35. Әш-Шәкуур, 36. Әш-Шәәкир

35. Әш-Шәкуур

35. Әш-Шәкуур

Ендігі кезекте, Аллаһтың қалауымен, Аллаһтың «Әш-Шәкур» және «Әш-Шәәкир» есімдерін талдап өтеміз. «Әш-Шәкуур» есімі мұсылман жұртшылығы арасында кең тараған есімдер арасында айтылады. Осыған қоса ғұламалардың көп бөлігі «әш-Шәәкир» есімін көркем есімдер қатарына қосқан. Осыған орай біз де екі есімнің түбірі бір болуына байланысты екі есімді қатар талдап өтуді оңды көріп отырмыз.
Екі есімнің араб тіліндегі мағынасы келсек, «Шукр»-сөзі «шүкірлік ету, рахмет айту» немесе «мадақтау» дегенге жақын келеді. Бірақ, мадақ айту мен шүкірлік айтудың арасында кішкентай ғана айырмашылық бар.


Біз бір кездері Аллаһқа мадақ айтсақ, енді бір кезде шүкірлік айтамыз. Осы екеуінің арасында Мадақ айту /хамд/ кеңірек болып табылады.
Біле-білсек, Аллаһтың есімдері екі түрге бөлінеді. «Мутағадди /өтімді/» есімдер және «ләзим /өтімсіз/ » есімдер. Мутағадди есімдер дегені – Аллаһтың сипаттырының бірінің бізге жетуі яғни біз ол сипаттарды өмірімізде байқайтын сипаттар. Басқаша айтсақ, Аллаһтың бізге беретін нығметтері. Мысалы: «Мейірімді» есімін алсақ, біз Аллаһтың мейірім төгіп жатқанын бәріміз де байқаймыз, яғни өмірімізде осы есімнің жүзеге асып жатқанын байқаймыз. Немесе «Ризық беруші» есімі. Бұл да біздің бойымызға дарып, біз Аллаһтың берген ризығын қолданудамыз. Осы сияқты кейбір сипаттар, бізге өтсе, ол мутағадди есімдер болып саналады.
Ал енді кейбір есімдер Аллаһтың өз бойында қалып, біз өмірімізде көрмейміз. Мысалы: Аллаһ «тірі» деген сипат. Әлбетте Аллаһ тірі алайда Аллаһтың бұл сипаты бізге өтпейді. Немесе Аллаһтың «көруші » сипаты, «естуші» сипаты бізге өтпейді. Демек, егер Аллаһтың сипаты бізге өтіп, біз сол сипаттың нәтижесі жерде болып жатқанын көрсек, онда ол есімдер мутағадди деп аталады, ал егер де ол есімдер мен сипаттар нәтижесін көрмесек, онда ол «ләзим есімдер» болып қалады. Бірақ ол сипаттар жоқ деп айтылмайды.
Демек, енді адамдар мадақ айтқан кезде Аллаһтың барлық есіміне қатар айта алады, яғни «Тірі болған Аллаһқа мадақ», «Ризық берген Аллаһқа мадақ»,-деп. Ал шүкірлік етіп, рахмет айтуда тек мутағадди есімдері үшін жасалады. Мысалы: «Ризық берген Аллаһқа рахмет, шүкір»,-деп айта аласыз, бірақ, «Тірі болғаны үшін рахмет»,-дей алмайсыз.

Ата-бабамыз «Ә, Құдай, бергеніңе шүкір» деп айтуы, сондай-ақ, жастайымыздан: «Кесірлік қылма, керісінше шүкірлік қыл»,-дейтіні аталарымыздың діннен сауаты болғанын, Аллаһтың есімдеріне амал жасауға тырысқандығының белгісі. Шіркін, осыны қазіргі ұрпақ түсінсе игі!
Сондай-ақ, шүкір айтуды қалаған адам шүкірді жүрегімен де, тілімен де, денесімен де жасай алады. Мысалы, сізге Аллаһ бала берсе немесе тағы басқа бір нығмет берер болса, сіз жүрегіңізбен шынайы түрде Аллаһқа риза болсаңыз жүрегіңізбен шүкірлік еткен боласыз. Сондай-ақ тіліңізбен: «Шүкір Аллаһ» дей аласыз немесе шүкір етіп, сәжде жасайсыз дегендей. Ал мадақ айту тек қана тілмен жасалады. Яғни сіз «Аллаһқа мадақ»-деп тек тілмен айтасыз. Түсінікті болды деген ойдамын.
Енді «Әш-Шәәкир» есіміне келер болсақ, бұл Құранда 2 жерде келген. Мағынасы «Ризалық білдіруші»-дегенге жақын. Ал «Әш-Шәкур» есіміне келер болсақ, бұл Құранда 4 жерде келген. Қазақ тілінде «Шүкірлікті қадірлеуші, яғни Адамдардың істеген жақсы істерін бос жібермей, ризашылық білдіріп, істерін қадірлеп, сауап беруші»-дегенге жақын. Екі есімнің түбірі бір болуы себепті екеуі де «шүкірлікті қадірлеуші, ризалық білдіруші» деген мағына бере алады. Бұл егер екеуі жеке-жеке келсе осындай мағына береді. Ал енді екеуі қатар келсе Әш-Шәкуур есімі «Шүкірлікті қадірлеуші», ал «әш-Шәәкир» есімі «Ризалық білдіруші» деген мағына береді.
«Әш-Шәкуур» есімі көбіне «Әл-Ғафур /кешіруші/» есімімен бірге келеді. Сол себепті де ғұламалар мұны түсіндіріп: «Күнәләрды кешіріп, онымен қоймай жақсы істеріне разы болып, сауаптарын арттырушы»-деген. Демек, Аллаһ біздің кішкентай болса да жақсы істерімізге разы болып, сауабымызды еселеп береді. Бұл Аллаһтың кең мейірімділігін көрсетеді. Ондай болса біз де өз орнымызда жақсы амал жасап қалуға тырысайық. Біреулер: «Менің күнәм көп, қалай ғана кешірім сұраймын? Мен молдаларға барып, Құран оқытып қайтайын»,-дейді. Жоқ. Аллаһ мейірімді, кез-келгеннің күнәсін кешіріп, жақсы амалы үшін сауапты еселеп береді. Ондай болса әрбір адам ешкімнен көмек сұрамай ақ, өзі үшін дұға жасағаны дұрыс болады. Бұл тіпті жақсырақ та.
Аллаһтың кеңшілігіне назар аударайықшы: Намаз оқимыз. Намаз оқуды қиынсынудың не керегі бар? Аллаһқа келіп кетер ешнәрсе де жоқ қой. Сіз намаз оқысаңыз – сізге сауап, өзіңізге жақсы. Оған қоса аз оқысаңыз да сауабын еселеп, толтырып, ризалық білдіреді Аллаһым. Осының өзінде қиынсынып, ерінуіміз оңды ма? Ақыл иесі үшін бұл бір мысал!!!
Демек, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, шынайы түрде шүкірлік білдіруші, қадірлеуші ол Аллаһ. Аз амалға көп еселеп жауап беру ешқай жаратылыстың қолынан келмейді. Ал Аллаһ болса кез-келген шүкірлікті қадірлеп, аз амалдың өзіне еселеп сауап жазады. Ондай болса аз болған амалды менсінбеу дұрыс емес, бәлкім аз болса да жақсы амал үзілмей жалғасса жақсы болады. Аллаһ елшісі бір хадистерінде: «Жарты құрма болса да садақа беріп, өздеріңді оттан құтқарыңдар»-деген. Тағы бір хадистерде осындай кішкентай садақаның өзі таудай үлкен сауап болып қайтады делінген. Онда таухид, иман, намаз, ораза, зекет, қажылық, ілім алу сияқты үлкен амал жайында не демекпіз?! Бұларға одан да қатты көңіл бөлу керек етледі емес пе?! Ойланайық. Ақылды адамдар қайсысы дұрыс екенін өздері ажыратар.
Ал жамандық істері болса, олар тек сондай ғана болып жазылады, яғни күнәлі істің азабы көбейтілмейді. Ал жақсы іс еселеніп, арта береді. Аллаһу әкбар!!! Бұдан артық мейірім мен сый бар ма?!
Сондай-ақ, кез-келген адам Аллаһқа шүкір етуі уәжіп, яғни парыз. Себебі Аллаһ тағала Құранда: «Мені еске алып, маған шүкірлік етіңдер де күпірлік жасамаңдар»-деген. Бұл Бақара сүресінде келген. Демек, бұйрық райында келуі себепті бізге шүкірлік ету міндеттеледі.
Шүкір ету үшін үш нәрсе болу керек. Біріншіден: Аллаһтың берген нығметін шынайы түрде мойындау. (Мыс: Өзіңізде бар нәрсенің бәрі де Аллаһтан келгенін мойындау, өзіңіздің біліміңіз немесе күшіңіз емес). Екіншіден: Аллаһтың берген нығметін Оған бойұсыну мен құлшылық жасауда қолдану. (Мысалы: Тағам ішіп алып, басқа амалдармен емес, бәлкім Ислами пайдасы бар істермен шұғылдану). Үшіншіден: Аллаһтың сол нығметін сізге жеткізген адамға рахмет айту. (Мыс: Білім үйреткен адамға рахмет айту, ақша берген ата-анаға рахмет айту т.б Себебі бір хадисте: «Адамдарға рахмет айтпайтын адам Аллаһқа да шүкірлік етпес«-делінген).

Әрбір адам өзіне берілген нығметтерге мақтана бермей, бәлкім Аллаһтан келгенін мойындап, әркез Аллаһқа шүкірлік етуі керек. Сол үшін де ауыздан: «Аллаһқа шүкір»-деген сөз түспесе жақсы болмақ. Жүрегіміз Аллаһқа деген разылыққа толы болса мүлдем жақсы болмақ. Ал егер осының бәрін де құлшылық жасаумен бекітсек, әлбетте Аллаһ сол істерге сауапты еселеп берер. Аллаһ бізді осындай шүкірлік етуші құлдардың қатарына қосылуымызды нәсіп етсін.
Білім алу, білім үйрету, адамдарға дінді үйрету, оларды дінге шақыру, құлшылық жасау сияқты істердің бәрі де Аллаһқа шүкірлік жасау болып табылады. Ендігі кезек – амал ету ғана!!! Аллаһ тауфиқ берсін!

Advertisements

2 Responses to 35. Әш-Шәкуур, 36. Әш-Шәәкир

  1. Kiska айтады:

    Надеюсь на продолжение! буду рада заглянуть!

  2. Муслим айтады:

    Кейбір жерлерде қазақ тіліндегі «шүкір қылу» сөзі «қанағат қылу» мағынасында қолданылып кеткен. Ал «шукр» сөзін басқа да сөздермен жеткізуге тырыссақ – «алғыс айту, алғыс білдіру, алғысын қайтару» болады деп ойлаймын.
    «Адамдарға алғысын білдірмеген кісі, Аллаһқа алғыс білдірмейді» деп айтуға болады сонда.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: