Бірінші сабақ: Кітаппен танысу

Бұл кітаптың негізін Ибн Салах деген атпен әйгілі мұхаддис ғалым салған. Ол кісі өз шәкірттеріне сабақ беру барысында терең мағыналы, ішінде негізгі ережелер қамтитын 26 хадис жинап қалдырған болатын. Кейін келе имам Науауй осы 26 хадиске тағы 16 хадис қосып, бас аяғы 42-ге жетіп, кітапша атауы: “Науауйдің қырық хадисі” деген атқа ие болады. Бұл кітап аз уақыт ішінде үлкен атаққа ие болып, ғұламалар хадис сабақтарын бастағанда осы кітапшамен бастауды әдетке айналдырды. Бұл кітапқа көптеген түсіндірмелер, шархтар жасалған. Солардың бірі өзіміздің елде де жақында “Кәусар” баспасынан жарық көрген болатын.

Алайда біз бұл түсіндірмеде шағын түрде, оқушы адамдар тез түсінерліктей, қарапайым тілмен жазып өтуге тырысамыз.
Кітап авторы: Мухиддин Әбу Зәкәрия Яхия ибн Шәрәф Ән-Нәуәуи Әл-Харрани Әш-Шәфиғи. Есіміне тоқталып өтер болсақ, «Мухиддин /Дінді қайта жандандырушы/» деген лақабты дінге сіңірген көп еңбегі үшін алған. Жасы қырықтан сәл асып барып қайтыс болса да хадис пен фиқһ саласында атқарған еңбегін қазір мұсылман үмметі оқып үлгере алмауда!
«Әбу Зәкәрия» деген куниясы “Зәкәрияның әкесі” дегенді білдіреді. Ертедегі ғұламалардың бәрі де осы сүннетті ұстанған. Әбу Бәкр, Әбу Һурайра, Әбу Хафс, Әбу Ханифа дегендей куниялардың көптігі осының айғағы.
«Яхия» деген өз есімі болса, «Шәрәф» деген әкесінің есімі. Ән-Науауй деген атауды Науа қаласында тұрғаны үшін алса, Әл-Харрани деген атауды Харран қаласында туғаны үшін алған. Әл өзі имам Шафиғи мазһабына көбірек көңіл бөліп, соның пікірлерін ұстануы себепті Әш-Шәфиғи деген атауды алған.
Жастайынан Құранды жатқа алып, шариғи ілімдерді де ерте оқи бастаған. Күніне он екі сабақ оқып, әр сабақта түсініксіз болған сөздерді, жаңа мағлұматтарды, ережелерді кітаптың бос жеріне көшіріп отырып, ұстаздың аузынан шыққан сөздердің ещқайсысын жіберіп алмауды қадағалап отыратын.
Көптеген ілім алуының арқасында Ислам әлемінде құндылығына баға жетпес бірнеше кітаптардың авторы атанды. Ол кітаптардың кейбірін атап өтер болсақ: “Шарх сахих Муслим” (Имам Муслимнің сахихтер жинағына түсініктеме), “Риядус солихин” (Ізгілер бағы атты тәрбиелік саладағы хадистер топтамасы), “Әл-Әзкар” (Дұғалар мен зікірлер топтамасы), “Әт-тибиян” (Құран оқушылар мен жаттаушыларға арналған әдептілік кітабы) және осы блогымыздың «Хадис ілімдері» рубрикасында атап өткен «Әт-Тақриб уәт Тәйсир лимағрифати сунәнил бәширин нәзир» және т.б. туындылар.
Һижра бойынша 676 жылы о дүниелік болып, Ислам үмметі үлкен ғалымдарының бірінен айрылып қалды. Аллаһ ол кісіге разы болсын!!!
Аллаһ барлығымыздың көкіректерімізді ашып, пайдалы ілім ұялатсын. Сондай-ақ, осындай маңызы зор шығармаларды аударуда еңбектеніп жүрген мұсылман бауырларымызға Аллаһ разы болсын! Осы еңбегімізде кеткен қателіктер үшін Аллаһтан кешірім тілеп, шағын болса да бұл ілімнің мұсылман жұртшылығына пайдасы тиюін сұраймыз.

<<< Білім алу жайында бірер сөз | Хадис шариф (Мазмұны) | 2 – сабақ: Хадис терминологиясы ілімінің шығуы мен даму кезеңдеріне тарихи шолу >>>

Advertisements

2 Responses to Бірінші сабақ: Кітаппен танысу

  1. Ринат айтады:

    Ассалаумағалейкум! Дауғат деген жақсы. Дауғатшы болу дұрыс емес деген қағиданы естиміз. Осы мәселе бойынша жазып жиберсеңіз екен? Жаңадан Намазға ниет етіп жүрген әйел адамға алдымен не үйрнету керек? мүмкіншілік болса менің жәшәгәме жазып жиберсеңіз. Аллах разы болсын Сізге.

  2. abuhajar айтады:

    Уағалейкумус салам. Дағуат (дінге шақыру) жақсы әрі дағуатшы болу да жақсы, бірақ, шариғатқа сай түрде. Ал шариғатта негізі жоқ, дәлелсіз түрде, білімсіз халде, сүннетке сай емес, Құранға негізделмеген күйде шығу – ең жаман дағуат. Бұл тіпті дағуат емес, тәнфир (адамдарды қашыру) болып табылады.
    Ал жаңадан намазға ниет етіп жүрген әйел адам болсын, ер адам болсын, ол Раббысын танысын, пайғамбарды танысын, намазын не үшін оқитынын ұғынсын. Бірақ осыларды істегенше намазды бастамай қоя тұрайын деген сөзден аулақ болсын. Бәлкім, намазды бастап, намаз оқу арқылы осы айтылғандарға көбірек көңіл бөлсін. Сосын, ниет етіп жүр» деген сөз негізі жалқаулықтың белгісі. Шын мәнінде ниет ету деген бес-алты айға созылатын әрекет емес, бәлкім, тез арада ниет етіп, бірден амалға кірісу керек. Ондай болса, әлгі әйелге айтар ақылым, намазды бастасын, Раббысын танып, сөзін оқысын, пайғамбарды танып, хадиске көңіл бөлсін, намазын не үшін оқитынын ұғынып, шариғат үйренсін. Раббысын таныған адам-құлшылығын ықыласты түрде жасайды. Пайғамбарды таныған адам құлшылығын дұрыс жасайды. Амалдың қабыл болуы осы екеуінде. Ал намазын не үшін оқитынын ұғынған адам намазын ешқашан да тастамайды. Ал үзілмей жалғасқан амал Аллаһқа ең ұнамдысы. Аллаһ тауфиқ берсін!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: