20. Әс-Сәмиғ


20. Әс-Сәмиғ

Әс-Сәмиғ есіміне келер болсақ, бұл қазақ тіліндегі «Естуші» деген мағынаға жақын. Бұл есім Құранда 45 жерде келген.
«Әс-Сәмиғ» сөзі араб нұсқасында күшейтпелі формада келген, демек, Аллаһ біз ести алмайтын нәрсенің бәрін де естуші. Адамдардан жасырынып, ешкім жоқ жерде айтқан сөздерімізді тіпті ең керемет құралдармен байқалмайтын дыбыстың бәрін де естиді. Алайда, Аллаһ бізге ұқсамайды әрі Аллаһтың естуі біз сияқты құлақпен емес, өзіне тән түрде болады. Себебі Құранда Аллаһтың еститіні айтылған, біз иман келтіреміз, алайда қалай еститіні бізге беймәлім. Одан әрі қазбалап, қалай еститінін ақтару бізге жараспайды.
Мысал келтіре кетейік. Кезінде, Исламға дейін арабтарда «Зиһар» деген әдет-ғұрып болған. Ол, мысалы: біреу өз әйелінен шаршап, көптеген кемшіліктер тауып, оған «Сен менің анамның арқасы сияқтысың немесе қызымның арқасы сияқтысың» – дейді екен. Немесе әпкемнің т.б. Яғни әйелін туыстарға теңеу арқылы, оған жақындамауға ант береді. Ол әйел оған туыс анасы, қызы сияқты боп қалады да, оған жақындамайды. Міне, осыны Алла тыяды. Орнына талақты, яғни, ажырасуды кіргізген. Бірақ талақ рұқсат етілген нәрселердің ең нашары. Құранның көп жерінде осы зиһардың дұрыс емес екенін айтып, оны тыйған. Сонда бірде Мединеде ансарлардың бірі өз әйеліне: «Сен менің анамның арқасындайсың»– дейді. Сонда жаңағы әйел не істерін білмей, абыржып, Елшіге (с.ғ.с) келеді. Жай ғана дауыспен өзінің бұйымтайын айтып, оқиғасын айтып береді. Осы оқиғаның куәгері болған Айша анамыз да сол бөлмеде отырады. Алайда ол әйелдің не айтқанын естімейді. Біздің білуімізше ол кезде бөлмелер өте кішкентай болған. Қазіргідей 5х6 немесе 10х15 емес. Өте кішкентай болған сол бөлменің бір бұрышында болған Айша анамыз естімеген әңгіме жайында Алла аят түсіреді. Субханалла, жеті қат аспан ар жағындағы Алла естіп, соған байланысты: «Расында Алла, ері жайында Аллаға шағымданып, сенімен тартысқан әйелдің сөзін естіді. Алла екеуіңнің сөйлескендеріңді де естиді. Шүбәсіз Алла толық естуші, тым қырағы» – деген аятты түсірген. (Мүжәдәлә сүресі, 1 аят).
Егер біз аспанға қарасақ, біз тек жұлдызбен сәнделген бірінші аспанды көреміз. Бірінші аспанның көлемі үлкендігі сонша, әлі күнге шейін оның қаншалықты үлкен екенін таба алмауда. Ал пайғамбар (с.ғ.с) хадисін еске алсақ: «Бірінші аспан екінші аспаннан шексіз шөл даладағы жатқан сақинадай кішкентай. Ал екінші аспан үшінші аспаннан шексіз шөл даладағы жатқан сақинадай кішкентай» – делінген. Осыны есептеймін деп қазіргі заманғы ең дамыған компьютердің өзі түтіндеп, жарылып кететін шығар. Субханалла, осындай бірі-бірінен шексіз шөл дала мен сақина айырмасындай болған жеті қат аспан ар жағынан естіген Алла не деген құдіретті. Сол бөлмеде болған Айша анамыз сол әңгімені естімегенін айтады. Алла естуші. Өзінің сипаттарында өте ұлы! Аллаһу әкбар!
Сәмиға етістігі тек қана есту емес, сондай ақ қабыл ету деген де мағына береді. Сол үшін де намаз оқушы адам рукуғтен көтеріліп келе жатып «Самиға Аллаһу лимән хамидәһ» деп айтады, яғни «Аллаһ Оған мадақ айтушының мадақтауын қабыл етеді»-деген мағынада.
Бұл есімге Құранда келуі себепті иман келтіріп, «қалай естиді?»-деген сұраққа кірмейміз. Аллаһ өзін Құранда қалай суреттейтін болса, біз сол суреттеуден артық сөз қозғамаймыз әрі қандай, қалай? деген сұрақ төңірегінде ой жүгірпейміз. Себебі адамзат – жаратылыс. Ал жаратылыстың кішкентай ғана ақылы, шексіз ұлы Жаратушысын бәрібір толық қамти алмайды!!!
Адамдарды да «Сәмиғ» деп сипаттауға болады алайда бұл есімді адамдарға жанастырған кезде бұл сөздің мағынасы тек «естуші» деп қана шектеледі. Ал кемшіліксіз түрде есту сипаты тек қана Аллаһқа лайық.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: