22. Әл-Ғафуур, 23. Әл-Ғаффар (және әл-Ғаафир).


22. Әл-Ғафуур

23. Әл-Ғаффар

Келесі екі есім әл-Ғафуур және әл-Ғаффар, бұған қосымша кейбір ғұламалар атап өткен әл-Ғафир есімі үшеуі де араб тіліндегі «Ғафр» сөзінен туындайды. Тілдік мағынасы жасыру сөзіне сәйкес.
Әл-Ғафуур есімі Құранда 91 жерде келген. Әл-Ғаффар есімі 5 жерде келіп, әл-Ғаафир есімі болса Ғафир сүресінің 3 аятында бір рет келген. Сол үшін де ғұламалардың көп бөлігі бұл есімді атап өтпеген.
Бұл үш есім де өзара жақын мағыналас, «жасыру» мағынасын береді. Яғни Аллаһ тағала құлдарының күнәларын жасырушы, артынан азапқа салмайды.
Әл-Ғаафир – құлдарының күнәларын жасырушы. Әл-Ғаффар – күнәларын көп жасыру. Ал әл-Ғафуур болса алдыңғы екеуінен де артық. (Қазақ тіліне аударылған кітаптарда бұл есімдер кешіруші, жарылқаушы деп келген. Аударма қате деп саналмайды, себебі Аллаһ күнәні жасырып жібереді әрі артынан азап болмайды. Ал бұл кешіру деген мағынаны береді).
Бұл есімге иман етуде Аллаһ тағаланың барлық күнәні, тіпті тәубе етсе, серік қосудың өзін жасырып жібере алатынына, әрі артынан азап бермейтініне сену керек. Себебі Аллаһ күнәларды жасырушы, көп күнәні жасырушы әрі өте көп жасырушы. Тым кешірімді, аса жарылқаушы.
Бұл дүниеде кейбір силы, адамдар алдында мәртебелі адамдар сол дәрежеге өзі жетті ме? Жоқ, бәлкім Аллаһ оның істеген күнәларын адамзат көзінен жасырып, сол үшін де оның мәртебесі жоғарылаған. Шындығына келсек, егер адамның жасаған күнәлары жасырылмайтын болса, әлбетте масқарасы шығып қалар еді. Тек иман келтіріп, жақсы амал жасағандардан өзгесі!
Бірақ, күнәм жасырылады екен деп, жамандығын асырып, күнәсын тысырып асыр салуға тағы болмайды. Бәлки, шама келгенше жақсылыққа жақын болып, жамандықтан алыс бола білу керек. Бұл берілген нығметті дұрыс пайдалана білу керек.
Күнә жасаған адам Аллаһтың кешіріміне қарай ұмтылуы керек. Ал ол қалай жүзеге асады? Аллаһ тағала Құранда: «Шын мәнінде кім зұлымдық жасаса, сосын сол жамандығынан кейін оны толығымен жақсылыққа ауыстырса, шынында мен Аса жарылқаушы, ерекше мейірімдімін»,-деген. (Нәміл, 11). Демек, күнәлардың жасырылып, толығымен жоғалып кетуінің шарты – артынан жақсы амал жасау, шынайы тәубе ету. Ал егер кешірім сұрап қойып, өзі сол күнәнің орнын толтыратын жақсылық жасамайтын болса, онда ол сол ісі үшін азапталып барып қана кешірілуі мүмкін, Аллаһ сақтасын. Осы жайтты есте сақтау керек.
Тағы бір ескертпе: «Ниетім таза, жүрегің ақ болса болды, Аллаһ бәрін кешіреді»,-деген сөз негізі жоқ сылтау ғана. Әлбетте, жүрек таза болу керек. Бірақ, бұл сөзді жиі қайталап жүретін адамдар көбіне бұл сөзді өзіне сылтау етіп, өзі араққа, бос әурешілікке салынып, намаз оқымауға, ораза ұстамауға бейім жүреді. Ондай жанға жүрегінің ақ болғаны пайдасын бермейді. Құранда да, хадисте де бұған көптеген дәлелдер бар. Аллаһ тауфиқ берсін!

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: