Пайғамбар шежіресі

24-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) әкесі жағынан шежіресін атап бере аласың ба?
24-Ж: Ол кісінің әкесі жағынан шежіресі үшке бөлінеді: а) Барлық ғұламалар мен тарихшылар арасында келісілген, күмәнсіз шежіре. Бұл мына реттікте: Аднан, одан Мағад, одан Низар, одан Мудар, одан Ілияс, одан Мудрика (шын есімі Амир), одан Хузайма, одан Кинәнә, одан Надыр (шын есімі Қайс), одан Мәлик, одан Фиһр (яғни ҚҰРАЙЫШ), одан Ғолиб, одан Луәй, одан Кәғб, одан Муррәһ, одан Киләб, одан Құсай (Зәйд деп те атайды), одан Абдумәнәф (шын есімі Муғира), одан Һәшим (шын есімі Амр), одан Абдулмутталиб (шын есімі Шәйбә), одан Абдулла, одан Мұхаммед (с.а.с). Пайғамбарымыздың осы 20 атасы төңірегінде ешбір талас-тартыс жоқ.

Б) Ғұламалар арасында талас пен тартысқа душар болған шежіре. Ол Аднан мен Ибраһим арасындағы шежіре. Алайда ғұламалардың бәрі де Аднанның арғы атасы Ибраһимге барып тірелетінін алға тартады.
В) Бұл кітап иелері християндардың Ибраһимнен Адамға дейінгі жасаған шежірелері. Арасында рас-өтірігі арласуы себепті бұл бөлімге назар аудармаймыз, алайда адам баласының түп атасы Адам пайғамбар екені белгілі.

25-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) анасы жағынан шежіресін атап бере аласың ба?
25-Ж: Пайғамбарымыздың анасы мен әкесі бесінші атасы, яғни Киләбта бірігеді. Демек, анасының шежіресі де Аднаннан бастап, Киләбқа дейін сол ретткпен келеді де, Киләбтың Зуһра деген екінші баласынан Абдуманаф, одан Уәһб, одан Әмина туған.

26-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) есімін қысқаша қалай айтамыз?
26-Ж: Мухаммад ибн Абдуллаһ ибн Абдулмутталиб дейміз. Немесе Мухаммад ибн Абдуллаһ десе де болады.

27-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) арғы аталарының араб қаумы ішіндегі беделі қандай болған?
27-Ж: Пайғамбарымыздың (с.а.с) арғы аталары елге силы, жұртты аузына қаратқан, қажылық рәсімдерінің біраз бөлігінің иелері болған. Сондай-ақ, олардың бәрі де надандық дәуіріндегі заңсыз некелік қатынастан аулақ болып, ұрпағын таза сақтауға тырысқан. Аллаһ тағала бұл әулетті «зина» мен «ойнастық» сынды жамандықтан аулақ сақтап, таза ұрпақ, адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммедті таңдады.

28-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) әкесімен болған оқиғадан хабарың бар ма?
28-Ж: Пайғамбарымыздың (с.а.с) атасы Абдулмутталибтың он ұлы болған. Ертеректе ол: «Егер де он ұлды болсам, біреуін Аллаһ жолында құрбан етемін»,-деп сөз берген болатын. Алайда оныншы ұлы туылып, сәл ержеткенше ол өзінің уәдесін ұмытып қалады. Араб халқы – сөзге берік халық болатын. Осыны ескерген жұрт Абдулмуттәлибтің сертін есіне түсіріп, бұл өз уәдесін орындамаққа бел буады. Ақыры әлгі он баласының есімдерін садақ жебелеріне жазып, арасынан таңдауды ұйғарады. Осы кезде Абдулланың есімі шығады. Бірақ, Абдулла Абдулмутталибтің өте әдемі әрі ең көркем баласы болуы себепті жұрт бұның құрбан етілуіне кедергілік жасап, он түйе мен Абдулланың арасына тағы да жебе тастауды ұсынады. Абдулмуттәлиб өзінің сүйікті баласын қимай, әлгі ұсынысқа келісіп, екі жебенің біріне он түйе, біріне Абдулланың атын жазып, қайта таңдайды. Осылайша жебе артынан жебе таңдап, әрбір таңдағанында Абдулланың есімі шығып, ақыры оныншы рет тастағанында түйе деген жазу шығады. Осылайша Абдулмутталиб 100 түйе сойып, үлкен думан жасаған екен.

29-С: Пайғамбарымыз (с.а.с): «Мен екі құрбандықтың баласымын» деген сөзін қалай түсінеміз?
29-Ж: Ол кісі «Екі құрбандық» деп отырғаны арғы атасы Исмағил мен өз әкесі Абдулла. Исмағилды Ибраһим пайғамбар Аллаһтың бұйрығы бойынша құрбан етпек болған кезде Аллаһ тарапынан қошқар түсіп, Исмағил аман қалған-ды. Абдулла да құрбан болудан аман қалған болатын. Осы үшін пайғамбарымыз: «Мен екі құрбанның баласымын» дейтін, яғни құрбан бола жаздаған екі әкейдің ұрпағымын деген сөз.

30-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) ата-анасының некесі жайында не білесің?
30-Ж: Абдулмутталиб баласы Абдулла үйленер шаққа жеткенінде баласына тең іздеп, Уәһб ибн Абдуманафтың үйіне барады. Абдулла өте сұлу, көркем, қуатты жігіттердің бірі болса, Әмина да Құрайш арасындағы өте көркем, сұлу бойжеткен болатын. Абдулмутталиб пен Уәһб өзара келісіп, ақыры Абдулла мен Әмина тұрмыстық шаңырақ көтереді.

31-С: Абдулла баласы Мұхаммедті көрді ме?
31-Ж: Бұл мәселеде ғұламалар әртүрлі көзқарас айтқан, алайда дұрыстыққа жақыны, Абдулла өз баласы Мұхаммедті көрмеген. Әмина құрсақ көтерген кезде Абдулла Шамға сауда сапарымен шығып, жолшыбай Мәдинада ауырып, қайтыс болып кеткен-ді, ал ол кезде Әмина жүктіліктің төртінші айында болатын.

32-С: Пайғамбарымыздың «Мұхаммед» деп аталуының сыры неде?
32-Ж: Абдулмутталиб  немересінің дүниеге келгенін естіп, қатты қуанады. Абдулланың орнын басып қалар немересін алып, Қағбаның қасында біраз діни шаралар жасағаны да айтылады. Артынан: «Құдай алдында да, адамдар алдында да мақталып, әркез мадаққа ие болсын деп «Мұхаммед» деп ат қойдым»,-деген.
Бұл араб салтында өте кең етек алған үрдіс. Балаға ат қоюда мағынасына терең мән беріп, заты атына сай болсын деген сенімнен туындаса керек.

33-С: «Мұхаммед» деген ат арабтарда бұрын болған ба?
33-Ж: Бұл есім арабтар арасында болған, алайда өте сирек, тіпті жоқтың қасы десе де болады.

34-С: Пайғамбарымыздың (с.а.с) туған күні қай күн?
34-Ж: Ғұламалар арасында пайғамбарымыздың (с.а.с) туған күні жайында нақты, тұшымды, кесімді айтылған дата айтылмайды. Бірақ Мубаракфури өзінің «Рахиқул Махтум» атты еңбегінде дұрыстыққа жақын көзқараста ол кісі 9-шы Рабиғул Әууәлда дүниеге келген»,-дейді. Миләди бойынша 571-ші жылдың 20-шы сәуірі. Алайда мұның бәрі де жақын есептің нәтижесінде шыққан көзқарастар. Анық ілімі Аллаһта!


Иншаллаһ жалғасы болады …

Advertisements

4 Responses to Пайғамбар шежіресі

  1. ansar08 айтады:

    Пайғамбарымыздың (с.а.с) туған күні қай күн?

    неге осы күнді тойлау дәстүрге айналып барады? Ол Исламда жоқ мереке емеспе.

  2. abuhajar айтады:

    Пайғамбарымыздың (с.а.с) нақты туған күні сенімді хабарларда айтылмайды, бәлкім бұл ғұламалардың өлшеп, шамалап айтқан датасы, яғни 9-шы Рабиғул Әууәл. Бірақ, мұсылман жұртшылығының бәрі де 12-сінде тойлайды.
    Сондай-ақ, пайғамбарымыздың (с.а.с) туған күнін тойлау үрдісі Фатымиялықтардың билікке қол жеткізген кезінде ертеде Мысырда дінге жаңадан кірген үрдіс болып табылады.

  3. Сабит айтады:

    Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух !!! Неге сайтқа сурелердің қазақша оқылуын енгізбеске?!!! Мен сияқтыларға керек сүрелердің оқылуы қажет болып қалады деген оймен сұрағаным… АЛЛАХ разы болсын !!! Ассаламу алейкум…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: