09. Әл-Муһәймин


09. Әл-Муһәймин

Ассаламу алейкум, құрметті, бауырлар!
Аллаһтың көркем есімдерінің келесісі-Әл-Мүһәймин.
Құранда Хашр сүресінің 23 аятында бір рет келген.
Құранды түсіндіруші үлкен ғұламалар бұл есімнің мағынасына сәйкес алты пікір айтқан, алайда дұрысқа ең жақыны екі көзқарас. Мужәһид, Қатада сынды бірінші топ «Өзі жаратқан нәрсенің бәрін де бақылап тұрушы»-десе, екінші топ «қамқорлық жасаушы, қорғаушы»-деп түсіндіреді.
Егер де біз бұл есімді «Қамқоршы» деген мағынасымен алар болсақ, онда үлкен хикметтерге көз жеткізе алар едік. Ана құрсағында жатқан жас балаға тоғыз ай үзбестен тамақ жеткізіп, кіндік арқылы тамақтандырушы кім? Әлбетте Қамқоршы раббымыз. Кейін туылып, шыр етіп жылаған кезде кіндіктен айрылған балаға кім тамақ бермек? Әлбетте екі емшектегі сүтті азық етуші, Қамқоршы Аллаһ. Үлкен галактикадағы планеталар сәл орындарынан қозғалса үлкен апаттар болады. Ал сол планеталарды сақтап, бір жүйемен жүргізуші кім? Бізді әртүрлі апаттардан сақтап тұрушы кім? Әлбетте қамқоршы Аллаһ.
Ал екінші мағынасы-Өзі жаратқан нәрселерді бақылап тұрушы. Біздің айтқан сөздеріміз, әстеген істеріміз, жасаған жақсылықтарымыз, атқарған жамандықтарымыз Аллаһтың назарынан тыс қалмайды. Аллаһ бәрін бақылап, бәрін біліп тұрады. Алайда, бізге еркіндік берілген. Не істесек те өзіміз үшін. Жақсылық жасаймыз ба, жамандық жасаймыз ба, бәрі де өзімізге кеп тиеді. Себебі Аллаһ бәрін бақылап, әркімнің жауабын тиісті түрде береді.

Араб тілі өте бай тіл. Бір сөз болғанның өзінде осындай үлкен мағыналар сиғызады. Бізге қамқорлық жасап, тура жолды көрсету үшін Құран түсіріп, Оны түсіндіру үшін пайғамбарлар жіберіп тұрушы Аллаһым өте пәк. Енді осы Құрандағы айтылғанды орындау-орындамау біздің еркімізде. Ал мұның бәрін де Аллаһ бақылап, біліп тұрады. Жауабын өзіміздің ісімізге байланысты бермек. Біздің жақсылық, біздің жамандық Аллаһқа, Оның билігіне еш зиян немесе пайда әкелмейді. Бәрі де өзіміз үшін…
Аллаһтың қамқорлығынан үміт үзбейік, әрі бізді бақылап, бәрін көріп, біліп тұрғанын ұмытпайық. Ал бұлай болу үшін не керек екенін бәріміз де білеміз!!!

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: