Араб халқының діни, қоғамдық ахуалы

(жалғасы, басы мына бетте)

6-С: Исламға дейінгі кезең қалай аталады?
Ж: Бұл кезең Ислам шариғатында «надандық дәуірі» (ғасрул-жәһили) деп аталады.

7-С: Надандық дәуіріндегі арабтардың қоғамдық жағдайы жайында не білесің?
Ж: Ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас әртүрлі болды. Кейбір ерлер әйел затын сыйлап, олармен жылы қатынасса, енді кейбірі тек тән рахаты үшін қолданатын. Бұған араб поэзиясындағы өлең жолдары куә.
Бала мен ата-ана арасындағы қатынасқа келер болсақ, көбіне қыз баланы ар көріп, тірідей көму әдеті қалыптасқан-ды. Ал кейбір кедей, тұрмысы нашар отбасылар тіпті ұл баласын да тірідей топырақ жұттыратын. Бірақ, халық ішінде есті, ақылды, парасатты жандар әлгі балалардың қыршынынан қиылуына тосқауыл болып, ата-анасынан сатып алып, өзі өсіріп, тәрбиелейтін. Ал басқа жағдайда арабтар ұл баланың туылуын құт-береке санап, қыз баланың туылуын қаламайтын.
Ағайындық қатынасқа келер болсақ, өзара жәрдем көрсету, бауыр басу, бауыры зұлымдыққа түссе де, өзі зұлымдық жасаса да соған болысып отыратын. Сол үшін де ертедегі арабтар арасында: «Залым болсын, зұлымға ұшырасын бәрібір, бауырыңа жәрдем бер» деген ұран қалыптасып қалған.
Ру аралық байланысқа келер болсақ, өзара жаулық, барымталық, ұрлап қалу, тонап қалу, басып қалу, шалып қалу сынды олқылықтар көп кездесетін. Бір елде батыр шықса қуанып, ақын шықса шаттанып, өзге рулардан басым болуға бар күшін салатын.

8-С: Араб рулары арасында тектілігі жағынан көркем ру қай тайпадан тарайды?
Ж: Араб тайпалары арасында айрықша беделге Құрайыш тайпасы ие болатын. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, олар Мекке тұрғындары. Ал Мекке болса барлық араб руларының қажылықта бет түзейтін құбыласы болатын.
Екіншіден, олар қажылыққа келген арабтарды тамақтандыру, жайландыру, шөлдерін басу, Қағбаға мата тігу сынды құрметті де көрнекті істермен айналысаты. Ал бұл қызмет түрлерін тек беделді ру атқаруы рұқсат етілген.
Үшіншіден, жазда Шамға, қыста Иеменге сауда сапарын атқаруда басты керуен Құрайыштыкі болатын. Осы және бұдан да өзге артықшылықтары бар.

9-С: Арабтардың Исламға дейінгі кезеңдегі сауаты жайында бірер мағлұмат бере аласың ба?
Ж: Исламға дейінгі кезеңдегі арабтардың көп бөлігі жазу, сызу, оқу білмейтін, яғни қараңғы халық болатын.
Бірақ, олар жаттау және өлең шығару саласында, шешендік өнерінде ешкімге дес бермек, шаңына ілестірмес қоғам болатын-ды.
Бұған қоса олар түйеге, жылқыға қатысты барлық өнер түрін білетін, із кесу, аңду саласында алдына жан салмайтын. Борпылдақ топыраққа түскен іздің қанша уақыт бұрын өткенін, қанша жер жүріп үлгергенін толық айтып бере алатын.
Араб халқы ашық сахарада өмір сүруі себепті сахарада болатын ауру түрлерін емдеу, тағам өнерлерін, жергілікті үлгіге сәйкес тігін өнерін жақсы меңгергені бар.

10-С: Арабтардың Исламға дейінгі діни нанымдарын білесің бе?
Ж: Араб жарты аралында кең етек жайып, қанатын кең жая тараған дін – пұтқақұлдық болатын. Құранда ертедегі арабтардың ақымақтығын әшкерелеген бірнеше аяттар бар.
Араб халқы сөйле десе сөзге келмейтін, тыңда десе құлақ түрмейтін соқыр, мылқау пұттарға табынуды дін деп санап, өздері үшін тастан, ағаштан, сүйектен пұттар жасап алатын. Кейбірі тіпті алыс жолға шығарда өзімен алып жүру үшін қамырдан пұт жасап алып, жолда азығы таусылса кешірім сұрап, «құдайын» жеп қоятын.
Иемен жақтағы арабтар күнге табынатын. Бұл жайында Нәміл сүресінің 23, 24- ші аяттарында баян етілген.
Арабтардың парсылармен шекаралас өлкесінде отқа табынушылық, Иемен өлкесінде яһудилік және Ғассан мен Хира өлкесінде християндық діндер ептеп көрініс табатын.

11-С: Арабтардың «құдайларын» атап өте аласың ба?
Ж: Ертедегі арабтар бірнеше пұтты құдай деп білген, әрі әрбіріне тиісінше ат беріп, кәсіп арнаған. «Лат» құдайы Тайфтық Сәқиф тайпасының арнайы құдайы, «Ғузза» болса ғатафан руының құдайсымақтары, «Манат» құдайшығы Һузәйл мен Хузаға тайпасының құдайлары болатын. Ал Қағба тасының жанында оң қолы жоқ Һубәл пұты және 360 өзге пұттар болатын. Құрайыштықтар Һубәлдің қолы жоғын көріп, оған алтыннан аптап жаңа қол жасап қояды.
Бұл құдайлар маңында өскен өсімдік, ағаш кесілуіне қатаң тыйым салынған-ды.

12 – С: Олар құдайларына не мақсатпен құлшылық жасады?
Ж: Олар өз пұттарына «Біздің ісімізді, дұғаларымызды Аллаға жеткізсін»,-деп құлшылық жасайтын. Құранда ертедегі араб мүшриктерінің сөзі: «Біз бұларға Аллаға жақындастырсын деп қана табынамыз»,-деп берілген. (Зүмәр, 39:3).
Ертедегі арабтар Аллаһты нағыз құдай деп, жаратушы деп, ризық беруші деп білген, алайда құлшылық жасауда ғибадаттарын тек оған емес, өзге пұттарға да арнайтын. Құранда «Егер жерді, аспанды кім жаратты деп сұрасаң, олар: «Аллаһ»,-деп жауап береді»,-деген мәндегі аяттар көптеп кездеседі. Бұл сол кездегі арабтардың Аллаһты білгенін көрсетеді. Бірақ, құлшылықтарында серік қосып, Аллаһпен қатар пұттарына сиынғандықтан «мүшрик» атанған.

13 – С: Араб жұртының бәрі де Аллаһқа серік қосушы мүшрик болған ба?
Ж: Жоқ, араб жұртының арасында аз-да болса ертедегі Ибраһим дінін ұстанып, тек қана Аллаһқа құлшылық жасаушы топ болатын. Ол топ «ханифтер» деп аталады, яғни «серік қосудан бас тартып, жалғыз құдайға құлшылық етушілер».
Бұл топ өте аз, тіпті саусақпен санап шығуға болатын-ды. Солардың кейібірін атап өтсек, пайғамбарымыздың (с.а.с) жұбайы Хадишаның көкесі Уарақа ибн Нәуфәл. Омар ибн Хаттабтың көкесі Зәйд ибн Амр ибн Нуфәйл және т.б.
Бірақ, бұлар Ибраһимнен мирас болып қалған діннді жақсы білмейтін. Сол үшін де бар жасаған құлшылығы тек жерге бас қойып, өз ойынан дұғалар айтып жүретін.

(Жалғасы бар…)

Advertisements

4 Responses to Араб халқының діни, қоғамдық ахуалы

  1. Кәрім айтады:

    Меніңше, мына аударманы тоқтатпай, тәдрижий түрде жалғастыра беру керек. Ақын бауыр, ештеңесін қысқартпай беріп отырған боларсың? Алдағы уақытта баспаға беру мүмкіндігін де естен шығарма!

  2. Abuhajar айтады:

    Шама келгенше толық жазуға тырысып жүрміз, аға!

  3. Кәрім айтады:

    Мәселе былай ғой: Мына кітап маған ұнап тұр. Тақырыптарын ғана қалдырып, жауаптарын да өте қысқа етіп қалдырып, басқа бір еңбек жасауға болатын сияқты. Ол қандай еңбек дейсің ғой? Сұрақ-жауап картасы. Не деуші еді арапшасын? Ішінде елу, жүз дана сұрақ-жауап тұрушы еді ғой? Солай етіп жасауға болады мұны.

  4. abuhajar айтады:

    Иншалла, ойыңыз жақсы екен. Көмек жасайсыздар гой!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: