Ауыз бекітушіге

Қыркүйек 5, 2008

Құрметті, бауырлар! Бүгінгі дәрісіміз уағыз, насихат дәрісі деп атасақ та болады. Көптеген жан ораза ұстап, әйтсе де толық даналығы мен маңызына мән бермеген болса керек. Кейбірі ағзасын тазартып, жаман қылығынан арылсам ба дейді. Енді кейбірі ата-бабамның «салты» деп, өзін қинап жатады.

Бұл жолы кішігірім уағыз ретінде бір хадисті түсіндіріп өткім келіп отыр. Бұл хадис ешкімге де таңсық емес, әрбіріміз жиі естіп жүрген хадис. Әбу Һурайра арқылы жеткен хадисте: «Ораза – қалқан, сондықтан (ораза тұтушы) бұзықтық істемесін және надандыққа жол бермесін. Ал егер бір кісі оған соқтықса немесе балағаттаса, екі рет: «Мен оразамын»,-деп айтсын. Жаным қолында болғанмен ант етемін, ораза тұтушының аузының иісі Аллаһ алдында мисктің иісінен де жағымдырақ. Сондай-ақ Аллаһ: «Ол мен үшін жеп ішуден, шаһуат қалауынан тиылды. Ораза мен үшін және Оның сиын өзім беремін, ал қайырлы іске дәл сондай он есе сауап беріледі»,-дейді»,- делінген. (Бұхари, Муслим). Осы хадисті жай ғана түсіндіріп көрейікші.

Read the rest of this entry »


«Ораза»

Шілде 15, 2008

«Ораза» сөзінің мағынасы

«Ораза» сөзі парсы тілінен енген кірме сөз. Бұл сөз араб тіліндегі «саум» сөзінің баламасы болып табылады. Саум (ораза) сөзінің тілдік мағынасы «тыйылу» дегенді білдірсе, шариғаттағы мағынасы: «Шынайы ықыласпен таң атқаннан кешке дейін тамақ, ішіп-жем және жыныстық қатынастан тыйылу» дегенді білдіреді.

Оразаның маңызы

Рамазан айы болсын, басқа кезде болсын, жалпы ауыз бекітудің маңызы өте зор. Алайда, көп сөйлеп созбай, әдептен озбай, алдымен Аллаһ елшісінің (с.а.с) сүннетіне жүгінгеніміз дұрыс болар.
• Әбу Һурайра арқылы жеткен хадисте: «Ораза – қалқан, сондықтан (ораза тұтушы) бұзықтық істемесін және надандыққа жол бермесін. Ал егер бір кісі оған соқтықса немесе балағаттаса, екі рет: «Мен оразамын»,-деп айтсын. Жаным қолында болғанмен ант етемін, ораза тұтушының аузының иісі Аллаһ алдында мисктің иісінен де жағымдырақ. Сондай-ақ Аллаһ: «Ол мен үшін жеп ішуден, шаһуат қалауынан тиылды. Ораза мен үшін және Оның сиын өзім беремін, ал қайырлы іске дәл сондай он есе сауап беріледі»,-дейді»,- делінген. (Бұхари, Муслим). Яғни ораза дегеніміз адамды әртүрлі күнәлі істерден, жаманшылықтан қорғап тұратын қалқан сияқты. Қалқаны жоқ адамның соғыс майданында тірі қалуы екіталай болғаны сияқты, ауыз бекітпеген адам да оразаның ұлы сауабынан құр қалмақ! Ал оразаның сауабы қандай? Мұның сауабын Аллаһ Өзі береді әрі оның есебі белгісіз. Шынайы ықыласпен тұтылған ораза үшін Раббымыз шексіз сауаптар жазып, күнәларын кешіріп, әр-Раййан қақпасынан кіргізеді.
Read the rest of this entry »