3-сабақ: «Ғилму риуаяһ» және «ғилму дираяһ» жайында бір ауыз сөз

Ғилму дираяһ

Ғилму дираяһ дегеніміз-«Ғилму мусталах» (Терминология ілімі). Екеуі де бір мағына береді. Ал бұл – хадисті жеткізушілер тізбегі мен хадис мәтінін қабылдау және қабылдамау ережелерін зерттейтін ғылым. Басқаша айтсақ, хадисті жеткізуші адамдардың тізбегін, ол адамдардың хальдерін, сенімділігін, оған қоса келтіріп отырған хадистерін, оның сенімділігін және осыған байланысты болған нәрсенің бәрін де зерттеп, арнайы ережелер орнатады.

Төртінші сабақтан бастап осының бәрін шарттарымен, ережелерімен қосып талдап, керегінше түсіндіріп өтеміз. Әзірше…

Маңызды терминдер

«Хадис» – Аллаһ елшісінің (с.а.с) сөздері, істері, келісімдері және мінез-құлқы мен сипаттары.

«Әл-Хабар» – хабар. Кейбір ғұламалар хадис мағынасымен бірдей десе, кейбірі пайғамбардан өзгелердің сөзін де хабарға жатқызған.

«әл-Әсәр«. Бұл сахабалар мен табиғиндердің айтқан сөздері.

«Хадис қудси» дегеніміз – Аллаһтың сөзін пайғамбарымыздың жеткізуі.

«Мәтн» – хадистің дәл өзі, ал «Иснад» – сол хадисті жеткізуші адамдар есімдері.
«Мухаддис» – хадис ілімімен айналысушы адам.
«Хафиз» – мухаддис дәрежесінен сәл жоғарғы дәреже.
«Хаким» – хадистің барлығын қамтыған адам.

Ғилму хадис риуаяһ

Бұл – Аллаһ елшісінің (с.а.с) сөздерін, істерін, келісімдерін және мінез-құлқын қамтитын сөздерді зерттейді, яғни мәтіннің өзін зерттейді.
Аллаһ елшісінің (с.а.с) хадистерін ең алғаш жинай бастаған адамдар:

Меккеде: Абдулмәлик ибн Абдулазиз ибн Журәйж.
Мәдинада: Имам Мәлик, Ибн Әбу Зи*б пен Мухаммад ибн Исхақ.
Басрада: Хаммад ибн Сәләмә, Сағид ибн Әби Ғаруба.
Куфада: Суфиян Саури.
Иеменде: Мағмар ибн Рошид.
Хорасанда: Абдулла ибн Мубәрак. Осылардан кейін хадис жинақтап, реттеушілер бұлардың ізімен жүрген.
Ең алғаш хадистерді реттеп, тек сенімді түрлерін келтірген жан-Мухаммад ибн Исмағил Бұхари. Үммет арасында «Сахих Бухари» деген атпен белгілі бұл кітапта 7397 хадис келтірілген.
Одан кейін имам Муслим ибн Хажжаж еңбегі келеді. Бұл кітап қалың үммет арасында «Сахих Муслим» деген атқа ие. Ішінде қайталанусыз 4000 хадис келген.
Бұлардан кейін Ибн Хузәйманың «Сахих хадистер» жинағы келеді, сосын «Сахих ибн Хиббан«, сосын «Мустәдраку Хаким«. Бұл ғалымдар кітаптары Бұхари мен Муслим жинақтарына ұқсас келгенімен, кейбір ғұламалар бұл кітаптарды атақты алтылыққа жатқызбайды.
Бұлардан кейін атақты төрт «Сунән» келеді. Ол Әбу Дәуд, Тирмизи, Ибн Мәжәһ және Насаи сунәндары.
Әбу Дәуд пен Насаи бір бапқа ең қуатты хадисті келтіреді. Егер қуатты хадис табылмаса, тиісінше, жақсы немесе әлсіз хадистерді келтіріп отырады. Бірақ, көп жағдайда хадистің әлсіздігін атап өтеді.
Имам Тирмизи болса барлық хадистің артынан әлсіз, жақсы, сенімді деп белгілеп, атап кетеді. Бұхари, Муслим, Әбу Дәуд, Тирмизи және Насаи кітаптарын біріктіріп ғұламалар «Усул хамса«, яғни бес негізгі кітап деп атайды.
Кейбір ғұламалар бұларға Ибн Мәжәһ жинағын қосып «Уммуһәтус-ситту«, яғни алты негіз деп атайды.

– – –

Ғилму риуаяһ және ғилму дираяһ – екеуі де дінімізді таза сақтап, жалған хабарлардың еніп кетуінен қорғау үшін негізделген.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: