірі Аятул курсиде.
Екіншісі: «Әл-Ә’лә», яғни «Өте жоғары, өте биік» дегенге жақын. Құранда екі жерде келген. Соның бірі Әғлә сүресінде.
Үшіншісі: «Әл- Мута’әл». Бұл «Биіктеген, көтерілген» деген мағынаға жақын. Құранда бір рет келген. Аллаһ тағала деп айтқан кездегі «тағала» сөзінің мағынасы да осы, яғни «Жоғары Аллаһ» деген мағына.

Оқуды жалғастырыңыз 37. Әл-’Али, 38. Әл-’Алә және 39. Әл-Мута’әл

40. Әл-Хафийз


40. Сақтаушы


Бүгінгі дәрісімізде Ұлы Раббымыздың Әл-Хафииз есімі төңірегінде сөз өрбітеміз.
Бұл есім араб тіліндегі «хифз» сөзінен туындайды. Тілдік мағынасы: «сақтау, жаттау».
Ал енді осы есімнің Аллаһ тәбәрәкә уа тәғәләға қатысты айтылғандағы мағынасына келер болсақ, Әл-Хафииз есімі «Сақтаушы» деген мағына береді. Бұл есім Құранда үш жерде келген.
Аллаһтың сақтауы қалай болатынын түсіндіре келе ғұламалар былай дейді: …

Оқуды жалғастырыңыз 40. Әл-Хафийз

41. Әл-Кәрийм 42.Әл-Әкрам


41. Жомарт 42. Жомарттық етушілердің ең абзалы


Кәрийм» және «әкрам» сөздері араб тіліндегі «әл-Кәрам» сөзінен туындайды. Бұл өз бойында жалпы алғанда «жомарттылық» немесе «қадірлілік, елеулілік, құрмет» деген мағыналарды қамтиды.

«Әл-Кәрийм» есімі Аллаһтың көркем есімі ретінде 3 жерде келген. Олар: Мүминун сүресінің 116 шя аяты, Нәміл сұресінің 40 шы аяты және Инфитар сүресінің 6 аяты.

Ал «әл-Әкрам» есімі Ғаләқ сүресінің 3 ші аятында бір рет келген.

Аса Ұлы Аллаһқа қатысты айтылғанда «әл-Кәрийм» көркем есімін кейбір ғалымдар: ««Әл-Кәрийм» есімі төңірегінде 16 дан астам пікір айтылған. Сол пікірлерді ықшамдап айтар болсақ:

Оқуды жалғастырыңыз 41. Әл-Кәрийм және 42. Әл-Әкрам

43. Әр-Рақийб


43. Күзетіп, бақылап тұрушы, қадағалап тұрушы, байқап тұрушы


«Көркем есімдердің енді бірі «әр-Рақийб». Аллаһқа қатысты айтылғанда: «Күзетіп, бақылап тұрушы, қадағалап тұрушы, байқап тұрушы» деген мағына береді.
Бұл есім Құранда үш жерде келген. Бірі Мәйдә сүресінің 117 аятында, бірі Ниса сүресінің 1 аятында және бірі Ахзәб сүресінің 52 аятында келген.
Раббымыздың бұл есімін білгеннен кейін мына жәйттарға мән берген жөн:

Оқуды жалғастырыңыз 43. Әр-Рақийб

Иншаллаһ жалғасы болады …

Advertisements

Пікірлер қалдыруы жабылған.

%d bloggers like this: