32. Әл-Халийм

32. Әл-Халийм

32. Әл-Халийм

Бүгін, Аллаһтың қалауымен Әл-Халим есімін түсіндіреміз.

Ғұламалардың «Әл-Халим» есімі төңірегінде айтқан ойлары екі мағына аясында жүреді. Біріншісі: «Ол шыдамдылық иесі. Құлдарының жасаған күнәлары, кәпірлердің күпірлігі мен мүшриктердің серік қосулары үшін жазалауға асықпайды, бәлкім, оларға мұрсат беріп, тәубе етулерін күтеді. Ол өте Ұстамды әрі Оны наданның надандығы, күнәкәрдың күнәсі дереу шешім қабылдауға итермелей алмайды»,-деген көзқарас. Бұған салсақ, «әл-Халим» есімінің мағынасы «өте Ұстамды» дегенді білдіреді.


Екіншісі: «Пенделердің көптеген күнә мен кемшіліктерге бойалдырғанына қарамастан Өзінің жаратылысына толық нығмет беруші. Өзінің кең пейілділігімен күнәкардың күнәсына жаза емес, тәубе етуге мұрсат береді»,-деген пікір. Бұл түсіндірмеден «кең пейілді» деген мағына шығады.
Қазақ тіліндегі әдебиеттерде «Мұлайым, жұмсақ, өте жұмсақ» деп берілген. Алайда біз ғұламалардың түсіндірмесіне сай бұл есімді «өте Ұстамды» және «Кең пейілді» деп аударуды ұйғардық, себебі «өте жұмсақ» деген мағынаны «әл-Латыф» есімі қамтиды.

Аллаһ тағала өте ұстамды, Өзінің құлдарын жасаған күнәлары үшін азаптауға, жазалауға асықпайды. Шынымен де, жер бетінде күпірлік жасап, серік қосудың теңізінде қалқып жүргендер қаншама. Бірақ, олардың бәрін бірден жазаламай, оларға жұмсақтық танытып, мұрсат беруде. Себебі Аллаһ ерекше мейірімді, өте ұстамды. Бір наданның надандығына бола тез ашуланбайды. Аллаһ азаптауға шамасы келмейді емес, келеді, бірақ, адамдар мұны тез түсіне қойса-шы! Әттең ақылдың келтелігі ай! Біреулер: «Неге зұлымдық жасап жатқандарды азаптамайды, неге адам өлтірушілерді жазаламайды!?» деп, Аллаһқа кінә таққылары келеді. Бәлкім, Аллаһ біз сияқты емес, Аллаһ ерекше мейірімді, ерекше жұмсақ, аса ұстамды.
Адамдар да өз бойында осы қасиетті тәрбиелегені артық болмас. Ашу үстінде жұдырық ала жүгіруден гөрі сабырлықпен ішіндегі ашу отын өшіргені жақсы.
Бірақ, нағыз жұмсақтық, нағыз ұстамдылық болу үшін даналық, ілім және құдірет керек. Осы үшеуі қосылған кезде ғана адамды ұстамды, сабырлы және жұмсақ деп атауға болады.

Себебі: егер даналық болмаса, онда орынсыз жерде жұмсақтық танытып, ауыз жауып қалуға болмайтын кезде ауыз жауып қалуы мүмкін.

Ал егер ілім болмаса, онда ненің жақсы, ненің жаман екенін білу мүмкін емес. Ал ондай кезде адамның жұмсақтығы ақымақтыққа жақын болады.

Ал егер күші жетпей әлсіз болса, онда ол өзінен күштінің бәріне жұмсақтық танытуы ғажап емес. Демек, жұмсақтық болу үшін даналық, ілім және күш болу керек.
Ал бұл Аллаһтың сипаттарында бар. Аллаһ ерекше хикмет пен даналық иесі, бәрін білуші әрі құдіретті. Аллаһтың жұмсақтығы ешқашан өзгермейді әрі мәңгілік. Ал адам болса өмірлік жағдайына байланысты бойындағы барлық қасиеті өзгеріп отырады. Ауру халдегі адам мен сау халдегі адамды салыстыра аламыз ба? Ашу үстіндегі адам жайында көп сөз қозғамай ақ қояйық.
Ал Аллаһ мұндай кемшілік атаулыдан пәк. Өзінің шексіз даналығы мен ілімі арқылы барлық жаратылысына жұмсақтық танытып, Құдіреттіліг арқылы тиісті жаратылыстың жазасын да беріп отырады. Мысалы: Перғауын халқының суға батырылуы, Нұх кезеңіндегі топан суды айтсақ та жеткілікті. Демек, Аллаһтың жұмсақтығы Оның әлсіздігі емес, Оның даналығы, Білушілігі әрі Құдіреттілігі. Құлдарының не істеп жатқанын білмей жатыр демейміз.
Осындайдан кейін Аллаһқа құлшылық жасаудан қалай ғана бас тартпақпыз?! Адамдар өз арасында «Таспен ұрғанды аспен ұр»-деп жатады. Ал енді Аллаһтың жұмсақтығын, мейірімін көріп жатқаннан кейін оған бойұсынудан бас тартамыз ба? Сонда біз «Мейірім бергенді таспен ұрғанмен бірдейміз ғой»! Аллаһ сақтасын. Аллаһ ескерту жібермей жатып ешкімді азаптамайды. Ал енді ескерту келгеннен кейін де өзінің бойұсынбаушылығын жалғастырушылар болса, шын мәнінде Аллаһ шексіз Құдірет иесі. Қалай азаптағысы келсе, Оның билігінде. Сақ болайық. Амал етейік. Асығайық. Жан алқымға тығылып, тәубе етуге үлгермей қалған кезде жағдай қиын болмақ. Өлімнен кейін не болатынын бір сәт ойлаңыздар.
Жұмыс жасаймыз, тырмысып, талпынып бір нәрсе жасаймыз. Ал өлген кезде не болмақ. Жуылып, көміліп, Аллаһ жаққа жөнелтілеміз. Ол жерде бізді байлық, мансап, атақ қорғамайды. Амалымыз бен сеніміміз керек етіледі.
Демек, Аллаһ мейірімінен күдер үзбей, беріліп жатқан жұмсақтыққа тиісті түрде жауап қатайық. Әлде біздің құлшылық қылмауымыз Аллаһқа зиян тигізеді дейсіз бе? Жоқ. Аллаһ бізге мұқтаж емес.
Аллаһтың жұмсақтық есімі бұл дүниеде бәріне тисе, о дүниеде кәпірлерге, серік қосушыларға тиісті болмайды. Олар осы есімнен құр қалады.
Азабы бұл дүниеде берілетін екі күнә-ол адамдар арасында тәкәппар болып жүру және ата-анаға қарсы шығу. Осы екі күнә үшін осы дүниеде азап беріліп, о дүниеде де жалғасын таппақ.
Осы жерде алтын әріппен жазылатын сөзді айта кеткім келеді: «Егер Раббың сенімен жұмсақ болсын десең, онда өзіңнің қарауыңдағыларға жұмсақ бол». Аллаһ тауфиқ берсін!

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: