12. Әл-Мутәкәббир, 13. әл-Кәбир


12. Әл-Мутәкәббир
13. әл-Кәбир

Бұл жолы екі есімді қатар талдап өтеміз, ол: Әл-Мутәкәббир және Әл-Кәбир. Бұл екі есімнің екеуі де араб тіліндегі «кәбурә» етістігінен туындап, ұлылық, үлкендік мағыналарын білдіреді.
Әл-Мутәкәббир есімінің мағынасы-барлық жамандықтан, барлық зұлымдықтан таза, ұлылық пен тәкәппарлық иесі. Бірақ, Аллаһтың тәкәппарлығы адамдардың тәкәппарлығына ұқсамайды, бәлкім өзіне тән.
Ал Әл-Кәбир есіміне келер болсақ, мағынасы-Ұлы, Үлкен деген мағынаға жақын, яғни Ең ұлы, өзінің жаратқан нәрселерінің ешқайсысына да ұқсамайды, өте ұлы деген мағынаға жақын.
«Әл-Мутәкәббир» есімі Хашыр сүресінің 23 аятында бір рет келсе, «әл-Кәбийр» есімі Құранның алты жерінде айтылады. Құрандағы: «Бәрінен үстем, құдіретті, өте зор»,-деген аятта «әл-Мутәкәббир» есімі айтылып, «Аса Ұлы, өте жоғары»,-деген аятта «әл-Кәбийр» есімі келген.
Екі есімнің екеуін де жинап, амал етер болсақ, біріншіден: Аллаһ тағала барлық нәрседен ұлы. Шын мәнінде Аллаһ ұлы. Аллаһтың ұлылығын сөзбен жеткізіп, ақылға сыйғызу мүмкін емес. Құранда: «Олар оны толық біле алмайды»,-деген. (Таһа, 110). Аллаһ өте Ұлы болуы себепті Оның заты мен сипатын танып білу мүмкін емес. Ондай болса оны елестетіп, бір затпен салыстырып жатуға болмайды. Шектеулі азғантай ақылымызбен шексіз Ұлы Құдіретті Аллаһты тани алмаймыз. Кейбір философтар Аллаһ жайында көп ойланып, көп сөз қозғап, ақыры адам айтқысыз адасуларға душар болған. Сол үшін де Аллаһ жайында шектен тыс ойлаудан аулақ болған жөн. Құран мен хадистерде келген есімдер мен сипаттарды біліп, иман келтіріп, одан әрі ойланудың керегі жоқ. Тура сол сияқты бұл жолы да: Аллаһ ұлы екенін білдік, болды, Аллаһ ең ұлы. Бірақ қаншалықты ұлы, үлкендігі қандай деген сұрақтарға кіруге болмайды әрі мұны ойламаған абзал. Себебі Аллаһ тағала мұны бізге баян етпеген, ал ақылымызбен біз оны бәрібір таба алмаймыз. Бәлкім көп ойлай беріп адасып қалуымыз мүмкін. Аллаһ ең ұлы екенін білген адам шынымен де Аллаһтан қорқа бастайды. Оның алдында біз түкке тұрғысыз жаратылыспыз. Аллаһ не қаласа соны істей алады. Өлтіреді, тірілтеді, азаптайды, мейіріміне бөлейді. Біз Оның алдында түкке тұрғысызбыз. Ал ол ең ұлы Оған тең келер ешкім жоқ.
Екіншіден-Тәкәппарлық тек қана Аллаһқа жарасқан. Демек, адамның тәкәппар болуы Аллаһтың ашуына әкеп соғады. Ондай болса, бұл сипатты қалай болса да тастау керек. Бастық бол, жұмысшы бол, бай бол, кедей бол-адамдардың бәрі де Аллаһтың алдында тең. Ондай болса кеуде керіп, тәкәппарланудың керегі жоқ, себебі тәкәппарлық тек қана Аллаһқа жарасқан.
Тәкәппар адам таудың үстіне тұрып алып, төменге қараса, адамдардың кішкентай қылып көреді. Сөйтіп өзін басқалардан үлкен санап, жерде жүрген адамдарды кішкентайсынып, кеуде кереді. Бірақ, ол ақымақ. Себебі жердегі адамдар жоғары қараса таудың басында тұрған әлгі адамның өзі де жердегілер үшін кішкентай болып көрінеді емес пе?!
Құлшылық жасамау, намаз оқымау да тәкәппарлықтың белгісі, яғни бейнебір Аллаһтың әміріне құлақ аспай, бойұсынбай, тәкәппарланғанмен тең. Аллаһтың сөзін түкке тұрғысыз деп біледі олар. Ал тәкәппардың жазасы қандай болатыны бәрімізге де белгілі.
Үшіншіден-Күнделікті бес уақыт намаздан алдын азан шақыруымыз, әрбір рәкәтта «Аллаһу әкбәр»-деп яғни Аллаһ ең ұлы деп айтуымыз да тектен текке емес. Бұл есім әркез есте жүріп, Аллаһтың ең ұлы екенін естен шығармау үшін осылай жасалған. Ондай болса өзімізді үлкенсініп, кеуде керіп, мұрын шүйіріп жүруіміздің еш керегі жоқ. Аллаһым тәкәппарлықтан сақтап, жақсы мінез-құлыққа қол жеткізуімізді нәсіп ет!

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: