04, 05. Әл-Мәлик, Әл-Мәәлик


04. Әл-Мәлик
05. Әл-Мәәлик

Аллаһтың көркем есімдерінің тағы екеуі-Әл-Мәлик, Әл-Мәәлик.
Бұл есімдер араб тіліндегі «мәликә» етістігінен туындап, «Бір нәрсеге иелік ету, бір нәрсені иемдену, қолында болу, басқару» мағыналарына жақын келеді.
Ал енді Аллаһқа қатысты айтылғанда-өзінің мүлкіне әмірін жүргізе алатын Патша, себебі кез-келген патша өзінің мүлкінде барлық әмірін жүргізе алмайды.
Тек өзіне тән билігі бар Билеуші, барлық жаратылыс пен Қиямет күнінің Иесі мағыналарына жақын.

Байқап қарасақ, екі есімнің арасында сәл айырмашылық бар: Әл-Мәлик дегеніміз-патша деген мағынаға жақын келсе, Әл-Мәәлик деген есім ие деген мағынаға жақын. Бірақ Аллаһ хақысында бірі-бірінің орнына қолданылып айтыла береді. Ал адамдардың бірі патша болуы мүмкін, бірақ кейбір нәрселерге ие болмауы мүмкін. Мысалы бір патша өзіне қарамайтын елге билігі жүре ме? Немесе бір нәрсенің иесі болуы мүмкін, бірақ ол патша емес. Мысалы: Бір фирманы басқаруы мүмкін, бірақ ол патшаның қоластында. Демек, бұл атаулар адамдарға айтылса да мағынасында кемістік бар. Ал Аллаһ болса барлық патшалардың үстінен билігі жүретін Патша әрі барлық нәрсеге ие. Қияметте жер бетін билеген патшалар жиылып, Аллаһтың билігіне өтетіні әрі жер бетінде иелігі болғандардың өздері де, мүлкі де Аллаһтың иелігінде!
Әл-Мәлик есіміне келер болсақ, Құранда 5 жерде келген. Мысалы: Нәс сүресінің 2-ші аятында: «Адамдардың иесіне»,-деп келген.
Ал Әл-Мәәлик есімі Құранда екі жерде айтылған. Бірі Фатиха сүресінің 3-ші аятында.
Адам есіміне қосылғанда: Абдулмәлик және Абдулмәәлик деп келеді. Аллаһ тағаланың ең жеккөретін есімі: Мәликул Мулук, яғни ешбір адам өзін патшалардың патшасы, Билеушілер сұлтаны, Сұлтандардың сұлтаны, Даналардың данасы деп атамағаны жақсы. Бұл Аллаһтың жеккөретін есімдері мен атаулары.. Себебі патшалардың патшасы, билердің биі, даналардың данасы-Аллаһ.
Енді осы есімдерге амал еткісі келген жан мынаны есте сақтасын:
1-Шынайы билік-Аллаһқа тән. Жаратылыстың барлығының иесі, патшасы. Оның билігі барлық биліктен асып түседі әрі Оның билігіне тең келер ешқандай билік жоқ та, болмаған да болмайды да. Біздің өміріміз, барлық мүмкіншілігіміз Оның билігінде. Қай кезде қаласа береді, қашан қаласа алады. Патшалар осы дүниедегі билікті басқарады, ал ол сол патшалардың барлығын да басқарады.
Кейбір патшалар мен хандар осыны мойындағысы келмей, өзінің билігі таусылмас патшадай көріп, кеуде кергені рас. Бірақ, шынайы билік Аллаһқа тән болуы себепті олар бар болғаны өздерінің есімдерін кітап беттеріне қалдырып, денесін болмашы құртқа жегізді.
2-Барлық нәрсенің Иесі де, Патшасы да Аллаһ болғанындай құлшылықтардың Иесі де тек Аллаһ. Ондай болса басқаға арнап құлшылық жасау, басқаға жағу үшін құлшылықты тастауға болмайды. Раббымыздың мүлкін тиісінше жұмсаған абзал!
3-Елестетіп көріңіздерші, сізді мектеп директоры өзінің бөлмесіне шақырса қорқасыз ба? Әрине, мектеп директоры десе кезінде бәріміз де қорқатынбыз. Ал енді бастықтардың алдына барсаң мүлдем сөйлей алмай қаласың. Ал енді президент шақырса сөйлемек түгіл орныңнан қозғала алмассың оның рұқсатынсыз. Бұл барлық адам бойында кездеседі. Ал Аллаһ барлық теңеулерден ұлы, бұл теңеулерден жоғары. Ертең Қиямет болған кезде Оның алдында ешкім сөйлемек түгіл сыбырлауға шамасы келмей қалады. Сол күнді еске алайық. Тіпті осы өмірде кеуде керіп марқайған патшалардың өзі Оның алдында ешкім болмай қалады. Ол біздің өмірімізді де, тағдырымызды да билеуші. Ондай болса бізде бар нәрсенің бәрі де Аллаһтыкі. Өзім таптым, өзімдікі деп мақтана бермейік, бәлкім ол да сен де Аллаһтың мүлкісің. Қалай қаласа солай жұмсайды, ал біз Оның үкіміне мойынсұнамыз…
Жалғасы бар…

Advertisements

One Response to 04, 05. Әл-Мәлик, Әл-Мәәлик

  1. zhandos айтады:

    Allahu Akbar!
    jazakallahu xair

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: