Пайғамбар сирасы – Арабтар

1-С: «Араб» сөзінің мағынасы?
Ж: Араб сөзінің мағынасы «Сахара, шөл, құм. Суы мен шөбі жоқ құрғақ дала» дегенді білдіреді. Ертеректе бұл атау Арабия түбегі мен сол жерді мекен еткен адамдардың бәріне қолданылатын.

2-С: Араб жазирасы жайында не білесің?
Ж: Пайғамбарымыз (с.а.с) Арабия түбегінде орналасқан Мекке қаласында дүниеге келді. Арабия түбегін ертеректе «Араб жазирасы» немесе «араб аралы» деп атайтын. Арал дейтін себебі: оңтүстігінен Үнді мұхиты, солтүстігінен Суэц каналы Батысынан Қызыл теңіз, ал шығысынан Парсы шығанағы қоршап жатыр. Ал географиялық карталарда «Арабия түбегі» деп атайды.
Арабияның басым бөлігі құм, шөл болуы себепті бұл географиялық жағдайлары оларды сыртқы жаулардан құтқарып отыратын. Сол үшін де арабтар көбіне еркін, дарқан келеді.

3-С: Арабтардың шежіресі?
Ж: Жалпы араб жұртшылығы үшке бөлінеді: а) Жоғалған арабтар. Бұл түбімен жоғалып кеткен өте көне арабтар. Бұлардың атақты рулары мен тайпалары: Ад, Сәмуд, Тасым, Жудәйс, Имләқ, Умәйм, Хадур т.б.
б) Нағыз арабтар. Бұл Яшжуб ибн Яғруб ибн Қахтаннан тарайтын жалпы арабтар. Негізгі мекен еткен жерлері-Иемен. Бұларды Қахтани арабтар деп атайды.
Яшжуб ибн Яғруб ибн Қахтан – одан Сәбә – одан Химияр мен Кәһлан;
Химиярдан Қузаға, Әс-Сәкәсик, Зәйдул жумһур тарайды.
Қузағадан-Бәһра, Бәли, Кәлб, Ғузра;
Әс-Сәкәсиктен-Бұл Зәйд ибн Уәйлә ибн Химияр ұрпақтары. Сәкәсик деген осы Зәйдтің лақабы.
Зәйдул жумһурден – кіші Химияр, кіші сәбә.
Ал Кәһланнан тарайтын атақты рулар: Һәмдан, Әшғар, Таи, Ләхм, Жузәм, Амилә, Хаулән, Мағафир, Әнмар, Әзд, Әус, Хазраж, Хузаға.
Кәһланның ұрпақтары Иеменнен көшіп кетіп, араб түбегіне тарап кеткен.

в) Арабтанған арабтар. Бұл Исмайл пайғамбарымыздың ұрпақтары. Бұларды Аднани арабтар деп те атайды.

(Жалғасы бар…)

Advertisements

3 Responses to Пайғамбар сирасы – Арабтар

  1. elvira айтады:

    «robbil» degen ne? en basinda

  2. […] Сүйікті Пайғамбарымыз өнегелі отбасының тірегі, әйелдеріне өте нәзік, жұмсақ еді. Пайғамбарымыз қонақжай еді. Оларға өзі қызмететіп, өзі күтетін. Мұсылман еместерді де өте жақсы күтетін.Ол (с.а.с.) ешкімге жаман сөз сөйлемейтін, ренжітпейтін, өміріңде ешкімге ұрыспайтын. Пайғамбарымыз жылы жүзді, жұмсақ тілді, басқа сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдайтын жан еді. Біреудің кемшілігін көрсе ешқашан бетіне баспайтын. […]

  3. abuhajar айтады:

    «Роббил» деген раббысы деген сөз, яғни «Роббил аламин», әлемдер раббысы.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: