02,03. Ар-Рахман, Ар-Рахим

2 Ар-Рахман,
3 Ар-Рахим.

02. Аса рақымды; 03. Ерекше мейірімді.
Бұл жолы Аллаһтың көркем есімдерінің ең көп кездесетіні әрі алғашқыларының бірі боп табылатын екі есімді талдап өтуге тырысамыз. Ол екі есім-Ар-Рахман және Ар-Рахим. Бұл есімдерге Құраннан да хадистен де көптеген дәлелдер келтіруге болады. Қазақ тіліндегі кейбір аудармаларда «Мейірімді және рақымды» деп беріледі. Алайда «Ерекше мейірімді, аса қамқор, аса рақымды» деп күшейтпелі түрде айтқан дұрысырақ болады. Себебі Аллаһтың бұл сипаттары кез-келген басқа мейірім мен рахымнан әлдеқайда басым келеді.
Екі есім де «ерекше мейірімді, аса рақымды, аса қамқор»-деген мағыналарға жақын келеді. Себебі екі сөз де араб тіліндегі /рахма/ яғни рахым, мейірім, жұмсақтық сөзінен туындайды. Бірақ, араларында мағынасы жағынан сәл ғана айырмашылық бар. Ар-Рахман сөзі Ар-Рахим сөзінен қуаттырақ, күштірек болып табылады.
Ар-Рахман-бұл осы дүниедегі барлық тіршілік атаулына түсірілетін мейірімі. Кәпір болсын, мұсылман болсын бәріне бірдей мейірімін төгіп, бала, ақша, жұмыс, денсаулық, ақыл, пана беруі, яғни Аллаһтың мейірімі бұл өмірде бәріне бірдей беріледі. Себебі Құран аяттарының көбінде жалпы жаратылыс айтылған кезде соңында осы ар-Рахман есімі айтылады.
Ар-Рахим-бұл Қиямет күніндегі тек қана мұсылмандарға берілетін мейірім. Яғни Қияметте кәпірлер азапқа душар болып, Аллаһтан мейірім сұрағанда оларға берілмейді. Бұған Құрандағы: «Сондай-ақ, мүминдерге ерекше мейірімді»,-деген аят дәлел болады. (Ахзап сүесі, 43 аят).
Демек, Аллаһтың мейірімі екі түрлі болады. Құранда Рахман сөзі 57 рет, ал Рахим сөзі 114 рет келген. Байқап қарасақ, бұл дүниедегі мейірімге қол жеткізу оңай, тіпті бұл өмірдегі кез-келген жаратылыс Аллаһтың мейіріміне кенеледі. Ал енді Қияметте болатын баға жетпес мейірімге қол жеткізу өте қиын. Сол себепті де осы дүниедегі мейірім 57 рет келсе, о дүниеде берілетін мейірім, қол жеткізу қиын болуы себепті одан екі есе көп келген. 114 ті екіге бөлсек 57 шығатыны осының сыры болуы ықтимал.
Бұл есімдерге қалай амал жасаймыз? Жалпы күнделікті беріліп жатқан нәрселердің бәріне шүкіршілік жасап, байлыққа да, балаға да, ақылға да, жаза білуге де, оқу білуге де және тағы басқа кез-келген нәрсеге мақтанып, кеуде кермеу керек. Мұның бәрі де сіздің ақылдылығыңыздан емес, бәлкім Аллаһтың мейірімімен. Аллаһ мейірімі болмаса, бұлай жасау мүмкін болмас еді. Күннің шығып, тіршіліктің басталуы, түннің батып, демалысқа бет алуы, пайғамбарлар келіп, тура жолды көрсетуі, ақыл мен ой беріп, сол тура жолды ажырата аларлық сана беруі-бәрі де Аллаһтың мейірімі. Мейірімін ашуынан бұрын қойған Аллаһ кемшіліктен пәк. Қанша күнә жасап, қателікке душар болсақ та мұрсат беріп, өмір беріп, ризықтан ажыратпайтыны неткен мейірім! Жүз мейірім жаратып, соның бір бөлігін жер бетіне түсіріп, қалған бөлігін қияметке қалдырған. Бұл дүниедегі көзге ілінер қандай мейірім көрсек те бәрі де әлгі жүздің бір ғана бөлігі. Осы арқылы адамның Аллаһ мейіріміне деген үміті туады. Ондай болса Аллаһқа шүкіршілік жасап, құлшылық жасайық та Қияметтегі мейіріміне лайықтылардан болуға тырысып бағайық!!!
«Мейірімдінің мейірімі тек мейірім көрсетушілерге түседі»,-деген хадис бар. Ондай болса айналадағы жастарға, жоқ-жітікке, жануарларға мейірім жасау Аллаһ мейіріміне кенелуге апарар септік. Ал енді көрінгенге зиянын тигізген жанға мейірімді мейірімін қалай түсірмек?! Тіпті бір әйел адам мысыққа тамақ бермей, бір бөлмеге қамап қойғаны үшін тозаққа кіргені хадистерден белгілі. Ал енді бір адам шөлдеген иттің шөлін қандырып, күнәлары кешірілгені тағы бар. Бұл жануарларға қатысты мейірім нәтижесі. Ал онда адамдар жайында сөз айта аламыз ба?! Ал мейірімнің ең жақсысы-Аллаһқа серік қоспай, тек Оған құлшылық жасап, Оған шүкірлік айту.
Тағы бір айта кетер жайт, Аллаһқа дұға еткен адам «Аллаһым! Мені қаласаңыз кешіріңіз, қаласаңыз мейіріміңізді төгіңіз!»,-деп дұға жасамауы керек. Бәлкім, Аллаһ елшісі (с.а.с) айтқанындай, Аллаһ мейірімі мен кешіріміне шынайы түрде үміт етіп: «Аллаһым, мені кешіре гөр, маған мейіріміңді төк» деуі дұрыс болады.
Бұл екі есімді адам есіміне қолданған кезде Абдурахим, Абдурахман деп айтылады. Қазақтар арасында Рахман деген аты бар адамдар болса есімдерін Абдурахман деп өзгерткендері дұрыс болады. Ал Рахим есімін адам өзіне тағуына рұқсат етіледі, себебі Аллаһ тағала Құранда пайғамбарымызды осылай атаған-ды. Алайда алдына «Әл» жұрнағын қосуға болмайды. Ал Ар-Рахман есімі тек қана Аллаһқа тән.

Advertisements

4 Responses to 02,03. Ар-Рахман, Ар-Рахим

  1. Lala айтады:

    jahsi jazil;gan eken bir suraraim bar bismillah sozine ne aytasizdar men tanitin bir balalar bar edi egiz rahman rahim degen al apayinin ati bismillah eken

    • abuhajar айтады:

      ))) Естімеген елде көп десе дегендей-ақ. «Бисмилләһ» деген бұл «Аллаһтың есімімен» деген сөз ғой. Адам есіміне қоюға болатын болмайтынын білмедім. Сұрап білу керек.

  2. Aru айтады:

    Allah razy bolsin )))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: