11. Әл-Жәббәр


11. Әл-Жәббәр

Келесі есім – Әл-Жәббәр. Жәббәр сөзінің тілдік мағынасы – күшті, қуатты, құдіретті деген мағына береді. Құрандағы: «Ол жерді қуаттылар мекен етеді»,-деген аят осы мағынамен келген. (Мәйдә, 22).
Сондай-ақ, биік, ұзын болған затқа да осы атау қолданылады. Сол себепті де тәкәппарлық танытқан адамға /тәжәббара ар-ражулу/ деп айтады.
Бұл есім Құранда бір рет келген. Мағынасы – Барлық құлдарын өзіне бойұсындырушы, Мәжбүр етуші, Құдіретті, Аса өктем деген мағынаға жақын. Алдында Әл-Ғазиз есімінің мағынасын Құдіретті дедік, бұл жолы Әл-Жәббәр есімін де Құдіретті деп аудардық. Неге бұлай? Біріншіден, араб тілі өте бай болуы себепті көп сөздің мағыналарын қазақ тілімен беру мүмкін емес. Екіншіден, Әл-Ғазиз деген жерде Аллаһ барлық жаратылыстың үстінен қарайтын құдіретті деген мағына берсе, Әл-Жәббәр деген жерде барлық құлдарының үстінен өктемдік жасаушы, оларды бойұсындыруға құдіретті деген мағынада. Демек, Аллаһ тағала өзіне ұнаған нәрсені бұйырып, соны шариғат етіп, сол шариғатпен жүруді мәжбүр етеді. Кімде-кім істесе, сауап алады, ал кімде-кім істемесе, онда күнә алады. Алайда, Аллаһ тағала адамдардың мұсылман болуын немесе кәпір болуын мәжбүрлемейді. Кез-келген адам өзінің еркі бойынша әрекет етеді, алайда соның өзінде Аллаһ тағаланың қалауынан артық әрекет жасай алмайды. Яғни өзінің еркіндегі нәрсені орындауы мүмкін, алайда Аллаһ қаламаса, онда ол нәрсені жасай алмайды.
Әл-Ғазиз бен Әл-Жәббәр арасындағы айырмашылықты айтар болсақ, Әл-Ғазиз дегеніміз «Барлық нәрсенің үстінен өктемдік етуші», ал Әл-Жәббәр: «Барлық Құлдар оған бойұсынады». Алайда екі есімнің мағыналары өзара жақын. Аллаһтың Әл-Ғазиз, Әл-Жәббәр екенін, яғни аса Құдіретті екенін есте ұстап, барлық жаратылыстың оған бойұсынғандығын, кез-келген нәрсе оның билігіне кіретінін біліп, осыны мойындап, өзіміз де шынай түрде өзімізді құл ретінде сезініп, шынайы құлшылық жасайық. Бізге өмір берген Аллаһ бізді өлтіруге де шамасы келеді. Ал өлгеннен кейін бәрі де кеш болмақ.
Шынайы өктемдік тек Аллаһқа жарасады. Жер бетін билеген кейбір патшалар зорлық-зомбылық, өктемдік жасап, кеуде керіп, тәкаппарлануы мүмкін, алайда, олар нағыз мүлік иесі емес әрі өктемдіктері өткінші ғана. Азық таусылса аштық қысып, сусыз қалса шөліркейді. Көзі тірісінде ауруға шалдығып, жер құшса денесі құрт-құмырсқаға азық болады. Сөйте тұра кеуде керіп, тәкаппарлана ма? Бәлки, шынайы өктемдік Аллаһқа тән.
Кейбір пайғамбарлар мен елшілер адам баласының тәкаппарланып, өктемдік жүргізуіне қатты наразы болған-ды. Һұд пайғамбар өзінің қаумына: «Қашан ұстасаңдар, зорлықпен (өктемдікпен) ұстадыңдар. Енді Аллаһтан қорқып, маған бағыныңдар»,-дейді. (Шұғара, 130-131). Бірақ та олар бас тартып, озбырлық жасауларын жалғастырып, ақыры толығымен құрып кетті.
Аллаһ тағала зорлықшыл, өктемдік жүргізушілердің үлкен азапқа душар болатынын хабардар еткен. Құранда: «(Пайғамбарлар) Аллаһтан көмек тіледі де, зорлықшыл, қасарысқанның барлығы да зиянға ұшырады. Оларға оның артынан тозақ бар және ірің суы ішкізіледі. Оны жұтуға тырысады, бірақ тамағынан өткізе алмайды. Сондай-ақ, оған әр тараптан өлім келеді де, ол өле алмайды. Тағы оның артынан ауыр азап келеді»,-деген аят осының айғағы. (Ибраһим, 15-17). Ондай болса зорлық-зомбылық, өктемдік жасаудан аулақ болған жөн, себебі шынайы өктемдік тек Аллаһқа тән.
Аллаһ елшісі (с.а.с) намазда рукуғ пен сәжде жасау барысында осы есімді ауызға көп алатын. Бізге жеткен хадистерінің бірінде рукуғ бен сәждеде: «Субхәәнә зил-жәбәруути уәл-мәләкуути уәл кибрийә-и уәл-азамаһ»,-деп мадақ айтатын. Яғни өктемдік, мүлік, тәкаппарлық, ұлылық иесі (Раббым) кемшілік атаулыдан пәк деген сөз.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: