«Әссәләму ғаләйкум» сәлем сөзінің маңызы

1) «Әссәләму ғаләйкум» сәлем сөзі ынтымақ пен бірлік әкелген сөйлем. Араб тайпаларының сан алуан амандасу үлгісін жойып, барлық мұсылман жұртшылығын бір түрлі амандасу үлгісіне көшіру-ынтымақ пен бірліктің нышаны әрі үлкен хикмет. Әлем мұсылмандары ұлттар мен ұлыстардан құралып, төрткүл әлем тұрғындары өз тілінен өзге тілді білмесе де бәрі бір ауыздан «әссәләму ғаләйкум» деп амандасуы бірліктің нағыз нышаны. Бұл тек мұсылман үмметінің өзара сәлемдесу үлгісі.
2) Бұл сөйлем бейбітшілік пен амандыққа үндейді. Себебі «Әссәләму ғаләйкум» деген сөз арқылы жүздері жарасқан екі мұсылман өзара бейбітшілікпен келгенін білдіріп, ашу, ыза мен қастандықтан ада екенін көрсетеді.
3) Бұл сөйлем мұсылмандар арасындағы сүйіспеншіліктің артуына көмек береді, ал мұсылмандардың өзара сүйіспеншілігі-жәннат кілттерінің бірі болып табылады. Аллаһ елшісі (с.а.с) өзінің хадисінде: «Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін! Иман келтірмегенше жаннатқа кіре алмайсыңдар. Ал бір-біріңді өзара жақсы көрмейінше (толық) иман келтіре алмайсыңдар. Егер соны жасасаңдар өзара сүйіспеншілікке жетелейтін бір нәрсені айтайын ба? Өзара сәлемдесуді көбейтіңдер»,—деген екен (Муслим). Ондай болса бұл сөйлемді кездескен кезде де, қоштасқан кезде де айтса болады. Аталарымыз: «Аман бол» деп қоштасатыны да осы негізден бастау алса керек, бірақ «Әссәләму ғаләйкум» деп қоштасу сауабы жағынан да, мағынасы жағынан да ауқымдырақ келеді.
4) «Әссәләму ғаләйкум» деп амандасу-Исламдағы ең жақсы амалдардың бірі. Бірде бір адам пайғамбардан (с.а.с): «Қай Ислам жақсы?»-деп сұраған екен. Онда ол кісі (с.а.с): «Адамдарды тамақтандыруың және танитыныңа да, танымайтыныңа да сәлем беруің»-дейді. (Бұхари, Муслим). Хадистен байқауымызша сәлем беру-Ислам әдебінен әрі бұл жақсы амал, мұсылмандар арасындағы бауырмашылдықты сақтауға көмек болатын, адамгершіліктің есігі болып табылатын қасиет. Бұл біздің кезде ұмытылып бара жатқан сүннет. Кейбір бауырларымыз танымайтындар тұрмақ таныс адамдарға, таныс мұсылман бауырларына сәлем бермейтін халге жеткен. Алайда, біздің мінез-құлқымыз керісінше болуы керек. Сәлемді танитын, танымайтын, өзін мұсылманмын дегеннің бәріне де беру орынды болады. Осыған орай кейбір ғұламалар: «Сәлемді таныстарға амандасу үшін емес, сауап алу үшін, жүректерге сүйіспеншілік орнату үшін және сүннетке сай амал жасау үшін жолдау керек»,-деген. «Сәлем сөздің атасы» деген мақал осы хадистен бастау алатын сияқты.
5) Осы бір көркем сөйлемді атаған адамның алар сауабы өте зор. Мына бір хадиске назар аударайықшы: Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с) қасынан бір адам өтіп бара жатып: «Әссәләму ғаләйкум»,-деп, өтіп кетеді. Сонда ол кісі: «Он жақсылық жазылды»,-дейді. Біраз уақыттан кейін басқа бір адам өтіп бара жатып: «Әссәләму ғаләйкум уа рахматуллаһ»,-деп, өтіп кетеді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с): «Жиырма жақсылық жазылды»,-дейді. Біраз уақыттан соң үшінші адам өтіп бара жатып: «Әссәләму ғаләйкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәәтуһ»,-деп, өтіп кеткенінде Аллаһ елшісі (с.а.с): «Отыз жақсылық жазылды»,-дейді. (Нәсәи, Бұхари «Әдәбул муфрадта» риуаят еткен).
6) Бұл сөйлем теңдік нышаны. Өздерін «дамыған елдер» деп атайтын қоғам өкілдеріне назар аударсақ, патшаларының асты-үстіне түсіп көтермелеп, күң мен құлға тіпті амандасудан ұялып, ысып-пысып жатады. Ал Ислам дінінде күндіз түні шаршап-шалдығып еңбек етуші құл да, кең сарайларда серуен құрған патша да амандасқан кезде «Әссәләму ғаләйкум»,-деген кемел сөзді естиді. Себебі Ислам діні адамның иманы, амалы, Исламына қарап, мәртебе тағайындайды. Ал дүниелік жағдайда адамдардың бәрі де тең.
7) Бұл сөйлем әділдік нышаны. Жүзі жайнап, бауырын көрген мұсылман адам «Әссәләму ғаләйкум» деп, амандық айта келген кезде екінші мұсылман «Уәғәләйкумус сәләм»,-деп жауап қатуы міндет. Бірі бейбітшілік тілеген кезде екіншісінің ауыз ашпай қалуы зұлымдықтың бір түрі. Сол үшін де Ислам діні жауап қатуды міндет етіп, мұсылманның бес хақысының бірі еткен. Аллаһ елшісі (с.а.с) өзінің хадисінде: «Мұсылманның екінші мұсылман бауыры алдындағы хақысы бесеу: Сәлемге жауап қату, аурудың көңілін сұрау, жаназасына ілесу, шақырушыға жауап қату және түшкіргенге саулық тілеу»,-деген. (Бұхари, Муслим).
8 ) Сәлем беру – періштелер мен пайғамбарлардың сүннеті. Бұған жоғарыда келтіріп өткен Адам (а.с) мен періштелер оқиғасы дәлел болады. Оған қоса Аллаһ тағала Құранда Ибраһим мен оған қонақтап келген періштелердің оқиғасын суреттеп, олар жайында: «Олар (періштелер) Ибраһимге келген кезде: «Сәлем»,-десті. Ибраһим де оларға: «Сәлем, бөгде қауым»,-деді»,-деген. (Зәрият, 24-25). Періштелер мен пайғамбарлар өзара сәлем айтысқан болса, мұсылман адамдардың осы бір сүннетті жандандырып, тұрмысында қолдануы жақсы болмақ.
9) Танитын және танымайтын адамдарға сәлем жолдаушы адам пайғамбар сүннетіне ілескен болып табылады. Туфәйл ибн Убәй ибн Кәғб Абдуллаһ ибн Омарға келіп, екеуі ертелетіп базарға баратын. Туфәил сөзін жалғап: «Екеуіміз базарға келсек болды, сатушының қасынан өтсе де, саудагердің қасынан өтсе де, кедейдің қасынан өтсе де, жалпы кімнің қасынан өтсе де бәрімен сәлемдеспей өтпейтін. Сөйтіп бір күні мен Абдуллаһ ибн Омарға келіп, ол базарға бірге баруымды сұраған кезде мен оған: «Саудаға тұрақтап, саудаласпасаң, тауарды сұрамасаң, өзіңнің бағаңды айтпасаң, базардағы жиындарда отырмасаң базарда не істейсің? Мен айтамын, одан да кел, отырып, әңгімелесейік»,-деп едім, ол: «Әй, Ибн Батн, шын мәнінде біз «сәлемдесу» үшін ертелетіп барамыз. Бізді кездестірген жандармен амандасамыз»,-деді»,-дейді. (Әдәбул муфрад, сахих хадис). Осы хадистен біз сахабалардың сүннетке сай амал жасауға тырысып, өмірлерінің әр мезетінде пайғамбар сөздері мен істерін жандандыруға тырысқанын көреміз. Себебі олар Аллаһ елшісіне (с.а.с) ілесудің абзалдығын, артықшылығын өте жақсы түсінетін. «Әссәләму ғаләйкә» деп айтқан сөзі үшін он жақсылық алатынына олар кәміл сеніп, бұған толықтай иланатын. Себебі Аллаһ елшісі (с.а.с) өз ойынан сөйлемейді. Бұл кейінгі ұрпақ мұсылмандарына да үлкен сабақ, баға жетпес мұра!


Жалғасы бар

Advertisements

2 Responses to «Әссәләму ғаләйкум» сәлем сөзінің маңызы

  1. Ассалаумағалайкум, уа Раһматуллаһи уа Баракатүхү! Оразаға ниет қабыл болсын, Ата Заң Құранға толық айналсын, Елбасымыз, Еліміз аман болсын! Баршаңызға жақсылық, игіліктер, денсаулық, бақыт, оразаларыңыздың қабылдығын тілейміз, қадірлі мұсылмандар!

  2. Елбасым Нұрсұлтанның Рамазан айында парыз Ораза тұтуға ниеті қабыл болсын! Әкімдердің де, Үкіметтің де ауыз бекітулерін, ауыз бекіте алмаса біздің «Айша» қоғамдық қорынының «ӘлжанАна» Медресесі құрылысы басындағы «Әбіш Ата» Мешітіне келіп, ауызашар берулерін, мойнымыздағы Мешіт жері, жарығы үшін қарызымызды өтесуге Аллаһ разылығы үшін жәрдем берулерін Аллаһ бұйыртсын! Бізге Аллаһ «Ей, Аллаһым, бала бер, бала берсең дана бер! Дана бермесең шетінен…» деген сөзді ешқашан айтқызбасын, жанымызды ашындырмасын! Земелный Комитеттегі Қарағандының азаматы Нұркенов Төлеуғазы Қамашұлына Аллаһ осы айда тауфық, иман, ғидаят берсе екен!..

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: