29. Әл-Латыф

29. Әл-Латыф

Ассаләму алейкум. Бүгін, Аллаһтың қалауымен, Аллаһтың көркем есімдерінің бірі Әл-Латыф есімін талдап өтуге тырысамыз. «Латафа» етістігі негізінен қазақ тіліндегі «жұмсақ, нәзік болу«-деген мағынаға жақын. Алайда ғұламалар: «Егер бұл есім Аллаһқа қатысты айтылса, онда оның мағынасы екі түрлі болады. Бірінші мағынасы: Аллаһ өзінің жаратылыстарына жұмсақтық танытады. Яғни Аллаһ аса жұмсақ.
Екінші мағынасы: Тіпті көзге көріне бермейтін нәзік нәрселердің өзін де білуші«-дейді. Бұл есім Құранда жеті жерде келген.


Бұл есімге амал етуді мақсат тұтқан жан ең алдымен Аллаһтың өте Жұмсақ екеніне сену керек. Мейірімі мен Жұмсақтығы шексіз. Өзінің жаратылыстарының бәріне де қамқоршы әрі оларды жұмсақтықпен басқаруда. Шаршап шалдыққан кезде демалуымыз үшін ұйқыны жаратты. Ойламаған жерден ризық беріп, әрбірімізді азықтандырады. Қаншама күнә жасағандардың арасынан қалаған адамына жұмсақтық жасап, кешіреді. Қанша күнә жасасақ та ризық беруін тоқтатпай, жұмсақтығын төгуде.

Дінді жеңіл етіп, бізге жұмсақтық көрсеткен. Бір жақсылық жасасақ, есесіне он есе сауап алып, оны жеті жүз есе артық етіп береді. Бір кішкене құрма садақа етсек, оны есейтіп, сауабын ұлғайтып, ахыретте өзімізге қайта береді. Әлемдер Раббысы бола тұра біз сияқты түкке тұрғысыз жаратылыстардың жағдайын ойлап, дінді жеңіл еткен. Анығына келсек, біз Аллаһтың берген нығметін шынымен түсінетін болсақ, сәждеден бас алмас едік. Ондай болса қалай ғана шүкіршілік қылмасқа?! Қалай ғана Ұлы Раббымызға құлшылық қылмасқа?! Аллаһ-өте жұмсақ!
Тіпті ана құрсағындағы баланың өзіне ризық беріп, өзі жаратқан нәрсенің бәріне де мейіріміміен жұмсақтық жасаушы. Іште жатқан кезде кіндік арқылы, туылған соң көкірек арқылы тамақтандырған. Жұмсақтығы әрбір нәрседе көрінеді. Байқасақ, жас бала туған бетте емес, уақыт өте келе тіс шығады. Ал туған бетте тісі шықса, анасын жарақаттап алуы мүмкін. Демек, Аллаһ өзінің жаратқан нәрселерінің бәрін де жұмсақтық пен жаратқан.
Сондай-ақ, көзге көрінбейтін, өте нәзік болған нәрсенің бәрін де біледі. Аллаһтың білімі шексіз әрі осы дүниені нәзік түрдегі керемет жүйемен жаратқан. Әрі қанша жерден нәзік, ұсақ нәрсе болса да бәрі де Аллаһтың білімінен тыс қалмайды. Ешкім көрмейді-ау деп жасаған ісіміздің бәрін де көруші, ешкім естімейді-ау деп айтқан жаман сөзіміздің бәрін де естуші, себебі ол өте ұсақ, жасырын болған нәрсенің бәрін де білуші.
Аллаһтың осы есімін еске алған адам өзінің істерін ретке келтіріп, сөздерін жөнге қарай саптап, құлшылығын жалғыз Аллаһқа арнауы керек. Қиямет орнап, Аллаһ құзырына келген кезде айтар сөз, көрсетер амалдарымыз аз болған күнін еске алыңыздар. Өмір бойы жұрттың назарына «тақуа» боп көрініп, адамдар көзінен амалдарымызды жасырып, «ешкім біле қоймас» деген ұранмен кішігірім жаман қылықтарды жасаудан ада болайық. Аллаһ өте кіші, тіпті байқалмайды-ау деген сөзді де, істі де тіпті ойды да білуші. Аллаһтың мейірімінен үміт үзбей, салихалы құл болсақ, Аллаһ барлық күнәні де кешіріп жібереді, себебі ол өте жұмсақ! Амал етуге асығайық!

Advertisements

One Response to 29. Әл-Латыф

  1. zhandos айтады:

    джазакаллаһу хайран

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: