Пайғамбар сирасы

Әлхамдулилләһи роббил аламин. Уассалату уә сәләму ала набиинал-карим.

Пайғамбар өмірбаянынан хабардар болу әрбір мұсылманның өзіндік бір борышы деп білемін. Құранды, сүннетті, Ислам тарихын білемін деген жан бұл мағлұматтан тыс қалмауы керек сияқты меніңше. Өзінің қысқа өмірінде көп хикмет пен даналық көрсетіп, адамдарды адасудың қара түнегінен тура жолдың нұрына шығара білген ұлы пайғамбарымыздың (с.а.с) өмір жолы үлкен ғибратқа толы. Білгенге маржан деп осы жерде айтса оғаш кетпес.

Міне, мұндай ұлы мағлұматтан халқымызды хабардар етуді алға тартып, осы рубриканы аштым. Елімізде орыс және қазақ тілінде жазылған көптеген “Сира” яғни пайғамбар өмірбаяны кітаптары бар екені мәлім. Ең әуелде орыс тілінде Вера Панова мен Юрий Бахтиннің “Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны” деген еңбектері қазақ тіліне аударылып, елімізге сираның ең алғаш қадамдарының бірін жасаса, кейін келе түрік тілінен аударылған кітап та жарық көрді. Араға біраз жыл салып Ибн Хишамның “Сиратун-набауй” деген кітабы қазақ тіліне аударылды. Бірақ ол кітап аудармашылардың тікелей аударулары себепті халықты өзіне тарта алмады. Ізінше “Адамзаттың асыл тәжі” деген екі томдық кітап жарық көріп, халқымыз пайғамбар өмірінің парақтарын кітаппен бірге ашып, көркем жазылуы себепті қызығып оқыды. Осыған қоса Ресейден “Жизнь пророка” деген Владимир Абдулла Ниршаның аудармасы жарық көріп, орыс тілді жұрт өкілдері бір тамсанып қалды. Себебі бұл Мубаракфуридің жинақтап жазған, тек сенімді дәйектерге негізделген кітап болатын. Тіпті әлемдік жарыста сол кітап бірінші орын алған деген де сыбыс бар, анық қанығын білмедім.
Міне, аз да болса әдебиеттер қолға түсіп, халқымыз діни сауатын ашып келеді.
Біз бұл блогымызда көп жазып, оқырманды шаршатудан аулақпыз. Сол орайда мен пайғамбар өмірбаянын сұрақ-жауап күйінде өткізуді жөн санадым. Жақсы сұрақ-ілімнің жартысы дегендей, осы сұрақтар мен жауаптар арқылы адамның көптеген мағлұматтарды толық білу үшін кітаптарды ақтара бастайтынына сенемін. Бір сыдыра оқып шығып, бір жерін іліп, бірін қалдырып кеткеннен гөрі сұрай отырып өзіңді тексер, жауабын біле отырып мағлұмат жина деген ұстаным біздікі.
Сондай-ақ, бытыраңқылықтан аулақ болу үшін, бірнеше бөлімдерге бөліп, әр бөлімде тиісті сұрақтар тобын жинауды ұйғардым. Демек, бірінші бөлім: Арабтар, сосын “пайғамбар шежіресі, балалық шағы”, сосын “пайғамбарлық қонуы мен елшілік”, сосын “Мәдиналық кезең”, сосын “өмірінің соңғы кезеңдері” деп, бес бөлімге бөлдім. Аллаһ жеңілдік берсін! Онай болса Аллаһтан жәрдем сұрап, дәрістер легін бастайық:

01.C: «Араб» сөзінің мағынасы?


Ж: Араб сөзінің мағынасы “Сахара, шөл, құм. Суы мен шөбі жоқ құрғақ дала” дегенді білдіреді. Ертеректе бұл атау Арабия түбегі мен сол жерді мекен еткен адамдардың бәріне қолданылатын.

02.C: Араб жазирасы жайында не білесің?


Ж: Пайғамбарымыз (с.а.с) Арабия түбегінде орналасқан Мекке қаласында дүниеге келді. Арабия түбегін ертеректе “Араб жазирасы” немесе “араб аралы” деп атайтын. Арал дейтін себебі: оңтүстігінен Үнді мұхиты, солтүстігінен …

жалғасы

03.C: Арабтардың шежіресі?


Ж: Жалпы араб жұртшылығы үшке бөлінеді: а) Жоғалған арабтар. Бұл түбімен жоғалып кеткен өте көне арабтар. Бұлардың атақты рулары мен тайпалары: Ад, Сәмуд, Тасым, Жудәйс, …

жалғасы

04.C: Исмайл (а.с) араб жазирасына келу тарихы жайында не білесің?


Ж: Негізінен Ибраһим Ирактағы Ефрат өзенінің жағалауындағы “Ор” қаласында тұратын-ды. Кейін келе ол Харранға көшіп, одан әрі Палестинаға қоныс аударды да …

жалғасы

05.C: Ибраһимнің (а.с) Меккеге сапарлары?


Ж: Ибраһим (а.с) баласы мен Һәжарды Мекке төңірегіне әкеп тастағаннан кейін оларды анда санда зиярат етіп тұратын ды. Бірақ, бізге белгілі деректер бойынша, …

жалғасы

06.C: Исламға дейінгі кезең қалай аталады?


Ж: Бұл кезең Ислам шариғатында “надандық дәуірі” (ғасрул-жәһили) деп аталады.

07.C: Надандық дәуіріндегі арабтардың қоғамдық жағдайы жайында не білесің?


Ж: Ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас әртүрлі болды. Кейбір ерлер әйел затын сыйлап, олармен жылы қатынасса, енді кейбірі тек тән рахаты үшін қолданатын. Бұған араб …

жалғасы

08.C: Араб рулары арасында тектілігі жағынан көркем ру қай тайпадан тарайды?


Ж: Араб тайпалары арасында айрықша беделге Құрайыш тайпасы ие болатын. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, олар Мекке тұрғындары …

жалғасы

09.C: Арабтардың Исламға дейінгі кезеңдегі сауаты жайында бірер мағлұмат бере аласың ба?


Ж: Исламға дейінгі кезеңдегі арабтардың көп бөлігі жазу, сызу, оқу білмейтін, яғни қараңғы халық болатын. Бірақ, олар жаттау және өлең шығару саласында, …

жалғасы

10.C: Арабтардың Исламға дейінгі діни нанымдарын білесің бе?


Ж: Араб жарты аралында кең етек жайып, қанатын кең жая тараған дін – пұтқақұлдық болатын. Құранда ертедегі арабтардың ақымақтығын әшкерелеген бірнеше аяттар бар. …

жалғасы

11.C: Арабтардың «құдайларын» атап өте аласың ба?


Ж: Ертедегі арабтар бірнеше пұтты құдай деп білген, әрі әрбіріне тиісінше ат беріп, кәсіп арнаған. “Лат” құдайы Тайфтық Сәқиф тайпасының арнайы құдайы, …

жалғасы

12.C: Олар құдайларына не мақсатпен құлшылық жасады?


Ж: Олар өз пұттарына “Біздің ісімізді, дұғаларымызды Аллаға жеткізсін”,-деп құлшылық жасайтын. Құранда ертедегі араб мүшриктерінің сөзі: …

жалғасы

13.C: Араб жұртының бәрі де Аллаһқа серік қосушы мүшрик болған ба?


Ж: Жоқ, араб жұртының арасында аз-да болса ертедегі Ибраһим дінін ұстанып, тек қана Аллаһқа құлшылық жасаушы топ болатын. Ол топ “ханифтер” деп аталады, …

жалғасы

14.C: Қағба деген не?


Ж: Қағба дегеніміз – Ибраһим (а.с) баласы Исмағил (а.с) екеуі көтерген Бәйтуллаһ, қасиетті үй, мұсылмандардың құбыласы, таухидтің белгісі. Бұл құлшылық жасау үшін құрылған ең бірінші үй, …

жалғасы

15.C: Қағбаны бұзбақ болған адам жайында айтып берші. Ол бұл әрекетке не үшін бармақ болды?


Ж: Қағбаны бұзбақ болған адам есімі – Абраһа. Иемен өлкесін християн Хабаштықтар (ертедегі Эфиопия тұрғындары) билеген кезде олар Сана қаласында бір шіркеу салып, пұтқа табынушы …

жалғасы

16.C: Исламға ейінгі арабтар Аллаһты білгеніне дәлел боларлық бір оқиға келтіре аласың ба?


Ж: Абраһа өзінің пілді және атты әскерін ертіп, Меккеге бағытталғанында, жолда Абдулмүттәлібтің (пайғамбар атасы) 200 түйесін кезіктіріп, әлгі түйелерді ұстап қалады. …

жалғасы

17.C: Жорықты суреттеп бере аласың ба?


Ж: Әлгі оқиғадан кейін Абдулмүттәліб Меккеге кері қайтып, Құрайштықтарға хабарын беріп, бәрі жаппай Меккеден шығып, айналасындағы тауларға шығып, бас сауғалайды. …

жалғасы

18.C: Әлгі құстардың есімі «әбәбил» ме?


Ж: Жоқ, құстардың есімі “әбәбил” емес, бұл бәлкім “өте көп құстардың тобын” білдіретін сөз.

19.C: Бұл оқиғаны қуаттайтын дәлел бар ма?


Ж: Кез-келген тарих кітабынан артық етіп суреттеуші Құранда Піл сүресінде осы оқиға айтылған. Сүреде: …

жалғасы

20.C: Бұл қай жылы болды әрі қалай аталады?


Ж: Бұл тарихи деректерге қарағанда 570-ші жылы болған. Араб тарихында “Піл жылы” деген атпен белгілі.

21.C: Қағбаны құртып жіберіп, өзге жерді қажылық орны ету мүмкін бе?


Ж: Жоқ. Қағбаны құртамын деген жан Аллаһқа қарсы соғыс жариялағанмен тең әрі ол ісі жүзеге аспайды. Бәлкім жеңіліс тауып, өзі құрдымға кетеді. Аллаһ елшісінің (c.a.c) бір хадисінде: …

жалғасы

22.C: Қасиетті Қағбадан өзге қажылық жасалатын жер бар ма?


Ж: Қасиетті Қағбадан өзге қажылық жасайтын жер жоқ, болмаған әрі болмайды да. Түркістан, Отырар, Самарқанд, Құддыс, Мәдина және басқа да айтылып жүрген жерлердің ешқайсысы да қажылық жасау орталығы болып табылмайды. Ал кім бұлай деп білсе, Аллаһ атынан жалған сөйлеуші болып табылады.

23.C: Ертедегі арабтар Қағбаны не себепті сыйлаған?


Ж: Себебі Қағбаны Ибраһим (а.с) салып, сол жерге қажылық жасау әдетін негіздеген болатын. Ғасырлар өте келе бұл әдеттің жалпы сұлбасы атадан балаға көшіп, …

жалғасы

24-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) әкесі жағынан шежіресін атап бере аласың ба?


24-Ж: Ол кісінің әкесі жағынан шежіресі үшке бөлінеді: а) Барлық ғұламалар мен тарихшылар арасында келісілген, күмәнсіз шежіре. Бұл мына реттікте: Аднан, одан Мағад, одан Низар, одан Мудар, одан Ілияс, одан Мудрика (шын есімі Амир), одан Хузайма, одан Кинәнә, одан Надыр (шын есімі Қайс), одан Мәлик, одан Фиһр (яғни ҚҰРАЙЫШ), одан Ғолиб, одан Луәй, одан Кәғб, одан Муррәһ, одан Киләб, одан Құсай (Зәйд деп те атайды), одан Абдумәнәф (шын есімі Муғира), одан Һәшим (шын есімі Амр), одан Абдулмутталиб (шын есімі Шәйбә), одан Абдулла, одан Мұхаммед (с.а.с). Пайғамбарымыздың осы 20 атасы төңірегінде ешбір талас-тартыс жоқ …

жалғасы

25-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) анасы жағынан шежіресін атап бере аласың ба?


25-Ж: Пайғамбарымыздың анасы мен әкесі бесінші атасы, яғни Киләбта бірігеді. Демек, анасының шежіресі де Аднаннан бастап, Киләбқа дейін сол ретткпен келеді де, Киләбтың Зуһра деген екінші баласынан Абдуманаф, одан Уәһб, одан Әмина туған.

26-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) есімін қысқаша қалай айтамыз?


26-Ж: Мухаммад ибн Абдуллаһ ибн Абдулмутталиб дейміз. Немесе Мухаммад ибн Абдуллаһ десе де болады.

27-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) арғы аталарының араб қаумы ішіндегі беделі қандай болған?


27-Ж: Пайғамбарымыздың (с.а.с) арғы аталары елге силы, жұртты аузына қаратқан, қажылық рәсімдерінің біраз бөлігінің иелері болған. Сондай-ақ, олардың бәрі де надандық дәуіріндегі заңсыз некелік қатынастан аулақ болып, ұрпағын таза сақтауға тырысқан. Аллаһ тағала бұл әулетті «зина» мен «ойнастық» сынды жамандықтан аулақ сақтап, таза ұрпақ, адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммедті таңдады.

28-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) әкесімен болған оқиғадан хабарың бар ма?


28-Ж: Пайғамбарымыздың (с.а.с) атасы Абдулмутталибтың он ұлы болған. Ертеректе ол: «Егер де он ұлды болсам, біреуін Аллаһ жолында құрбан етемін»,-деп сөз берген болатын. Алайда оныншы ұлы туылып, сәл ержеткенше ол өзінің уәдесін ұмытып қалады. Араб халқы – сөзге берік халық болатын. Осыны ескерген жұрт Абдулмуттәлибтің сертін есіне түсіріп…

жалғасы

29-С: Пайғамбарымыз (с.а.с): «Мен екі құрбандықтың баласымын» деген сөзін қалай түсінеміз?


29-Ж: Ол кісі «Екі құрбандық» деп отырғаны арғы атасы Исмағил мен өз әкесі Абдулла. Исмағилды Ибраһим пайғамбар Аллаһтың бұйрығы бойынша құрбан етпек болған кезде Аллаһ тарапынан қошқар түсіп, Исмағил аман қалған-ды. Абдулла да құрбан болудан аман қалған болатын. Осы үшін пайғамбарымыз: «Мен екі құрбанның баласымын» дейтін, яғни құрбан бола жаздаған екі әкейдің ұрпағымын деген сөз.

30-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) ата-анасының некесі жайында не білесің?


30-Ж: Абдулмутталиб баласы Абдулла үйленер шаққа жеткенінде баласына тең іздеп, Уәһб ибн Абдуманафтың үйіне барады. Абдулла өте сұлу, көркем, қуатты жігіттердің бірі болса, Әмина да Құрайш арасындағы өте көркем, сұлу бойжеткен болатын. Абдулмутталиб пен Уәһб өзара келісіп, ақыры Абдулла мен Әмина тұрмыстық шаңырақ көтереді.

31-С: Абдулла баласы Мұхаммедті көрді ме?


31-Ж: Бұл мәселеде ғұламалар әртүрлі көзқарас айтқан, алайда дұрыстыққа жақыны, Абдулла өз баласы Мұхаммедті көрмеген. Әмина құрсақ көтерген кезде Абдулла Шамға сауда сапарымен шығып, жолшыбай Мәдинада ауырып, қайтыс болып кеткен-ді, ал ол кезде Әмина жүктіліктің төртінші айында болатын.

32-С: Пайғамбарымыздың «Мұхаммед» деп аталуының сыры неде?


32-Ж: Абдулмутталиб немересінің дүниеге келгенін естіп, қатты қуанады. Абдулланың орнын басып қалар немересін алып, Қағбаның қасында біраз діни шаралар жасағаны да айтылады. Артынан: «Құдай алдында да, адамдар алдында да мақталып, әркез мадаққа ие болсын деп “Мұхаммед” деп ат қойдым»,-деген.
Бұл араб салтында өте кең етек алған үрдіс. Балаға ат қоюда мағынасына терең мән беріп, заты атына сай болсын деген сенімнен туындаса керек.

33-С: «Мұхаммед» деген ат арабтарда бұрын болған ба?


33-Ж: Бұл есім арабтар арасында болған, алайда өте сирек, тіпті жоқтың қасы десе де болады.

34-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) туған күні қай күн?


34-Ж: Ғұламалар арасында пайғамбарымыздың (с.а.с) туған күні жайында нақты, тұшымды, кесімді айтылған дата айтылмайды. Бірақ Мубаракфури өзінің “Рахиқул Махтум” атты еңбегінде дұрыстыққа жақын көзқараста ол кісі 9-шы Рабиғул Әууәлда дүниеге келген”,-дейді. Миләди бойынша 571-ші жылдың 20-шы сәуірі. Алайда мұның бәрі де жақын есептің нәтижесінде шыққан көзқарастар. Анық ілімі Аллаһта!


Иншаллаһ жалғасы болады …

Пікірлер қалдыруы жабылған.

%d bloggers like this: