08. Әл-Мумин


08. Әл-Мумин

Келесі, есім: Әл-Мүмин (المؤمن). Тілдік мағынасы екеу: Бірі-мойындау, сену. Юсуф сүресінің 17-ші аятында Жақыптың балалары Жүсіпті шұңқырға лақтырып, әкелеріне келіп: «Әй, Әкеміз! Біз жарысып кеткенде Жүсіпті нәрселеріміздің жанына тастап кетсек, оны қасқыр жеп кетіпті. Енді шын айтсақ та сен бізге сенбейсің ғой»,-дескен. Исламның негізі болған «Иман» сөзі де осыдан туындайды, яғни «Сенім».

Екіншісі-амандық, яғни қорқыныштың қарама-қарсысы. Құрайш сүресінің 4 аятында: «Ол оларды (Құрайштықтарды) аштықтан тамақтандырып, қауіп-қатерден аман қылған»,-деп келген. Пайғамбарымызды ертеде «Әмин» деп атауы да осыдан туындайды, яғни ешбір жан оны қиянат жасап қояды, өтірік айтады деп қорықпайтын.
Құранда бір жерде келген. (Хашыр сүресі, 23 аят).
Аллаһқа қатысты айтылғанда біріншіден: Аллаһ өзінің жаратылыстарына зұлымдық жасамайды, бәлкім жаратылыстың бәрі де Оның зұлымдығынан аман. Аллаһ тағала Құранда былай деген: «Шынайы түрде иман келтіріп, имандарын зұлымдықпен былғамағандар үшін амандық болады. Әрі олар тура жолда»-дейді. Демек, Аллаһ серік қоспай иман келтірген құлдарына екі дүниеде де амандық береді.
Екіншіден: Аллаһ тағала өзінің жалғыз екенін растайды. Өзі түсірген кітаптар, пайғамарларды растайды. Яғни осы нәрселердің жалған еместігін, сенуге тұрарлық екенін білдіреді. Ал Аллаһ тағала растаған, дұрыс деп білген нәрселерге сенген адам мүмин немесе мұсылман болады.

Жалпы тәпсір ғұламалары бұл есімді түсіндіргенде былай деген: Әл-Мүмин-яғни өзінің құлдарын зұлымдықтан сақтайды, қорғайды әрі осы уәдесін растайды дейді. Зұлымдығынан сақтайды дегені, яғни Қиямет болған кезде ешкімге де зұлымдық жасамайды. Барлық адам тек өзінің істеген ісі үшін жауап береді. Сөйтіп есеп айырысқан соң тиісінше жазасын немесе сыйын алады.
Демек, Аллаһ тағала растаушы. Оның тарапынан келген кітап, пайғамбар, Оның хабарлаған нәрселерінің бәрі де ақиқат. Ал бұл нәрселерге сенбеуші, көз жұма қараушылар болса Алланың Растаушы деген есімін жоққа шығармақ.
Аллаһ тағала шынайы түрде иман келтіріп, жақсы амал жасаушы құлдарына амандық береді. Оларды қорғайды. Мұндай үлкен нығметке асықсақ қандай жақсы болар еді…!
Бұл есімге амал етем деген жандар болса, оларға айтарым: Аллаһ тарапынан келген нәрселерге толық иман келтіріңіздер. Ешбір сөзге күмәнмен қарамау керек. Бәлкім Аллаһ тарапынан келген барлық нәрсені қабылдап, мойындап, бұйырылғанды атқарған жөн. Себебі сұралатынымыз ақиқат нәрсе. Ал сұрақ алаңына жиылған кезде амандыққа лайықты болғандар-Иман келтіріп, жақсы амал жасағандар. Жақсы амал деген не десеңіз, ол Құлшылық пен Аллаһтың бұйрықтары деп жауап қатамыз.
Сонымен қатар Бұхаридегі: «Шынайы мұсылман-тілі мен қолынан басқа мұсылмандар зиын көрмеген адам»,-деген хадиске сай, біз де айналадағыларға тек жақсылық жасауға асығып, зиян тигізуден сақ болуымыз керек.

Advertisements

One Response to 08. Әл-Мумин

  1. daniar айтады:

    Masha’allah!! Kandai tusindirmeler. Allah razy bolsyn sizderge. Bukil maktau-madak Allaga. Allah barimizge jannaty nasip etsin. Amiin

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: