06. Әл-Қуддус القدوس


06. Әл-Қуддус

Келесі есім-Әл-Қуддус. Бұл қазақ тіліндегі «таза, пәк» деген мағынаға жақын келеді. Бұған Бақара сүресінің 30-шы аятындағы періштелердің: «Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау айтып, сен пәктейміз»,-деген сөзін мысалға келтіруге болады. Осыған қоса Бәйтул Мақдис деп, Иерусалимдегі Құддыс мешітін атаған, яғни «Пәк үй». Сондай ақ Жәбрайл періште де «Рухул Қудус» деп аталады.
Тағы бір мағынасы: «Мүбәрак, берекелі». Бұған Исра сүресінің бірінші аятындағы: «Құлын (Мұхаммедті) бір түнде өзіне белгілерімізді көрсету үшін Мәсжид Харамнан біз айналасын мүбәрак қылған Мәсжид ақсаға апарған Аллаһ әртүрлі кемістіктен пәк»,-деген аят дәлел.

Бұл есім Құранда екі жерде келген. Бірі Хашр сүресінің 23 аятында, енді бірі Жұма сүресінің 1 аятында.
Бір топ ғұлама бұл есім Аллаһқа қатысты айтылғандағы мағынасын түсіндіріп: «Яғни ширк (Аллаһқа серік қосу) мен күпірлікте болған адамдардың айтқан сөздерінен, таққан теңеулерінен, ойлаған ойлары мен суреттеген бейнелерінен, таққан атақтары мен жанастырған балаларынан Пәк, олардың таққан кінәларынын таза»-деп түсіндірген. Християндар: «Иса Құдайдың баласы, Құдайдың балалары бар»-дейді, кейбір ақымақтар: «Ол да ішеді, жейді, ұйықтайды»-дейді. Кейбіреулер: «Құдай бар болса неге маған әлі келмейді?»-дейді. Міне, осындай айтылған былапыт сөздердің бәрінен де таза. Өте пәк. Бала иемденбейді, барлық нәрсеге күші толық жетуші. Өзіне тән есімдерінің бәрі де өзіне тән, еш кемшілігі жоқ.

Демек, бұл есімге амал жасаушы адам мыналарды есте ұстағаны жөн:
1-Аллаһты барлық кемістіктен пәк деп, әртүрлі ластық пен надандықтан таза деп біліп, тек ұлық сипаттармен сипаттай білу керек. Ал Аллаһ хақысында ұлық сипаттар-Құран мен сүннетте келген сипаттар ғана. Адамдар өз ойынан қосып сипаттауына болмайды. Себебі шектелген ақыл шексіз жаратушыны сипаттай алмайды.
2-Аллаһ өзінің сипаттары мен есімдерінде қалай пәк болса, сөздері мен істерінде де сондай пәк. Бізге түсірген Құраны мен бізге жазған тағдыры еш кемшіліксіз, пәк, әрі тек даналыққа негізделген. Сөзі хақ, ісі қате араласпаған, дұрыс, тағдыры әділ, бізге берген бейнесі ең көркем дегендей.
3-Пайғамбарымыз рукуғ пен сәжде жасаған кезде осы есімді көп қайталап айтатын. Айша анамыздан жеткен хабарда ол кісі: «Суббухун Қуддусун Роббул мәләйкәти уар рух»,-деп айтатын. (Муслим, 487); Ондай болса біз де әрбір рукуғ бен сәждеде осы есімді ауызға алып, жиі қайталағанымыз орынды болмақ!
Адам есіміне қосылғанда: Абдулқуддус болады… (Жалғасы бар…)

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: