Піл оқиғасы

(жалғасы, басы мына бетте)

Қағба

14-С: Қағба деген не?
Ж: Қағба дегеніміз – Ибраһим (а.с) баласы Исмағил (а.с) екеуі көтерген Бәйтуллаһ, қасиетті үй, мұсылмандардың құбыласы, таухидтің белгісі. Бұл құлшылық жасау үшін құрылған ең бірінші үй, ең алғаш құлшылық орны. Құранда бұл жайында: «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбәрак және тура жол»,-делінген. (Әлі Ғымран, 2: 96).
Кейін араб өлкесіне пұттар әкелініп, Қағбаның айналасын 360 пұт жайлап алып, таухидтың негізгі мәнін бұзған-ды.

15-С: Қағбаны бұзбақ болған адам жайында айтып берші. Ол бұл әрекетке не үшін бармақ болды?
Ж: Қағбаны бұзбақ болған адам есімі – Абраһа. Иемен өлкесін християн Хабаштықтар (ертедегі Эфиопия тұрғындары) билеген кезде олар Сана қаласында бір шіркеу салып, пұтқа табынушы барлық араб жұртшылығын, тіпті дүние жүзі адамдарын сол жерге қажылық жасауға шақыруды, сөйтіп пұтқа құлдықты доғаруды мақсат тұтады. Бұл жайтты білген бір араб әлгі шіркеуге барып, дәретке отырып, қабырғасының бәрін былғап кетеді. Хабары жеткен кезде Абраһа Қағбаны бұзуға ант етіп, әлгі келекені жуып-шаймақ болып, Меккеге аттанады.

16-С: Исламға дейінгі арабтар Аллаһты білгеніне дәлел боларлық бір оқиға келтіре аласың ба?
Ж: Абраһа өзінің пілді және атты әскерін ертіп, Меккеге бағытталғанында, жолда Абдулмүттәлібтің (пайғамбар атасы) 200 түйесін кезіктіріп, әлгі түйелерді ұстап қалады. Бұл хабар Абдулмүттәліпке жеткен кезде ол Абраһаға келеді. Абдулмүттәліп жүзі жарқын, бойында жақсы сипаттар жиылған, көркем адам болатын.
Абулмүттәлібті көрген Абраһа оны маңызды бір жұмыспен келген екен деп, сыйлап, өзі тақта отырса да жерге түсіп, Абдулмүттәлібтің қасына отырып: «Не шаруамен келдің?»-деп сұрайды. Ойында «Қағбаға, арабтарға тимей-ақ қой. Олар не жазды?» деп кешірім сұрайтын шығар»-деп отырғанында Абдулмүттәліб: «200 түйемді қайтар» деп салады. Абраһа әлгідегі келбеті бірден өзгеріп, тағына қайта отырып: «Сені ата-бабаңның, өзіңнің дініңді, Қағбаны сөз етіп, бір маңызды іспен келді екен десем, сен құрыған түйелеріңді сұрап келгенің қызық екен!»-деп таңырқап қалады. Сонда Абдулмүттәліб: «Мен түйелердің иесімін. Ал Қағбаны құтқарып, қорғаштап қалатын өз иесі бар»,-деп жауап қатады. Сонда Абраһа: «Менен құтқарып қала алмайды»,-деп, Абдулмүттәлібтің түйелерін қайтарып береді.

17-С: Жорықты суреттеп бере аласың ба?
Ж: Әлгі оқиғадан кейін Абдулмүттәліб Меккеге кері қайтып, Құрайштықтарға хабарын беріп, бәрі жаппай Меккеден шығып, айналасындағы тауларға шығып, бас сауғалайды.
Абраһа әскері ешкімі жоқ қалаға бет алғанында кімге қарсы соғысқа шыққаны білмейтін. Бар болғаны Қағбаны қиратып, жеңіспен ораламын деп еді, бірақ, ол ұлы Қағбаның иесі Аллаһ екенін біліп пе ол?! Сөйтіп, жауынгерлері кеуде керіп аяңдап басса да, астындағы көліктері Ұлы Раббысынан қорқып, алға баспай қояды. Әскер басындағы піл орнынан жылжымай, біресе оңға, біресе солға бұрылып, Меккеге қарай жүруден мүлдем бас тартады.
Осы кезде аспанды қара түнек бұлт жабады. Бұл бұлт жауын бұлты емес, бәлкім, тұмсықтары және тырнақтарымен кішкентай тас ұстаған құстар бұлты болатын. Ол тастар біреуге тисе болғаны, құртып, жойып, тас тиген жан шайналып, орылып тасталған шөпке ұқсап қалатын.
Өлгені сол жерде өліп, тірі қашқаны жол бойы еті сыдырылып, елге жеткенше құр сүлдері қалып, тегіс қырылды. Абраһа болса әлгі көріністен қашып, жол бойы денесінен ірің мен қан шығып, еті сыдырылып, Санаға жеткен кезде көкірегі тесіліп, жүрегі көрініп, құрып кетті.

18-С: Әлгі құстардың есімі «әбәбил» ме?
Ж: Жоқ, құстардың есімі «әбәбил» емес, бұл бәлкім «өте көп құстардың тобын» білдіретін сөз.

19-С: Бұл оқиғаны қуаттайтын дәлел бар ма?
Ж: Кез-келген тарих кітабынан артық етіп суреттеуші Құранда Піл сүресінде осы оқиға айтылған. Сүреде: «Раббыңның піл иелеріне не істегенін білетін шығарсың? Олардың айлаларын бос әурешілік етіп жіберді емес пе? Оларға өте көп құстарды топ-тобымен жіберді. Ол құстар оларға балшықтан жасалған тастарды атқылады. Сөйтіп оларды желінген топан (шөп) етіп тастады» делінген. (106-шы сүре).

20-С: Бұл қай жылы болды әрі қалай аталады?
Ж: Бұл тарихи деректерге қарағанда 570-ші жылы болған. Араб тарихында «Піл жылы» деген атпен белгілі.

21-С: Қағбаны құртып жіберіп, өзге жерді қажылық орны ету мүмкін бе?
Ж: Жоқ. Қағбаны құртамын деген жан Аллаһқа қарсы соғыс жариялағанмен тең әрі ол ісі жүзеге аспайды. Бәлкім жеңіліс тауып, өзі құрдымға кетеді. Аллаһ елшісінің бір хадисінде: «Бір қауым Қағбаға жорық жасайды. Сөйтіп ашық далаға келген кезде әуелгісінен бастап, соңғысына дейін тегіс жер астына түсіп, жоқ болып кетеді»,-деген. (Бұхари, Муслим). Сондай-ақ, өзге жерді қажылық мекені етіп алу мүмкін емес.

22-С: Қасиетті Қағбадан өзге қажылық жасалатын жер бар ма?
Ж: Қасиетті Қағбадан өзге қажылық жасайтын жер жоқ, болмаған әрі болмайды да. Түркістан, Отырар, Самарқанд, Құддыс, Мәдина және басқа да айтылып жүрген жерлердің ешқайсысы да қажылық жасау орталығы болып табылмайды. Ал кім бұлай деп білсе, Аллаһ атынан жалған сөйлеуші болып табылады.

23-Ертедегі арабтар Қағбаны не себепті сыйлаған?
Ж: Себебі Қағбаны Ибраһим (а.с) салып, сол жерге қажылық жасау әдетін негіздеген болатын. Ғасырлар өте келе бұл әдеттің жалпы сұлбасы атадан балаға көшіп, жалпы халық қажылық жасау ғұрпын сақтап, Қағбаны қасиетті деп білсе де, негізгі мақсаты, яғни таухидты ұмытып қалған болатын. Қазіргі таңда көбіміз намаз, Құранды қасиетті деп білгенімізбен, көбіміз намаз бен Құранның негізгі мақсатын түсінбейтініміз де дәл осындай.

Жалғасы бар…

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: