07. Әс-Сәләм


07. Әс-Сәләм

Келесі есім: Әс-Сәләм (السلام). Араб тіліндегі «сәлимә» етістігінен туындап, «Амандық, есендік» мағыналарын береді. Жәннатты да «Дәрус сәләм» деп атайды, себебі жәннат әртүрлі жамандық пен опасыздықтан, күнә мен бойұсынбаушылықтан аман мекен. Құранда да: «Есендік тура жолға ілескендерге болсын»,-деп, тура жолдағылардың Аллаһ азабы мен ашуынан аман жүретіндігі айтылған. (Таһа, 47). Мұсылман адам да өзінің мұсылман бауырына: «Әссәләму аләйкум» деген сөзі арқылы өзінің еш қастандық жасамайтынын, тек амандықпен жүздескендігін хабарлайды. Ондай болса кәпір адаммен бұлай амандасу дұрыс болмайды.
Құранда бұл есім бір рет келген. (Хашыр сүресі, 23 аят).
Жалпы «Сәләм» сөзінің тілдік мағынасы-амандық. Ал бұл Аллаһ тағала есіміне айтылған кезде үш нәрсені білдіреді.
Біріншіден: Аллаһ тағала барлық кемшіліктен, барлық толымсыздықтан, жамандықтан аман. Байқап қарасақ, алдында айтып кеткен: Әл-Қуддус есіміне мағынасы жақын келетін сияқты. Бірақ, екі есім арасындағы кішкентай айрмашылықты айта кетсек, Әл-Қуддус дегеніміз «Яғни ширк пен күпірлікте болған адамдардың айтқан сөздерінен пәк, олардың таққан кінәларынын таза». Бірақ, бұл осы шақ және өткен шақты білдіреді. Ал енді Әс-Сәләм яғни «аман» сөзі келер шақта осындай сөздерден пәк, аман болатынын білдіреді. Демек, есімдері мен сипаттарында тағылған кінә, өсек, жаман сөздердің бәрінен аман, Аллаһқа еш зияны тимейді деген сөз. Ондай болса адамдардың: Мен құлшылық қылмаймын деген сөзінен Аллаһ тағалаға зиян келмейді, себебі Аллаһ тағала ондай нәрселерге мұқтаж емес, адамдардың немқұрайлы болғанынан Аллаһтың дәрежесі түсіп қалмайды, себебі Аллаһ барлық кемшіліктен аман.
Екіншіден: Аллаһ есендік пен амандық иесі. Адамдардың сау болуы, баланың жатырда даму кезеңінде аман болуы, жер планетасының басқа планеталармен соғысып қалудан аман болуы-Аллаһтың құдыреті. Себебі амандық беруші Аллаһ. Ондай болса Аллаһқа шүкіршілік етейік. Ауру жандарға бір көз тастап, Аллаһтың берген есендігіне тәубе етейік.
Үшіншіден: Жаратылыстың барлығы да Оның (Аллаһтың) зұлымдығынан аман болуы. Себебі Аллаһ тағала ең әділ, әрі ешбір нәрсеге зұлымдық жасамайды. Біреудің қайтыс болуы, біреудің ауыруы оған жасалған зұлымдық емес, бәлкім сол нәрсе астарында үлкен хикмет жатуы мүмкін. Ал ол нәрсені тек Аллаһ біледі. Себебі Аллаһ тағала зұлымдық атаулыдан пәк, одан аман.
Міне, Аллаһқа қатысты Әс-Сәләм есімі осындай мағыналар береді. 1.Кез келген кемшіліктен аман; 2. Амандық беруші; 3. Жаратылыстағылар Оның зұлымдығынан аман;
Бұл есімге амал жасағылары келгендер болса: Ең алдымен Аллаһ тағаланың кемшіліктердің бәрінен де аман екеніне сену керек. Сондай ақ біздің де, басқаның да аман болуы Аллаһтың қолында. Әрі өзіміздің осы дүниеде атқарған ісіміз үшін өзіміз жауап береміз. азапталсақ, өзіміздің кінәмыз, себебі Аллаһ зұлымдық жасамайды. Сондай-ақ, Аллаһ тағала өзінің шынайы құлдарын, мүмин болған мұсылмандарды тозақ азабынан аман алып қалатынына сену керек.
Аллаһ есімін ауызға алып, мұсылмандармен сәлемдесу-өте жақсы іс, тіпті жәннат кілттерінің бірі. Яғни Әссәләму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ деп айту. Пайғамбарымыз бір хадисте былай деген: «Сендер толық иман келтірмейінше жәннатқа кірмейсіңдер. Ал өзара сүйіспеншілік болмайынша толық иман келтірмейсіңдер. Сендердің араларыңда өзара сүйіспеншілік орнатудың септігі болатын нәрсені айтайын ба? Өзара сәлемдесіңдер»-деген. (Муслим). Міне, сәлем беру-мұсылманның белгісі. Мұсылмандар өзара әссәләму алейкум деп амандасу керек. Привет, салам, қалайсың дегеннен гөрі Аллаһ есімін ауызға алған мың есе артық, әрі жаннат кілті.
Соңынан айтарым: Аллаһқа қатысты айтқан кезде: /Әссәләму алаллаһ/ яғни Аллаһқа сәлем болсын-деп айтылмайды. Бірақ /Әттахияту лилләһи/-деп айтылады, яғни Сәлем Аллаһқа тән деп айтылады. Себебі Аллаһтың өзі Әс-Сәләм.
(Ескерту: Қазіргі таңда терроризм, экстремизм дегенді Исламға жапсарушылардың сөздері бос сөз. Себебі Ислам діні де осы Әс-Сәләм сөзінен түрленген туынды сөз. Ал мағынасы да амандық, бейбітшілік деген сөзге жақын, ондай болса бір адамға бола жалпыға топырақ шашпайық. Террорист болғандарды террорист деңдер, бірақ Исламға тіл тигізбеңдер!)
Адам есіміне қосылған кезде: Абдуссәләм болады.

Advertisements

2 Responses to 07. Әс-Сәләм

  1. K.K. айтады:

    Ассаламу ъалейкум! Бір сауалым бар. Сәбидің есімін Салим немесе Салима деп қоюға болама? Рахмет!

  2. Abuhajar айтады:

    Уа алейкумус салам. Ия, окасы жок.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: