Тәпсірге кіріспе

Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ! Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс әрекеттерімізден құтқаруды сұрай отырып, Ұлы Раббымыздан пана сұраймыз. Абдулла ұлы Мұхаммедтің Аллаһ елшісі әрі Құлы екеніне толық куәлік береміз!

Иә, сөз өзегі баға жетпес құндылықтар мен тура жол, асқан шешендік пен бұлтартпас дәйекке толы Ұлы Раббымыздың бізге Өзінің пайғамбары Мұхаммед арқылы жіберген соңғы кітабы-Құран жайында болмақ. Құран-жиырма үш жылда бірте-бірте түскен ұлы кітап. Оның есімдері, сүрелері, түсу тарихы, жиналу тарихы т.б мәліметтерді Құран ілімдері атты рубрикадан таба аласыздар. Ал бұл жолы мен осы тәпсір саласында бірауыз сөз айтпақ ойым бар.

Құран-Ұлы Раббымыздан араб тілінде түсірілген Ұлы кітап болуы себепті көптеген халық, әсіресе араб тілінен алшақ болған мына біздер жақсы түсіне бермейміз. Біреуге Құран оқы десең, жүз оқып түк түсінбегенін айтып жататынын естуіміз осының айғағы. Елімізде Халифа Алтай, Ратбек қажы Нысанбай ұлы, Нұралы Өсерұлы, Алауддин Мәнсұр сынды аталарымыз бен ағаларымыздың аударған Құран нұсқалары баршылық, алайда өзге тілге мәтіннің тек өзін аударып қойып, түпкі мағынасына қол жеткізу мүмкін емес. Тіпті араб тілін жетік білетін жандардың өзі Құранның арапшасын оқығаннан пайда ала алмайды.

Сол орайда халқымызға осы Құранды түсіндіру жағынан кішкене болса да көмегімді берсем бе деймін. Бірақ, білім алу төменнен жоғары қарай, бірте бірте алынатынын тағы айта кетейін. Ондай болса бүгіннен бастап Құранның анасы боп саналатын Фатиха сүресі мен ең жиі оқылатын отызыншы бөлімін (парасын) біртіндеп түсіндіріп көруге бел будым. Түсіндіру барысындағы әдісім өзге салалардан алыс кетпейді: Шамам келгенше жеңіл, оңай, бастауыш деңгейде жазып, арасында алынар пайдалар, ғибраттар мен үкімдерге де тоқталып отырамыз.

Өзінің Ұлы Кітабы Құранды оқып үйренуге мұрсат берген Ұлы Раббымызға шексіз мадақтар болсын. Жалған дүниеде тура жолына бастаған Аллаһқа мақтау айтып, шүкіршілік етейік!

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: