2-сабақ: Хадис терминологиясы ілімінің шығуы мен даму кезеңдеріне тарихи шолу

Мән беріп жете зерттеген адам хабарды жеткізу ілімінің негізі Қасиетті Құран мен пайғамбар (с.а.с) сүннетінен бастау алатындығына көзі жетеді. Құран Кәримде бұл жайында: «Әй, иман келтіргендер! Егер де сендерге пасық адам бір хабар айта келсе оны тексеріңдер»,-делінсе, пайғамбар (с.а.с) сүннетінде: «Бізден бірнәрсе естіп, оны естігеніндей етіп жеткізген жанның жүзін Аллаһ нұрландырсын. Хабар жеткен адам жай тыңдаушы біреуден ақылдырақ болуы мүмкін»,-делінген. Осы аят пен хадисте хабар алуда дәлдік пен туралықты, оны қалай жаттау, ол хабарға зейін қоюды әрі басқаға жеткізуде дұрыстыққа көңіл бөлуді сақтау керектігі айтылған.
Аллаһ пен Оның елшісінің (с.а.с) осы бұйрығына бойұсынған сахабалар хабарды жеткізу мен қабылдауда туралықты сақтауға тырысып, әсіресе жеткізуші адамнан күмәнданатын болса, әбден тексеріп алуды дұрыс көретін. Осы кезден бастап адамның халіне байланысты хабарды қабылдау мен қабылдамау негізі қаланған. Муслимнің кіріспесінде Ибн Сириннің: «Олар (яғни сахабалар) хабарды жеткізушілер тізбегін сұрамайтын. Ал бүлік орын алып еді, олар: «Бізге хабарды жеткізген адамдарыңды атап беріңдерші»,-дей бастады. Сөйтіп әһлус сунна болғанының сөзі алынып, әһлул бидға болғандарының сөздері қабылданбайтын»,-дейді.

Хабар тек сол хабарды жеткізушілер тізбегі білінгеннен кейін ғана қабылдануы себепті «жарх уат тағдил (адамның кемшілігі мен әділдігін зерттейтін ілім)» ілімі, риуаятшылар жайындағы сөздерді зерттеу, үзілген және жалғасымды тізбектер ілімі, жасырын әлсіздік, кейбір риуаятшылар жайында пікірлер пайда болды. Алайда әуелгі кезеңде кемшілігі көп риуаятшылардың аз болуы себепті бұл ілімдер кішігірім ілім саласы болатын.
Кейін келе ғұламалар бұл ілімге тереңдей түсіп, хадис пен хабарларды жаттау, есте сақтау, қалай жеткізу, күшін жойған хадистер мен басқасының күшін жойдырған хадистер, түсініксіз жерлерін ашу сияқты хадис іліміне байланысты ізденістер көбейе түсті. Алайда мұның бәрі де бір ғалымнан екіншісіне ауызша жеткізіліп отыратын.
Уақыт өте жағдай өзгеріп, ілімнің көбісі парақ бетіне түсіп, жинақтала бастады. Алайда жазбалар фиқһ ілімі, негіздер ілімі, хадис ілімі сияқты әртүрлі ғылым саласында жазылған еңбектермен арласып, әр жерде жатты. Бұған имам Шафиғидің «Әр-Рисәлә» және «Әл-Умму» деген кітаптары дәлел бола алады.
Заман ағысымен һижра бойынша төртінші ғасырда ғылым салалары дами түсіп, терминдер орнығып, әр пән өз алдына жеке болған кезде ғұламалар хадис терминологиясына бөлек пән арнап, бөлек кітап етіп жаза бастады. Төменде осы салада жазылған атақты еңбектерді реттік тізімі бойынша атап өтеміз:

1-«Әл-Мухаддисул фаасыл бәйнәр раауй уәл уәәғий».

Осы салада ең алғаш жинақ жасаған адам Әл-Қаадый Әбу Мухаммад әл-Хасан ибн Абдурахман ибн Хәлләд әр-Рәмәһурмузий (һижра бойынша 360 ж қайтыс болған) болатын. Алайда кез-келген ілім саласында ең алғаш жазушының әдеті бойынша ол хадис терминологиясы саласында барлық тақырыптарды қамти алмады.

2-«Мағрифату ғулумил хадис».

Авторы: Әбу Абдулла Мухаммад ибн Абдулла Әл-Хааким ән-Нәйсәбуурий (405Һ). Алайда ол өзінің бұл еңбегінде тақырыптарды толық ашпады әрі тиісті түрдегі дәлдікпен реттей алмаған.

3-«Әл-Мустахраж аля мағрифатил ғулумил хадис».

Авторы: Әбу Нуғайм Ахмад ибн Абдулла әл-Асбаһани (430 һ). Жоғарыда әл-Хакимнің өз кітабында қалдырып кеткен нәрселерді толықтырып шығуға тырысып бақты. Алайда бұл да өз алдына біраз нәрселерді ескермей кеткені сол, тіпті одан кейін келген адам мұның да кітабына толықтырулар еңгізуге шамасы жетер еді.

4-«Әл-Кифая фи ғилмир риуаяһ».

Авторы: Атақты Әбу Бәкр Ахмад ибн Али ибн Сәбит әл-Хатыбул Бағдади (463 һ). Бұл кітапта осы пәндегі өзекті мәселелер, риуаятшыларға қойылатын талаптар қамтылған. Бұл еңбек осы ілімнің көрнекті бұлақтарының бірі болып саналады.

5-«Әл-Жәмиғ ли-ахләәқир рауй уә әдәбис сәмиғ».

Бұл кітапты да Хатыбул Бағдади жинақтаған. Бұл еңбекте көбіне хадисті риуаят етуші жанның әдебі, қандай болу керектігі талқыланады. Осы мәселеде жазылған жалқыз әрі баға жетпес зор туынды.
Жалпы, хадис ілімінің қай саласы болса да Хатыбул Бағдади әрқайсысында жеке бір кітап жазып кеткен. Тіпті Хафиз Әбу Бәкр ибн Нуқта бір сөзінде: «Турашылдықты сақтайтын қайбір жан болмасын, Хатыбтан кейін келген хадисшілердің бәрі де оның кітаптарына мұқтаж болып тұратынын мойындайды»,-деген-ді.

6-«Әл-Илмәғ илә мағрифати усулир риуаяти уа тақийдис самағ».

Авторы: Әл-Қадый Ғияд ибн Муса әл-Яхсуби (544 һ). Алайда бұл кітап өз бойында хадис терминологиясының барлық тақырыбын қамтымаған, бәлкім тек хабарды есте сақтау мен біреуге жеткізуге байланысты шарттар ғана айтылған. Алайда осы мәселеде бұл алдына жан салмас, дәл реттікпен орналастырылған жақсы еңбек.

7-«Мә лә ясағул мухаддису жәһлуһу».

Авторы: Әбу Хафс Умар ибн Абдулмәжид (580 һ). Бұл кішкене еңбектің оқырманға берер пайдасы көп емес.

8-Ғулумул хадис.

Авторы: Әбу Амр Усман ибн Абдурахман әш-Шәһразури. Ибн Салах деген атпен әйгілі (643 һ). Оның бұл кітабы «Муқаддимату ибн Салах» деген атпен танымал әрі бұл хадис терминологиясы саласындағы өте құнды еңбек. Бұл еңбегін көптеген жылдар бойы біртіндеп жинақтауы себепті кітабы өзіндік дәл реттікпен реттелмесе де ішінен алынар пайдалар мен мағлұматтар жетерлік. Бұл жинағы өзінен кейін келген ғалымдардың сүйіп оқып, басқаға үйрететін кітабы болғанына бұған жасалған түсіндірмелер, қысқартпалар, жәрдемшілер дәлел бола алады.

9-«Әт-Тәқрибу уәт-тәйсир лимағрифати сунәнил бәширин нәзир».

Автор: Мухиддин Яхия ибн Шәрәф ән-Науауй. (676 һ). Бұл алдыңғы «Ғулумул хадис» кітабының ықшамдалған түрі. Бұл өте жақсы кітап, бірақ, кейбір тұстары сәл түсініксіздеу келеді.

10-«Тәдрибур-рауй фи шархи тақрибин Науауй».

Авторы: Жәләлуддин әс-Суютый (911 һ). Бұл жоғарыдағы имам Науауйдің кітабына жасалған түсініктеме. Кітап өте пайдалы әрі ішіндегі мағлұматтары көл көсір.

11 – «Назмуд-дурәр фи ғилмил әсәр».

Авторы: Зәйнуддин Абдурахим әл-Ирақи (806 һ). Бұл кітап «Әлфияту Ирақи» деген атпен әйгілі. Бұл кітапты көптеген ғұламалар түсіндіріп баққан әрі ішіндегі пайдалардың өте көп екенін айтады.

12 – «Нухбатул фикәр фи мусталахи әһлил әсәр».

Авторы: Ибн Хажар Асқалани (852 һ). Бұл көлемі жағынан өте қысқа бірақ маңызы жағынан өте үлкен кітап. Асқалани өзінен бұрын өткен ғұламалар ойлап таппаған тәсілге сүйеніп, кітапты реттеуде, тақырыптарды бөлуде үлкен шеберлік танытқан. Соңынан бұл кітапты өзі түсіндіріп: «Нузһәтун назар» деген кітап жазып кеткен.

13 – «Манзумату Байқуния».

Авторы: Омар ибн Мухаммад Байқуни (1080 һ). 34 шумақтан тұратын өлең түрінде жазылған қысқа әрі нұсқа еңбектердің бірі. Бастауыштар үшін таптырмас еңбек.

Хадис ілімдерін терең зерттеймін деген адам «Манзумату Байқуниядан бастап» оқығаны дұрыс.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: