34. Әл-Ғазыйм

34. Әл-Ғазыйм

34. Әл-Ғазыйм

Аллаһтың қалауымен, бүгін «Әл-Ғазыйм» есімі айналасында сөз өрбітеміз. Бұл есім Құранда 9 жерде айтылған. (Солардың бірі Аятул Курсиде келген).
Ғазыйм сөзінің араб тіліндегі мағынасы-«ұлы, үлкен» дегенге жақын келеді. Ұлы Раббымыздың «әл-Ғазыйм» есімі «Өзінің билігінде аса Зор, ақылмен қамтып алу мүмкін болмаған өте Ұлы» деген мағына береді. Бұл еңбегімізде «әл-Ғазыйм» есімінің қазақша баламасын «аса Ұлы» деп беруді ұйғардық. Аллаһтың «Әл-Ғазыйм» есіміне иман келтірген жан мыналарды ескеруі керек:

Біріншіден, Шын мәнінде Аллаһ ең ұлы әрі ұлылықтың бәрі де тек Оған тән. Ол Өзінің есімдерінде де, сипаттарында да, естуі мен көруінде де, күш-құдіретінде де аса Ұлы. Ұлылығының шексіздігі сонша, тіпті жеті қат көк пен жеті қат жерді әрі олардың арасындағысын түгел сақтап, ұстап тұрады. «Оған ол екеуін қорғау ауыр келмейді және Ол аса Биік, өте Ұлы». (Бақара, 255).
Аллаһтың ұлылығын сөзбен жеткізіп, ақылға сыйғызу мүмкін емес. Құранда: «Олар оны толық біле алмайды»,-деген. (Таһа, 110). Аллаһ өте Ұлы болуы себепті Оның заты мен сипатын танып білу мүмкін емес. Ондай болса оны елестетіп, бір затпен салыстырып жатуға болмайды. Шектеулі азғантай ақылымызбен шексіз Ұлы Құдіретті Аллаһты тани алмаймыз.
Кейбір пәлсапашылар осы мәселеде тереңдеп, Аллаһтың затын ақылдарымен бейнелеуге кіріскен-ді. Ақыры адасудың шегіне жетерлік сөздер айтып, өздері адасып, өзгені де алжастырды.
Раббысын танығысы келген адам Аллаһ елшісінің (с.а.с) жолын ұстанып, Құран мен хадистен іздегені дұрыс болады, себебі Аллаһ жайында Аллаһтың өзі артық біледі. Құран аяттарын оқып қарайтын болсақ, көптеген аяттардың соңында Аллаһтың есімдері мен сипаттары айтылады. Бұл құрдан құр есімдерді қайталай беру емес, бәлкім оқыған адам Аллаһты тану үшін осылай жасалған.
Аллаһты танығысы келген адам пайғамбар сүннетіне қарасын. Себебі ол кісі Раббымыз жайында бізден артық біледі әрі түсіну мен түсіндіру әдісі әлдеқайда дұрыстыққа жақын. Аллаһты Құран мен сүннетке негізделе отырып түсінген жан жетістікке жетіп, шынайы түрде Раббысын таниды, ал келте ақылымен шексіз Раббысын танып, зерттеймін деген адам адасуға душар болады.
Екіншіден: Барлық жаратылыс Аллаһты ұлықтап, ұлықтығын мойындайды. Демек, ұлылық-Аллаһ сипаты. Иә, әрине, адамдар да бұл сипат иесі бола алады, алайда адамның ұлылығы кемшілігі бар ұлылық. Ал Аллаһтың ұлылығы кемшіліксіз, өзіне тән түрде. Ақылмен суреттеу еш мүмкін емес. Жалпы ұлылық, тек Аллаһқа тән. Жеті қат көк пен жеті қат жерді әрі олардың арасындағының бәрін ұстап, билеп, басқарып тұрған Аллаһтың ұлылығын мойындамау мүмкін бе?! Біле білсек, бірінші аспан екінші аспан ішінде орналасқан. Ал екеуінің айырмашылығы-шөл дала мен кіп кішкентай сақинадай. Шөл далада жоғалған сақинаны таба аламыз ба? Мүмкін емес. Ал Аллаһтың ұлылығы мұның бәрін де қамтиды. Екінші аспан болса, өз алдына үшінші аспаннан кішкентай болғаны сонша, шөл даладағы кіп кішкентай сақинадай ғана болады. Бұл сенімді хадистерде айтылған. Демек, Аллаһ құдіреттілігінде, білімінде, барлық есімдері мен сипаттарында ең ұлы.
Үшіншіден: Патшаның ұлылығы тақтан түскенде доғарылмақ, жас жігіттің ұлылығы қартайғанда өшпек,байдың билігі кедейлікте үзілмек. Ал Аллаһтың билігі, құдіреттілігі, ұлылығы мәңгілік. Оған ешкім тең емес. Ондай болса Аллаһты ұлықтайық. Барлық жаратылыс та Аллаһты ұлықтайды. Ал Аллаһты ұлықтау қалай жүзеге аспақ?
Мұсылман адам әркез Аллаһты ұлықтаумен әуес болуы керек. Яғни, Аллаһты жалғыз жаратушы деп біліп, құлшылық атаулының бәрін де тек Аллаһқа арнап, есімдері мен сипаттарына иман келтіріп, қалай баян еткен болса тура солай қабылдап, ешкімге ұқсатпай, еш сипатын жоққа шығармауы керек. Аллаһты ұлықтайтын адам Аллаһтан келген елшілер, кітаптарды да ұлықтауы керек. Кез-келген елші қарапайым адамнан әлдеқайда қайырлы. Ондай болса, Пайғамбар хадистері келген кезде басқаның сөзі жоғары қойылмауы керек. Аллаһ кітабы Құраннан аят келгенде басқа кітап нұсқалары артық етілмеуі керек.
Сондай-ақ, Елшілерге еруші сахабаларды, олардан кейінгі ғалымдарды да сйылай білу керек. Олар пайғамбарлар мирасқорлары. Бірақ, пайғамбардан пайғамбарлықты емес, білімді мирас етіп алған. Діни ілім бізге жетпегенде күніміз қараң болар еді ғой. Ондай болса оларды сыйлап, оларға тіл тигізуден аулақ болу керек.
Құранде келген хабардың бәріне толықтай сену керек. Істе деп бұйырылғанды орындап, істеме деп тыйғанды тастау керек. Бір құлшылық бұйырылып тұрған кезде көкейіміз не дер екен деп емес, «Бұл Құдіретті Күшті, Ұлы раббымның әмірі ғой. Ал мен оның құлымын. Қасарысуым орынсыз болар»-деп, кірісіп кетуге ұмтылуы керек. Намаз, ораза, зекет, қажылық сияқты басты тіректерге немқұрайлы қарамау керек. Біле білсек, біздің өміріміздегі қай-қандай әрекеттеріміздің бәрін қосса да бір намазға татымас. Аллаһтың алдында өлшеусіз байлық иесі-құлшылығы бүтін адам. Ал құлшылықсыз өткен адам-қанша жерден бұл өмірде жақсы боп өтсе де, ахиретте банкротқа ұшырағндардың қатарына ілікпек.
Мұның бәрі де Аллаһты ұлықтау болып табылады.

Бесіншіден: Басқа патша, аға, әкелерді де ұлықтаймыз, алайда оларды ұлықтауда шектен аспау керек. Оларды ұлықтау дегеніміз сыйлау және оларға бойұсыну. Ал Аллаһты ұлықтау ауқымы бұдан әлдеқайда кең. Патша сөзінен Аллаһ сөзі әрқашан биік тұрады. Тіпті ана-ана сөзінің өзі де Аллаһ сөзіне қайшы келсе, онда ата-ана сөзі тасталады. Яғни ата-анаң «Балам, намазды қайтесің. Әлі жассың»-деген сөз Аллаһтың «Намазды толық орындаңдар»-деген сөзіне қайшы келеді. Ондай болса бұл жағдайда кімнің сөзін орындаймыз? Бұл сұрақ сіздерге қойылған. Жауабын көкейлеріңізден іздеңіздер.
Алтыншыдан: Мұсылман адам әркез Аллаһты ұлықтап жүруі керек. Сол үшін де Аллаһ елшісі рукуғ жасаған кезде: «Рукуғте тұрсаңдар Аллаһты ұлықтаңдар»-деп бұйырған. Яғни «Субхана роббиәл ғазыйм»-деп айтыңдар деген сөз. Намаз оқитын адам күнделікті бес уақыт намазда осы сөзді қанша рет қайталайтынын білесіздер ме? Егер намаз оқымайтын адамдар мұны білсе, баяғыда намазға жығылар еді. Егер намаз оқымайтын адам жіберіп алған уақытының қаншалықты көп екенін сезсе, бәлкім үйден шықпай, құлшылықтан бас көтермес еді. Ойланыңыздар. Үміт есігін жаппаңыздар. Бәлкім, әлі де кеш емес. Тек, жан алқымға тығылып, соңғы деп келген кезде ғана бәрі де кеш болмақ. Ал енді кім өзі үшін мәңгі өмір сүремін деп кепілдік бере алады?

Жетіншіден: Аллаһты ұлықтау-ең ұлы нәрселердің бірі. Ал Аллаһқа серік қосу-ең үлкен зұлымдық. Аллаһқа серік қосудан сақ болыңыздар. Нег біз «Аллаһқа серік қосу-ең үлкен зұлымдық»-дейміз. Мұны Аллаһ Құранда неге осылай айтқан, яғни «Ең үлкен зұлымдық»-деп. (Лұқман сүресінің 13-ші аятын қараңыздар)
Зұлымдық деген не? Зұлымдық дегеніміз «Тең болған екі нәрсенің арасын бөлу немесе дәрежелері тең емес екі нәрсені теңестіру». Сөзіміз түсінікті болсын: Мысалы, екі шәкірт бір сұраққа бірдей жауап беріп, мұғалім біреуіне бестік қойып, екіншісін екілікпен шығарып салса дұрыс па? Жоқ, бұл зұлымдық. Немесе екеуінің біреуі дұрыс, біреуі қате жауап беріп, екеуіне де бес қойса ше? Бұл да зұлымдық.
Демек, 1 мен 2 тең емес. 4 пен 6 тең емес. Сіз 4 пен 6-ны тең десеңіз, зұлымдық жасаған боласыз. Ал 4 пен жетіні тең десеңіз одан да үлкен зұлымдық жасаған боласыз. Ал 4 пен 8 ді теңесеңіз, мүлдем дұрыс болмай кетеді.
Бұл жай мысал ғана. Ал енді түкке тұрғысыз жаратылыс пен жаратушыны теңесеңіз қалай болмақ? Міне, ең үлкен зұлымдық деген осы. Құдіреті шексіз, Ұлы Аллаһты біреуге теңесеңіз немесе біреуді Аллаһқа теңесеңіз ең үлкен зұлымдық жасаған боласыз. Ал ең үлкен зұлымдық кешірілмейді. Ондай болса құрбанымызды тек Аллаһқа арнайық, тілеулерімізді тек Аллаһтан тілейік, көз моншақ, тұмарға емес Аллаһқа сеніп, тәуекел етейік. Аллаһ қана сақтайды бізді. Нәубет жіберіп қояр деп әруақтардан емес Аллаһтан қорқайық. Біреудің сөзін емес, Аллаһтың сөзін тыңдайық. Ағайын, Аллаһ тауфиқ беріп, бәріміздің де жүрегімізді Исламға бұрсын! Әмин!

Advertisements

One Response to 34. Әл-Ғазыйм

  1. Азамат айтады:

    Аллах разы болсын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: