Құран ілімдеріне кіріспе

Адамзатты жоқтан бар еткен, құлшылық атаулының бәріне тек Өзі ғана лайық болған Ұлы Раббымызға мақтау мен мадақтар, ал Елшісі әрі құлы Мұхаммедке салауаттар мен сәлемдер болғай!

Бұл рубрикада Құран ілімдері жайында сөз қозғаймыз. Құран-барша әлемге түсірілген Ұлы Мұғжиза. Мұғжиза дегені өзге ешкім де мұндай кітапты келтіре алмайтындығымен білінеді. Аллаһ тағала Өзінің Құлы Мұхаммедке (с.а.с) адамдарды надандықтың қараңғы түнектерінен тура жолдың жарығына шығару үшін түсірген.

Аллаһ елшісі (с.а.с) өзінің сахабаларына оқыған кезде, олар араб тілін жетік меңгеруі себепті бәрін де жақсы түсініп, ал түсінбей қалған жері болса мағынасын сұрап алып отыратын. Бірақ олар тек мағынасын біліп алу үшін емес, бәлки, сол білгенге амал жасау үшін осылай жасайтын. Он аятты жаттағанда ішіндегі әмірлерді толық орындап, тыйымдардан толық тыйылып, айтылғанға толық сеніп, үкімдерді орындауға кіріспейінше, екінші он аятты жаттауға кіріспейтін.

Аллаһ елшісі (с.а.с) әуелде хадистер мен басқа сөздер аяттармен арласып кетуінен қорқып, Құранды қағаз беттеріне түсіруден тыйған болатын. Өмірінің соңында кейбір сахабаларға Құранды жазуға рұқсат еткенімен, жалпы алғанда Омардың кезіне дейін Құран ауызша таралып отырған-ды

Османның халифалық кезеңі келген кезде Құранды қағаз беттеріне түсіріп, әртүрлі диалекттерді бір жүиеге келтіру керек болды. Ол жайында алда толық тоқталып өтеміз. Міне осы кезде Осман Құранды жинақтап, ол Құран нұсқасы «Мусхафул имам» деген атау алды. Мұндай Құран даналары көбейтіліп, бірнеше елді-мекендерге жіберілді. Құранның бұл түрі жазба жағынан «Расмул Усмани» деп аталды, яғни Османның жазбасы. Қазіргі кездегі біздің қолымыздағы Құрандар да осы жазба түрімен жазылған. Демек, Құранды жазу ілімі осы кезден бастау алған.

Кейін Алидің билігі келіп, оның бұйрығымен Әбул Әсуәд Әд-Дуәли араб грамматикасын бір жүйеге келтіруді қолға алып, Құранның мағынасы өзгеріп кетпеуі үшін белгілі ережелер жүйесі қойылады. Осы кезден бастап «Иғрабул Қуран» ілімі, яғни «Құранды талдау» ілімі туындаған.

Уақыт өте сахабалар Құранды өзара ауызша таратып, бір-біріне білген-түйгендерін жеткізіп отырды. Алайда олардың біліми дәрежелері, пайғамбар жанында жүру уақыты әртүрлі болуы себепті бірі көп біліп, бірі аз білетін еді. Соған қарамастан кейбір ілімді сахабалар өздерінің ілімдерін өздерінен кейінгі буын-табиғиндерге жеткізе бастады. Әлбетте, сахабалар Құранның түсу кезеңінің басынан бастап, соңына дейін бәрін де өз көздерімен көрген болатын. Ал енді мұның бәрін табиғиндерге жеткізген кезде әлгілерге осының бәрін түсіндіру керек етілді емес пе? Міне, осы кезеңде «Тәпсір» ілімі, «Ғарибул Қуран» /Құрандағы түсініксіз сөздер» ілімі, «Әсбәбун нузул/Аяттардың түсу себебі» ілімі, «Мәкки уә Мәдәни / Меккелік және Мәдиналық аяттар» ілімі, «Ән-Нәсих уал Мансух / Өз күшін жойған аяттар мен өзге аяттың күшін жойған аяттар» ілімі сынды білім салалары пайда болды.

Міне, Құран ілімдері дегендегі «Ілімдер» деп көпше түрдегі аты айтып тұрғанындай, бұл салада Құранға қатысы бар ілімдердің барлығы оқылады. Иншалла, Алдағы уақытта осының әрбірін біртіндеп, аздап өтіп шығуға тырысамыз. Аллаһ жеңілдік берсін!!!

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: