10. Әл-Ғазийз


10. Әл-Ғазийз

Келесі есім, Әл-Ғазиз. Араб тіліндегі «Әл-Ғиззә» сөзі «үстемдік, басымдылық, қуаттылық» мағыналарын береді. Құрандағы: «Үстемдік Аллаһқа тән» деген аят осының айғағы.
Бұл көркем есім Құранда 92 рет қайталанады. Бұған: «Күдіксіз Аллаһ үстем әрі аса дана екенін біл»,-деген аят мысал бола алады. (Бақара сүресі, 260 аят).
Аллаһ қатысты айтылғандағы мағынасына келер болсақ, «Әл-Ғазиз» дегеніміз- Құдыретті, бәрінен Басым әрі барлық нәрсенің үстінен қараушы Үстем. Еш нәрсе де Оның Құдыретінен асып түсе алмайды әрі Аллаһтың үстемдігі, Аллаһтың қалауы қай кезде де орындалмақ. Аллаһ тағаладан ешнәрсе басым бола алмайды. Мысалы, бәріміз білетін Мұса оқиғасын еске алайықшы. Перғауын Исрайл ұрпақтарынан туылатын барлық еркек нәрестелерді өлтіруге бұйырып, сол жылғы ұрпақтар арасынан пайғамбар шығып қалуынан қорыққаны белгілі. Яғни ол осы қылығы арқылы Аллаһ тағаланың белгілеп қойған пайғамбарына қарсы болғысы келді. Алайда Құдыретті Аллаһ перғауынның сол айласынан асып түсіп, Мұсаны тірі қалдырып, тіпті Мұсаны перғауынның өз үйінде тәрбиеленуін қалайды, әрі солай болды. Перғауын өзі білместен өзі қорқып жүрген пайғамбарды өзі тәрбиелеп бағады. Бұл Аллаһтың Құдыретті екендігін көрсетеді. Кейін келе Мұсаның пайғамбар екендігі анықталған кезде перғауын оны өлтіргісі келіп еді, алайда Аллаһтың Құдіретімен перғауын теңізге батырылды. Немесе Жүсіп оқиғасына қарайтын болсақ, ағалары қызғаныштан оны өлтіргісі келіп еді, Аллаһ тағала бұлай жасалудан Жүсіпті аман алып қалып, тіпті сол ағаларының үстінен басшы етіп қойды емес пе?! Бұл неге бұлай болды?! Себебі Құдырет те, Үстемділік те Аллаһқа тән. Ал Ол кімге қаласа соған үстемділік нәсіп етеді.
Құдырет пен Үстемділік тек Аллаһқа тән, ондай болса бұл нәрсені тек Аллаһтан сұрау керек. Біреулер басшыға жағымпазданады, біреулер пара береді, біреулер күнә жасайды, әрі осы арқылы бастық болуға, басқа адамдардан үстем болуға тырысып бағады. Бірақ, бұлай жасау дұрыс емес. Билік пен Үстемдік Аллаһтың қолында әрі қалаған адамына береді. Ондай болса бұл нәрсеге адал түрде, дұға жасау арқылы жету керек. Ал Аллаһтан сұрамай басқа адамдар арқылы билікке тырысып, үстем болуды қалаушы адамдар анық адасуда. Бұл есім Құранда көбіне «Ғазизун Рахим», деп келген, яғни Құдыретті, Рахымды деп. Себебі Аллаһ тағала Рахымдылығында Үстем әрі Үстемділігінде Рахымды. Мағынасы: Мейірім жасауы барлық мейірімінен үстем, әрі үстемділігін мейіріммен жүргізеді. Біреулер үстем болып, бірақ бойында рахым болмауы мүмкін. Ал енді біреулер рахымды болып, бірақ үстемділігі болмауы мүмкін. Екеуі де бір жағынан пайда бере алса да, бір жағынан зиян көрсетеді. Ал Аллаһ кемшіліктен пәк. Құдыретті әрі құдыретін Рахыммен көрсетеді. Демек, Аллаһ тағала Құдыретті әрі Үстем. Ондай болса бұл дүниеде кеуде керіп, тәкаппарланып, менсінбеушілік танытудың керегі жоқ. Аллаһ тағала тәкәппарларды түсіріп, қарапайымдарды көтереді. Қиямет орнағанда кішкентай құмырсқаға айналып, адамдардың астында қалатын жандар-тәкаппарлар. Тәкаппар жандар жәннатқа кірмек түгіл иісін де сезе алмайды. Ал Жәннаттың иісі жетпіс жылдық жерден сезіледі. Кеуде керіп не керегі бар? Бұл өмірде барлық нәрсе тек қана Аллаһтың мейірімімен, рахымымен, құдыретімен орнаған. Біздің ақылымыз, байлығымыз тағы басқа жетістігіміз Аллаһтың сыйы. Онда кеуде керу орынсыз әрекет.
Бұл есімді адам өзіне тағуына болады, яғни Ғазиз, Әзиз деп аталуына болады, алайда Абдулғазиз десе жақсырақ болады. Сондай ақ, егер өзін Ғазиз деп атауды ниеттенсе, онда Аллаһқа теңелу мақсатымен қоймауы керек. Себебі Аллаһ өзіне теңеуді, теңелуді жеккөреді әрі бұл күнә кешірілмейтін күнә.
Аллаһым, пайдалы ілім берсін…

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: