43. Әр-Рақийб

78[1]Көркем есімдердің енді бірі «әр-Рақийб». Аллаһқа қатысты айтылғанда: «Күзетіп, бақылап тұрушы, қадағалап тұрушы, байқап тұрушы» деген мағына береді.
Бұл есім Құранда үш жерде келген. Бірі Мәйдә сүресінің 117 аятында, бірі Ниса сүресінің 1 аятында және бірі Ахзәб сүресінің 52 аятында келген.
Раббымыздың бұл есімін білгеннен кейін мына жәйттарға мән берген жөн:

Әрбір пенде Жаратушы Жәббар Иенің әрбір сөзімізді бақылап, ісімізді қадағалап, көкейімізде жасырылғанды біліп тұратынын ескеруі керек. Ешбір жаратылыс өзінің іс-әрекет, сөз не ойын Аллаһтан жасырып қала алмайды. «Аллаһ тағала көкейлеріңдегіні білетінін ескеріңдер де, сақ болыңдар!». (Бақара, 235).
Бұл есім өз бойында Аллаһтың «әл-Ғалийм /Білуші/», «әс-Сәмиғ /Естуші/» және «әл-Басыр /Көруші/» деген үш есімін де қамтиды. Адам баласының барлық әрекеті де сөз, амал және көкейдегі ойдан құралады. Адамның әрбір сөзін «әс-Сәмиғ» болған Раббымыз естіп тұрады. Әрбір әрекетін «әл-Басыр» болған Жәббар Ие көріп тұрады және көкейінде жасырылған жақсы-жаман ойды «әл-Ғалим» болған Аллаһ біліп тұрады да, әркез, ешнәрсе қалдырмай бақылап, қадағалап тұрады. Осыны ескерген құл өзінің әрбір қадамын аңдап басып, сөз сөйлемес бұрын әрбір сөзін електен өткізіп бағары хақ.
Ислам дініндегі ең биік дәреже – мурақаба дәрежесі. Мурақаба дәрежесі – Аллаһты көріп тұрғандай құлшылық етуде көрініс табады. Одан төмен дәреже – мушәһәдә дәрежесі. Бұл – Аллаһты көрмесе де Ол оны көріп тұрғанын біліп құлшылық жасау. Мурақаба мен мушәһәдәдан кейінгі дәреже – иман дәрежесі. Ол иманның алты шартын толық орындаумен жүзеге асады. Ал одан төменгі дәреже – Ислам дәрежесі. Бұл Исламның бес парызын орндаумен жүзеге асады.
Аллаһтың осы есімін танып, толыққанды түрде амал еткен жан жоғарыда айтылған дәрежелерге қол жеткізе аларсы сөзсіз. Әрбір сөзі, ісі және көкейіндегі ойына сақ адам шынайы ықыласты адам. Мұндай жандар мақтауға лайық! Аллаһ соған жеткізсін бізді!
Ондай болса арайлап атқан таңда азғантай уақыт ой жүгіртші, әй, адамдар! Кешегі күн келмеске кетті. Не ұттың? Бәлкім, өлімге тағы бір күн жақындадың. Жаңа күнге не әзірледің? Әлде мәңгі өлместей дүниенің қоқысын теруге бет алдың ба? Иә, дүние іздеу жат қылық емес, бірақ, дүние жүрегіңнен орын алды ма әлде қолыңда ғана ма? Мал-мүлікті тек көмекші құрал, қолдағы өткінші күнкөріс деп білсең, бақыттысың! Ал енді жүрегіңнен орын берсең, обалда қалдың. Сірә, кешегі күнің де сол мақсатта өткен болар. Иә, жалғанның артынан жетемін дейсің, бірақ, жалған жеткізбейді. Азғантай ғұмырыңда пайдалы нәрсе іздемесең, мәңгі өміріңде қапыда қаларсың!

Біреулер таң атқаннан кеш батқанша теледидар күзетіп, сериал, ойын, сауық, болмашы қызықтар көріп күн өткізеді. Біреулер күні бойы интернетте отырып, ол болмаса ойынмен әлек. Біреулер дала кезгіш, біреулер ойын-сауық, арақ-шарапқа құмар. Біреулер дүние жинап, тек жұмыстан көз ашпайды, біреулер жұмыс жасамаса да ұйқыдан бас алмайды. Біреулер бос сөзбен уақыт өлтіріп, өсекке құмар келеді. Осы және бұдан өзге нәрселер бары анық. Қайткен күнде, Жаратушы Жәббар Иеге бір мезет құлдық ұрып, құлдық ұруға уақыт табар жанар аз қазір.

Кез-келген жан мына бір сұраққа жауап іздеп көрсінші: «Дәл қазір өлім келе қалса өлуге даярмыз ба? Қабірде қойылар сұраққа жауабымыз әзір ме? «Раббың кім?» ,- делінгенде «Раббым Аллаһ» деп жауап беру оңай дейтін шығар көбісі. Сірә, қиын! Бұл жалғанда кімге құлдық ұрсаң, кімді қатты сүйсең соны «Раббым» деп айтасың ол жақта. Осыны ескер. Дүниенің соңынан алдыңа жан салмай жүгірсең, раббың да сол болмақ! Раббың ақша болмақ. Аңдығаның қыз, көздегенің арақ болса да тәңіріңді соған айырбастағаның. Теледидар алдына шаң жуытпай, компьбтерды шаршатсаң, есіл-дертің сол болып, ертеңіңе ешнәрсе әзірлемеген күйі өтесің.
«Дінің не?» десе «Ислам» деп айта салу оңай ма? Жоқ, сірә! Бұл жалғанда қай салт-дәстүрді алға қойсаң, соны дінім деп танисың! Фэн шуйдың қуыршақтарына төріңнен орын беріп, айнаның айналасын әдемі сөзбен толтырсаң, Раббың құрбақа боп, дінің осы фэн шуй болмақ. Көзіңді тырмалап ашқаннан, қабақ кіртиіп көз жұмғанша теледидардан көз алмасаң, Раббың теледидар болып, дінің теледидардағы жын-ойнақ болмақ. Осы ма мақсатың? Өмірде жиып тергеніңнің бәрі осы ма?
«Пайғамбарың кім?» десе «Мұхаммед» деп сала қоям дейсің бе? Жоқ, сірә. Мұхаммед салып өткен жолды үйренуге бет бұрмасаң, «сүннет» деген адамға қабақ шытып қарасаң қалай ғана Мұхаммедті пайғамбарым деп айтпақсың?
Бәлкім, фэн шуйды жазған жазушыңды не болмаса теледидарда сүйіп көретін кейіпкеріңді пайғамбар тұтарың сөзсіз. Осы ма жиған тергенің? Ойланған дұрыс. Ертеңгі күнге не әзірледің? Қыстың қамын жаз ойла.
Адам баласы бір амалды жасамас бұрын бір ойланып, жасап жатқанында тағы бір ой жүгірткені дұрыс. «Мен бұны қалай және кім үшін жасаймын? Кімнің ризалығын көздедім?» деп. Ортасына келгенде: «Ниетім өзгермеді ме? Әлде шайтан араласып, көзбояушылыққа салындым ба? Жоқ Аллаһтан өзге біреуге бағыттап жатырмын ба?» Егер бұл екі сұрақтың жауабы оңды болып істің басы да, ортасы да «Аллаһ ризалығы» болса жұмысын аяқтасын, иншаллаһ, берекелі болар. Ал енді жауабы Аллаһтан өзге біреу болса, дереу доғарғаны абзал, ол ісі оған әбүйір әпермейді!
Жоғарыда айтылғанның бәрі атқарған жақсы іс пен құлшылықта өзінің ісіне баға беру мен қадағалау. Ал күнә жасауда бұл қалай болады? Әр нәрсеге толық шешім бар шариғатымызда. Күнә жасап қойған жан дереу күнәсі үшін өкініп, Аллаһтан кешірім сұрап, тәубе еткен жөн.
Әркез Аллаһты еске алып, өзінің әрбір ісіне баға беріп жүретін жан иманның да тәтті дәмін татады. Осылайша ол Аллаһты Раббысы, Мұхаммедті пайғамбары және Исламды діні деп біліп, осыған кәміл разы болмақ!

Ағайын, Аллаһтың есімдерін оқып-білудегі мақсат тек жаттап алып, құрғақ қайталауда емес, есімдер төңірегінде дауласып, бірін-бірін «кәпір» «пасық» деп білуде емес, бәлкім, әрбір есімге тиісінше амал етуде. «Әр-Рахман», аса Мейірімді дегенде «Олай болуы мүмкін емес, жоқ, тоқта, айланайық» деп, болмашы даға салыну – алжасқандық. Бәлкім, Құран мен хадисте келгені бар, иман келтір де, есімге сай амал ет. Аллаһты Аллаһтың Өзінен артық кім білер?! Білмейтініміз бар, онда Құран мен хадисте келгенге иман келтіру ләзім.

Аллаһ ілімімізді арттырып, иманды құлдарынан етсін. (Осыған қоса «әс-Сәмиғ, әл-Басыр және әл-Ғалим» есімдерін қараңыздар…).

Advertisements

12 Responses to 43. Әр-Рақийб

  1. Muslim айтады:

    Ассаламу алейкум Джазакаллаху хайрон

  2. Усен айтады:

    машАллах! Аллах разы болсын! Сайттын авторына: сизбен корисип таныскым келеди! мен озим Шымкент каласында турамын! атым Усен! Алматы каласына барып турамыз! Туыстарымынын барлыгы сол жерде! танысуга жагдайыныз болса жауабын бериниз Аллах разы болсын!
    немесе почтама хат жазыныз! балким бирге жумада кездесип танысармыз!

    • abuhajar айтады:

      Әмин. Баракаллаһу фийк, бауырым. Иншалла, ол күнге де жетерміз, Аллаһ жеңілдік берсе. Өзім қазір Қазақстанда емеспін ғой.

  3. Жазира айтады:

    Сіздерге Аллах разы болсын, жалғасын күтеміз…

  4. Темірхан айтады:

    allah razi bolsin. allahtin nuri jausin. allah taglanin esim sipattarin toliktirsanizdar. ote jaksi aitilgan jazilgan

  5. Temirhan айтады:

    alla razligi uwin jalgasin bersizberme.. osi jaili diplom jumisin jazip jatkan jayim bar edi. allahtin 99 esim spati jaili

    • abuhajar айтады:

      Машалла, дипломдық жұмысыңды маған да бір нұсқасын жібере аласыз ба? қарап көрейін. Биыл жазда бұл кітап болып шығады негізі, сол кітапта толыққанды мағлұматтар беріледі.
      Елімізде бұл тақырыпта толыққанды еңбек болмауы себепті сіздің дипломыңыз жақсы бастама. Аллаһ қуат берсін.

  6. Temirhan айтады:

    otiniw allah razligi uwin magan jalgasin jazip bernizderwi

  7. Бауыржан айтады:

    Ассаламу алейкум Бауырым. Алла разы болсын саган. Абухажар сен мазхаб устанасын ба устанбайсын ба? Негизи мазхаб устану керек пе. Темирхан бауырым Алланын 99 есим сипаттары туралы диплом жазып жаткан еди. Ары карай тез тез толыктырасын ба???? Отиниш. Алла разы болсын. Ассаламу алейкум…

    • abuhajar айтады:

      уа алейкумус салам. Мазхаб ұстанбайтын ғалым адам емеспін, бірақ, көз жұмып ере бермеймін де. Мазһаб ұстануға келер болсақ, білімі бар, дұрыс-бұрысын ажырата алатын ғалымдар мазһаб ұстанбайды, ұстануына да болмайды. Олар тікелей аят пен хадистерге жүгінуі керек. Ал діни тұрғыдан ақ пен қараны толыққанды ажырата алмайтын жұрт бір мазһабқа немесе ғалымдардың сөзіне жүгінуі керек, бірақ, шарты: Көз жұма ермеу және әр сөзіне дәлел талап ету. Дәлелі кеп тұрса, бір мазһаб ғұламасының пікіріне сай жүру ерсі емес. Ал егер ол дәлелге сүйенбей, құр мазһаб ғалымының өз сөзі болса, оған көз жұма ерушілік дұрыс емес. Қайбір адам бір ғалымның пікірін ұстанса – ол соның мазһабы!
      Иншалла, шама шарқымызша толықтырармыз. Сізге де Аллаһ разы болсын. Уа алейкумус салам.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: