Пайғамбар сирасы – Ибраһим (а.с.), Исмайл (а.с.)

(жалғасы, басы мына бетте)

4-c: Исмайл (а.с) араб жазирасына келу тарихы жайында не білесің?
Ж: Негізінен Ибраһим Ирактағы Ефрат өзенінің жағалауындағы «Ор» қаласында тұратын-ды. Кейін келе ол Харранға көшіп, одан әрі Палестинаға қоныс аударды да, осы жерді тұрақ етіп, дінге шақыру ісін бастады. Бірақ, дінге шақыруда бір жерді ғана тұрақтамай, көптеген елді мекендерге сапар шегетін. Күндердің күнінде жұбайы Сара екеуі Мысырдағы бір залым патша билігіне келіп қалады. Сара өте сұлу әрі көрікті әйел болуы себепті әлгі залым патша Сарамен ойнастық жасауды мақсат тұтып, жаман ой ойлап еді, Сара Аллаһқа дұға жасап, әлгі залым патшаның бұл ойы іске аспай, тіпті өзіне бәле боп қайтады. Осы кезде әлгі залым Сараның ізгі, тақуа әйел екеніне көзі жетіп, Аллаһ алдында мәртебесі жоғары жан ғой деп, оған өзінің қызы Һәжәрді (Ажарды) сыйға тартады. Ал Сара болса оны Ибраһимге (а.с) сыйға береді.
Кейін Ибраһим Палестинаға қайта қайтып, уақыт өте келе Аллаһ тағала Ибраһимге бала беріп, атын Исмайл қояды. Әйел заты болған соң қызғанусыз тұрмайтыны бар, Сара Һәжәрдің ұлды болғанын қызғанып, екеуін бірге Хижаз даласына апарып тастауды бұйырады. (Хижаз даласы деген араб жазирасының ішкі шөлді аймағы).
Сөйтіп Ибраһим Исмайл мен анасы Һәжарды суы мен шөбі жоқ, құрғақ шөл далаға, Қағбаның қасына әкеп, бір тостаған су мен кішкене құрма беріп, қалдырып кетеді.
Ол кезде Меккеде ешкім болмайтын. Һәжар мен баласы Исмайлдің аз күндік азығы таусылып, не істерін білмей делдалға түскенде Аллаһтың құдіретімен сол жерде Зәмзәм құдығы жарылып, Һәжар судың таусылып қалуынан қорқып, қолымен бөгеп: «Зәм-зәм» деп, яғни «Тоқта-тоқта» дей бастайды. Осы кезден бастап Зәмзәм құдығы пайда болып, әлгі екеу осы құдыққа ие болады.
Біраз уақыт өте келе сол жерлерден Журһум тайпасы өтіп бара жатып, аналы баланың құдыққа иелік етіп отырғанын көріп, сол жерге қоныс тебеді де, ақыры Исмайл жастайынан сол Журһумдық арабтар арасында өсіп, таза араб тілі мен салтын үйрене бастайды. Өзі де кейін келе араб қызын алып, араб балалары тарайды.

5-С:Ибраһимнің (а.с) Меккеге сапарлары?
Ж: Ибраһим (а.с) баласы мен Һәжарды Мекке төңірегіне әкеп тастағаннан кейін оларды анда санда зиярат етіп тұратын ды. Бірақ, бізге белгілі деректер бойынша, Ибраһим Мекке өлкесіне үш рет сапар шеккен. Біріншісі: баласы Исмайл Жүрһумдық қызды әйелдікке алғаннан кейін, күндердің күнінде аңға кетіп қалғанында, Ибраһим келіп қалады. Үйге келсе тек келіні отыр екен. Келінінен хал ахуал сұрап еді, әлгі әйел жағдайларының өте нашар, түкке тұрғысыз күн кешіп жатқанын баяндайды. Осы кезде Ибраһим келініне: «Үй иесіне айт, есігінің табалдырығын өзгертсін» деп, кетіп қалады. Исмайл аңнан келгенде жұбайы болған оқиғаны айтып, бейтаныс жанның бәлен сөздерді айтып кеткенін баяндап береді. Исмайл әлгі бейтаныс жанның әкесі Ибраһим екенін біліп, «табалдырығыңды өзгерт» дегені әйелімен ажырасы деген нұсқау екенін түсініп, әйелін талақ етеді де, екінші әйелге үйленеді.
Күндердің күнінде қайта аңға кетіп қалғанында әкесі Ибраһим қайта келеді. Үйге келсе бұл жолы да тек келіні отыр екен. Келінінен хал ахуал сұрап еді, әлгі әйел жағдайларының өте жақсы, аз болса да жетіп асып, артылып жатқанын айтып еді, Ибраһим келініне: «Үй иесіне айт, есігінің табалдырығын берік қылсын» деп, кетіп қалады. Исмайл аңнан келгенде жұбайы болған оқиғаны айтып, бейтаныс жанның бәлен сөздерді айтып кеткенін баяндап береді. Исмайл әлгі бейтаныс жан-әкесі Ибраһим екенін біліп, «табалдырығыңды берік қыл» дегені әйелімен жақсы қарым қатынаста бол деген нұсқау екенін түсінеді.
Ал енді Ибраһим осы өлкеге үшінші рет келгенінде балалы әке екеуі бірігіп, Қасиетті қағбаны қалауға кіріседі. Осы уақыттан бастап барлық адамдар әлгі Қағбаға қажылық жасау үрдісін бастаған.

(Жалғасы бар…)

Advertisements

3 Responses to Пайғамбар сирасы – Ибраһим (а.с.), Исмайл (а.с.)

  1. Kuanysh айтады:

    Ассаламу ъалейкум аға! Бір сауал туындап тұрғаны. Сәлде арабтардың киімі ме, әлде парсылардың киім үлгісі ме? Сәлдемен жүру суннаға жатама?
    Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шаш қою үлгісі қандай болған?

  2. abuhajar айтады:

    Уа алейкумус салам. Салденің қай ұлт киімі екенін нақты айта алмаймын, себебі парсылар да, арабтар да киеді.
    Ал енді суннетке жата ма дегенге келер болсақ, сүннет екіге бөлінеді. Бірі сөзі, амалдары, екіншісі туа біткен қасиеттері мен киімдері. Бізге ілесу керек болған бөлігі – сөзі және амалы сүннеті. Ал киім үлгісі мен туа біткен қасиеттеріне тырысып, соны ұстануға бұйырылмадық. Ал кім: «Мен толығымен ілесемін» деп, киімін де сүннетке сай өзгертсе, иншалла сауап алады. Демек, сәлде киюге біз бұйырылмадық, бірақ, сүннетті толық ұстаймын деп киген адамға қарсы тұра алмаймыз.
    Шашқа келер болсақ, Аллаһ елшісі (с.а.с) шашы кейде иығынан келетін болған, ал кейде шашын алып тастайтын болған. Бірақ, бұл да біз бұйырылмаған сүннет, бәлки сүннетке ілесемін деген жан жасаса оқасы жоқ. Ал толығымен тақырлап алып тастау қажылықта болмаса, басқа кезде бұлай жиі жасамаған жақсы. Себебі бұл хауариждердің (адасқан ағымдардың бірі) әдеттері. Бірақ, кейде қырып тастаса да оқасы жоқ.
    Аллаһ елшісі (с.а.с) бір хадисінде бір адамның үрпиіп кеткен шашын көріп: «Мына адам шашын реттеп қоюға шамасы келмеді ме?» деп, шашты ретке келтіру керектігін айтқан екен.
    Сізге айтар ақылым – шама келсе сүннеттің біз бұйырылған бөлігіне көбірек көңіл бөліңіз. Анығын Аллаһ артығырақ біледі.

  3. Kuanysh айтады:

    Енді түсінікті болды, рахмет. Сүннеттің мұндай түрлері болатынын білмейді екенмін. Бұйырылған сүннетті амалға асырып, бұйырмағанды талқылап, бас қатырмаған дұрыс екен. Маңызды нәрселер тұрғанда…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: