21. Әл-Басыр


21. Әл-Басыр

Бүгінгі тақырып өзегі Аллаһтың Әл-Басыр есімі айналасында өрбімек. Бұл есім Құранда 42 жерде келген. (Мысалы: Бақара сүресінің 2:233 аятында).
Жалпы араб тіліндегі «Басар» сөзі «Көру» және «Білу» мағыналарын береді.
Ал адамзаттың ішкі (рухани) дүниесі және сыртқы (тәни) дүниесі болады. Демек, Аллаһтың Әл-Басыр есімі: Өзі жаратқан жаратылыстардың кез-келген сыртқы, көзге көрінетін ісін, әрекетін көруші әрі жасырын және жария болған нәрселердің бәрін де білуші.
Тіпті қап-қараңғы түнде жылтыр қара тас үстінде сырғып жүріп бара жатқан кішкентай қара құмырсқаның өзін көреді әрі біледі.
Бұл есімге амал етуде, ең алдымен осы есімге иман келтіріп, Аллаһтың көруші екеніне сену керек. Бірақ, Аллаһтың көруі біздің көру сияқты емес, бәлкім өзіне тән түрде. Өзі Құранда қалай баяндаса, солай иман келтіру бізге парыз. Біздің көруіміз шектеулі ал Аллаһтың көруі шексіз, кемшіліксіз. Адамдарға жәрдем беруде тек көруші, естуші әрі жәрдем етуге шамасы келетін біреу ғана көмек бере алады. Ондай болса пұттар, әруақтар және тағы басқа нәрселер бізге жәрдем бере алмайды. Себебі олар бізді естімейді, көрмейді әрі жәрдем етуге еш шамасы келмейді.
Аллаһтың естуші, көруші және білуші деген есімдерін әркез есте сақтап жүретін қоғам әркез тыныштық пен амандықта болмақ. Себебі кез-келген күнә адамның дене мүшелерінің үшеуімен жасалады.
Мыс: Адамдар жайында жаман ойда болып, әркез тек жаман ойлы, жаман ниетті болу, ықылассыздық көрсету адамның жүрегімен атқарылады. Енді ондай адам: «Аллаһ бәрін де білуші ғой. Менің жүрегімде не жасырылғанын білетін Аллаһтан ұялып, жүрегімді түзейін»-деп ойласа болды, бірден жүрегі жақсы жаққа ауа бастайды.
Немесе біреу өтірік, ғайбат, өсек, балағат айтады. Мұның бәрі де тілмен атқарылады. Енді ол осылай жасамастан бұрын: «Аллаһ естуші. Менің айтқан сөздерімнің бәрі де жазылып жатыр, ертең Аллаһ алдында жауап беру қиынға соғып қалар»-деп ойласа болды, тіліне сақ бола бастайды.
Немесе біреуді ұру, ұрлау, зина /ойнастық/ жасау, арақ ішу сияқты әрекеттерді жасамастан бұрын өзіне: «Аллаһ бәрін де көруші ғой. Менің атқарған істерім Аллаһқа жақпайды. Адамдар алдында жасаудан ұялатын істерді Аллаһ алдында қалай жасаймын?»-десе болды, амалдары түзеле бастайды. Демек, әркез жүрегін, тілін және денесін сақтап, Аллаһтың естуші, көруші және білуші деген есімдерін есте сақтап, осыған сәйкес амал жасайтын болса, онда күнә атаулыдан таза болады. Осы үш есімнің хақысын беретін қоғам әркез амандық пен тыныштықта болмақ. Сенбесеңіздер өздеріңіздің атқарып жүрген істеріңізге назар аударыңыздаршы. Бәрі де жүрек, тіл және дене мүшелерінен әрі аспайды ғой. Ал мұны тексеріп отыру үшін не керек? Әлбетте шектеп, тыйып тұратын бір шектеу, тыйым керек. Ал ол тыйым осы үш есімді біліп, сәйкес амал жасау.
Бұған қоса біз «Әғузу билләһи минаш шайтанир ражим», яғни «Қуылған шайтаннан қашып, Аллаһтан пана тілеймін»,-деп айтуымыздың себебі де осы. Себебі біз шайтанды көрмейміз, не айтып жатқанын білмейміз. Ал көзге көрінбейтін, құлақпен естілмейтін жауымыздан кім құтқарады бізді? Әлбетте бәрін естуші, толық көруші ұлы Аллаһ!
Аллаһ тауфиқ берсін.

Advertisements

One Response to 21. Әл-Басыр

  1. Кәрім айтады:

    Мұсылман мемлекеттерінің бірінде ұрлық көп тіркелген бір сауда орнына видеокамера орнатылған. Және де видеокамераның іске қосылғандығы жөнінде адамдардың бәріне айтылған, хабарландырулар ілінген. Содан кейін әлгі сауда орнында ұрлық сап тыйылған екен.

    Ойланайықшы. Сонда біз Алла тағаланы видеокамера құрлым көрмей тұрмыз. Алланың ақыреттегі Сотынан қорқып тұрған жоқпыз, осы дүниедегі соттан, осы дүниедегі түрмеден қорқып, ұрлық істемей қойдық.

    Осының бәрі біздің өз Жаратушымыз жөнінде біліміміз өте саяз екенін анық көрсетіп тұр. Алла тағала қандай есімдермен аталып, қандай сипаттармен сипатталатынын білмеу – мұсылман адамды надандыққа әкеп тірейтіні анық.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: