Білім алу жайында бірер сөз

Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа лайық. Пайғамбарымыз Мұхаммедке Аллаһтың салауаттары мен сәлемі болғай!
Білім алу-әрбір мұсылман адамға парыз екені рас. “Бір Аллаға сиынып, кел, балалар, оқылық!”,-деген ұранды жадымызда сақтап, тілімізбен қайталап жүретініміз де рас қой. Сондай-ақ, жас бала еңбектемей тәй-тәй баспасы бәрімізге де белгілі. Жас балаға ілім үйретуде таяқша салудан бастайды. Иә, мұның бәрі де бұл дүниенің заңдылығы. Кез-келген нәрсе бірте-бірте дамып, алға басады. Кеше туған бала бүгін жүгіріп кетпесі хақ. Олай ешкім де жасай алмайды. Міне, осындай дәлел келтіре отырып айтпағым, Ислам ілімдері де осы ережеге бағынады. Хадис іліміне тереңдеймін деген адам алдымен кішігірім кітапшалардан негіз қалағаны дұрыс. Тәпсір оқимын деген адам да солай. Бір кітап оқып ғалым болдым деу-үлкеннің аяқ киімін киіп алып, мен жүремін деген шақалақтайын! Осыны әркез есте ұстаңыздар. Бұған атақты хадис ғұламасы Ибн Шиһаб Әз-Зуһрийдің: “Кімде-кім ілімді бірден алса, дәл солай бірден жоғалтады. Ілім күндердің өтуімен, бірте-бірте келеді”,-деген сөзі дәлел. Имам Науауйдің “Қырық хадис” деген таңдамалы, өте керекті, Исламның негізгі мазмұнын қамтитын хадистер жинағын түсіндіріп, талдап өтуді мақсат етуіміздің де себебі осы. Көлемі шағын болса да, бұл өз алдына хадис ілімінің кілті, Ислам дінінің негізі боларлық ұлы кітапша.

Екіншіден, шариғат ілімдері оңай, бір оқып жаттап алынатын ілім емес. Бір-екі кітапты ежелеп оқып, ілімді болдым деуге келмейді. Бәлкім, шариғат ілімі өте ауыр, әрі сабырлылық, табандылық пен тер төгуді талап етеді. Сөзімізге дәлел келтірер болсақ, Аллаһ өз елшісіне: “Шынында біз саған ауыр болған сөздері уахи етіп түсіреміз”,-деген Мүзәммил сүресінің 5-ші аятында. Аллаһ бұл шариғат ілімдерін ауыр деп отырғанда, жеңілтектікпен келу әсте жараспас. Ондай болса зейін қойып, айтылған пайдаларды жаттап, алынған ілімге амал жасайық.
Үшіншіден: хадисті талдау барысында хадистерді түсіндіріп, артынша алынар пайдалар мен жалпы ережелерді айтып кетіп отырамыз. Себебі ілім алуда қорытынды жасау-тыңдаушыға көп жеңілдік көрсетеді.
Төртіншіден: Әрбір ілімнің негізі болатыны сияқты, жоғарыда айтып өткендей-бұл қырық хадис те жалпы хадис ілімінің негізі, Ислам дінінің де фундаменті болып табылады. Ғұламалардың кейбірі тіпті: “Имам Науауй бұл қырық хадисті өте терең дәлдікпен жинастырып, топтастырған. Ішіндегі әрбір хадис Исламның әр саласында өзіндік бір негіз болып табылады. Ондай болса бұл қырық хадисті жаттап, жақсылап түсінген адам-жалпы түрде Исламды да түсінген боп есептеледі. Ал бұл қырық хадисті білмейтін адам Ислам жайында ауыз ашпасын”,-деген. Бірақ, қазіргі таңда бұл қырық хадис тұрмақ, жиырма хадис білмейтін жандар өзінше бір ғалым боп, Исламды қуыршақтай ұстап, аузына келгенін сөйлеп, Исламға жапсарып жататыны бар. Мұндай дерттен алыс болайық, ағайын!


Хадис шәриф (мазмұны) | 1 – сабақ: Кітаппен танысу >>>

Advertisements

One Response to Білім алу жайында бірер сөз

  1. zhandos айтады:

    muxiddin maghinasi ne?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: