Хадис ілімдеріне кіріспе

Барлық мақтау мен мадақтар әлемдердің Раббысы бір Аллаһқа лайық! Оның құлы әрі елшісі, пайғамбарлар мөрі, елшілер соңы болған мақтаулы Мұхаммед пайғамбарға, оның сөздерін, амалдарын бізге өзгертпей жеткізген сахабалар мен табиғиндерге және оларға жақсы түрде ілесуші барша мұсылманға Аллаһтың салауаттары мен сәлемі болсын!

Кейін: Білім алу-әрбір мұсылман адамның парызы. Білімнің қайнар бұлағы-Құран мен сүннеттен бастау алады. Құранның не екенін, қандай кітап екенін жалпы халық топшалап түсінер, ал енді сүннеттің не екендігі көп адамға беймәлім. Осы сүннет сөзі мен хадис мәселесін шама шарқымызша осы бөлімде түсіндіріп өтуді жөн көрдік. Хадис жазу қалай шықты, қалай реттеліп жазыла бастады, даму тарихы қандай деген сұрақтар төңірегінде сөз өрбітіп, түсіндіруге тырысамыз.

Аллаһ елшісі (с.а.с) өзінің серік достары сахабаларына айтқан сөздерін жаттауды бұйырып, оның атынан жалған сөйлеуге қатаң тыйым салған. Көзі тірісінде Құран аяттарымен араласып, шатасып кетпеуін көздеген Аллаһ елшісі (с.а.с) хадистерді парақ беттеріне түсіруге тыйым салған. Алайда ол кісінің дүние салуынан кейін аяттар түсуі тоқтап, Құран аяттары белгілі болды да, сахабалар хадистерді парақ бетіне түсіруге рұқсат жасады. Міне, парақ бетіне түсе бастағаннан кейін бұл ілім өз алдына жеке пән болып қалыптасты. Кейінгі мақалаларда мұның бүге-шігесін түсіндіріп, ашып жазамыз.

Бұл жолы тек осы «Хадис ілімдері» атты рубрикадағы негізгі тақырып қай салада болатынына жалпы шолу жасап өттік. Осы саладағы бастауыш кітаптарды қазақ тіліне аударып, шама келгенше толық түсіндіруге тырысамыз. Бар болғаны алған мағлұматтарды есте сақтап, ілімнің жоғалмауын қадағаласаңыздар болғаны. Сүннетті жандандыру-үлкен іс. Бұған жете мән беріп, «Хадис ілімдеріне» басқан алғаш қадамдарыңызға Аллаһтың нұры жаусын!

Advertisements

2 Responses to Хадис ілімдеріне кіріспе

  1. Izdenushi айтады:

    Бәрекелді, хадис ілімі жайлы материалдар іздеп жүр едім. Өте өзекті мәселені қолға алыпсыздар, Аллаһ жәрдем берсін!

  2. […] орай, өзім білетін блогтарға шолу жасағым келіп отыр. Хадис ілімдеріне кіріспе деген жазбамен толықтырылған блогтың иесі жайлы еш […]

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: