24. Әл-Қоһир, 25. Әл-Қаһһар


24. Әл-Қоһир,
25. Әл-Қаһһар.

Бұл екі есім де араб тіліндегі «Қаһр» сөзінен туындап, басым болу, үстінен алу, үстем болу деген мағыналар береді.
Қаһир есімі Құранда 2 жерде келген. (Әнғам, 6:18, 6:61 аяттары). Ал әл-Қаһһар есімі 6 рет айтылған. (Мысалы: Ғафир, 40:16).
Әл-Қаһһар есімі әл-Қоһир есімінен қуаттырақ, асырмалы шырай формасымен келген. Демек, әл-Қоһир мағынасы «үстем, үстемдік етуші, басым болушы» болса, әл-Қаһһар мағынасы «аса үстем, тым басым» деген мағына береді.
Аллаһ тағала өзінің құлдарының үстінен үстемдік жүргізуші, ұлы құдірет иесі. Себебі Әнғам сүресінің 18 аятында да, 61-ші аятында да: «Ол өзінің құлдарының үстінен өктемдік етуші»,-деп айтылған. Демек, Аллаһ жаратылысын жаратып, сол арқылы өзінің қарамағындағыларға үстем болды, ол құлшылық жасауды бұйырып, өзі барлық жаратылыстан басым болды. Жүздер бұрылып, көкейлер ықыласты болып, тілдер тәсбих айтып, кешірім сұрап, маңдай сәждеге жығылып, саптар түзеліп, жаппай құлшылық қылынып жатудың бәрі де Раббымыздың Ұлылығын, үстемдігін, басымдылығын паш етеді. Кеуде керген кербездің өзі Аллаһқа еріксіз немесе ерікті түрде боұсынады. Бойұсынбаймын десең ауырмай гөр. Ешкімге тәуелді емеспін десең тірі жүр. Бәлкім, ауыру, өлу, жылау, құлау – бәрі де Аллаһтың өктемдігін көрсетеді.
Ол өктем, бірақ, оған өктемдік жүрмейді. Аллаһқа боұсынбаймын деген адам Аллаһ берген ауамен демалмасын, ауру келсе ауырмасын, туыстарын сақтап қалуға тырыссын, жермен жүрмесін жалпы, Аллаһ жаратқан жаратылыстан өзге жерде өмір сүрсін, әйтпесе, осы нығметті бергенге бойұсынсын, өктемдігін мойындап, намазға келсін!!!
Бұл сипат Аллаһқа қатысты айтылғанда Оның ұлылығын көрсетсе, адамдарға айтылғанда ол адамның залымдығын, қатыгездігін білдіреді. Яғни, Аллаһ өктем деген сөз, Аллаһ бәрінен де басым. Ал өктем адам деген сөз, залым деген мағына береді. Тәкаппар деген есім сияқты. Егер адамға қатысты айтылса, кеуде керуші, мақтаншақ деген мағына беріп, Аллаһқа қатысты айтылса, «Ұлы, үлкен, зор» деген мағына береді. Сол үшін Дұха сүресінің 9 аятында (93:9): «Жетім болса, оған өктемдік жүргізбе!»,-деген.
Демек, Аллаһ өктем (әл-Қоһир). Бірақ, кейбір адамдар да Қоһир деп сипатталуы мүмкін. Ал әл-Қаһһар деген есім тек қана Аллаһқа тән, себебі барлық өктемшінің үстінен қараушы өктемдік иесі біреу. Ол-Аллаһ субханаһу уә тәғала!

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: