Фәлақ пен Нәс сүрелерінің түсіндірмесі (соңғы сабақ)

Қыркүйек 16, 2009

Әссәләму аләйкум, құрметті, бауырлар! Ұлы Раббымыздың мейірімімен, Фәлақ және Нәс сүрелерінің толық түсіндірмесін тәмамдадық. Бұдан бұрын ескерткенімдей, бұл жолы жалпы шолу жасап, қорытынды келтіреміз. Сондай-ақ, құлақтарыңызға алтын сырға!!! Алдағы уақытта осы екі сүренің реттелген, өңделген түрін кішігірім кітапша етіп, Фатиха сүресі сияқты мұны да блогқа жария етеміз. Ол кітапшада, иншалла, бәрі болмаса да, өте көп мағлұматтар келтіріп өтеміз. Бұл жолы жұртты жалықтырып алмау үшін, азғантай ғана шолу жасап, қалғанын сол кітапша еншісіне қалдырдық. Ондай болса…

Read the rest of this entry »

Advertisements

Фәлақ пен Нәс сүрелерінің түсіндірмесі (4-ші сабақ)

Шілде 26, 2009

Әссәләму аләйкум, құрметті, бауырлар! Бүгінгі сабағымызда «Фәлақ» пен «Нас» сүрелерінің тәпсірін жалғастырып, шама келсе келесі сабақта екі сүре тәпсірін толық тәмамдаймыз, иншалла. Алдыңғы әдетімізге сай, алдымен «Нас» сүресінің аяттарын талдап алайық. Әр аятын жақсылап талдаған соң, сабағымыздың соңында толық қорытынды сабағын жасаймыз, иншалла. Бәлкім, үш төрт сабаққа созылып, бірнеше тізбекті дәріске айналуы себепті біраз нәрсе естен шығып, алды мен артын тең ұстау қиын болса керек, кейібіріңізге. Осыны ескеріп, соңынан үлкен, көлемді, пайдалы қорытынды сабағын жасаймыз, иншалла! Сүренің түсіндірмесіне кіріссек…

Read the rest of this entry »


Фәлақ пен Нас сүрелерінің түсіндірмесі (3-ші сабақ)

Шілде 23, 2009

Алдыңғы сабақта сиқыр жайында азғантай сөз қозғап өткен болатынбыз. Сиқыр жасау – шариғат бойынша тыйым салынған. Бұған көптеген аяттар мен хадистер дәлел. Себебі бұл адам көзін алдау және жалпы жамандықтың бірі болып табылады.
Сиқырланып қалу, жоғарыда айтып өткеніміздей, Аллаһтың болмыстағы ережесіне тән, Аллаһтың қалауымен болатын дерттердің бірі. Сиқыршы, дуалаушы адамдар жын-шайтандардың медетімен белгілі бір адамға зиян тигізуді мақсат тұтып, арнайы тәсілдер арқылы әлгі адамға жамандық тигізіп жатуы осының айғағы.
Осы кезде мынандай сұрақ туады: «Сиқырланып қалу Аллаһтың болмыстағы қалауы болса бұдан қалай сақтанамыз?».

Read the rest of this entry »


Фәлақ және Нәс сүрелерінің түсіндірмесі (2 сабақ)

Маусым 15, 2009

Құрметті, оқырман ағайын! Біраз уақыт оқу орнында жұмыстар шығып, блогтан қол үзіп қалдым. Алдағы уақытта, дәлірек айтсақ, жазғы демалыста сіздермен жиі қауышпақ ниетім бар.

Тәфсир сабағын жалғастырайық. Өткен дәрістерде Фәлақ пен Нәс сүрелерінің түсіндірмесін бастаған болатынбыз. Алғашында жалпы танысу, кішігірім шолу жасап, бірінші сабақта Фәлақ сүресінің алғашқы екі аятын түсіндіріп өттік. Бүгінгі сабақта Фәлақ сүресінің келесі аяттарын түсіндіріп өтпек ниетіміз бар, иншалла!

Read the rest of this entry »


Фатиха сүресінің тәпсірі

Сәуір 3, 2009
Фатиха сүресінің тәпсірі
Көшіріп алыңыз [356 КБ]

Фәләқ пен Нас сүрелерінің түсіндірмесі (1-сабақ)

Желтоқсан 14, 2008

Құрметті бауырлар! Бүгінгі дәрісімізде Фәләқ пен Нас сүрелерінің тәпсірін жалғастырамыз. Алдыңғы сабақтарда айтып өткеніміздей, бұл екі сүренің толық мағынасы екеуінің тәпсірін қатар жүргізген кезде ғана ашылады. Сол үшін алдын ала ескерту жасап айтарым, екі сүренің Халифа Алтай атамыз аударған нұсқасын келтіріп, одан әрі қарай аяттардың тәпсірін жүргіземіз. Сіздерден талап етілетіні – айтылғанды мұқият оқып, түсінбеген болсаңыздар қайта оқып қарау, анықтамалар мен ережелерді жаттау және тиісінше амал ету. Бұл екі сүренің құр аудармасын оқыған жан сүренің арғы сырына жете алмауы ғажап емес. Бірақ, шын мәнінде бұл екі сүре ұлы сүрелердің бірі әрі көлемдері аз болғанына қарамастан сабағымыз бірнеше бөлімге бөлініп, біразға созылуы мүмкін. Ондай болса Аллаһқа тәуекел етіп, сүре тәпсірін бастайық!

Read the rest of this entry »


Фәләқ пен Нас сүрелерінің түсіндірмесі (кіріспе)

Желтоқсан 4, 2008

Әссәләму алейкум уа рахмәтуллаһи уа баракәәтуһ, құрметті, оқырмандар!
Бүгінгі дәрісімізде қасиетті Құрандағы соңғы екі сүре – Фәләқ (Таң) және Нас (Адамдар) сүрелерін түсіндіріп, талдап, осы екі сүре төңірегінде сөз өрбітеміз. Ғұламалардың барлығы дерлік бұл екі сүренің жалпы мазмұны мен стилі өзара жақын болуы себепті екеуін қатар алып, бірге тәпсірлейді.  Тіпті екі сүрені «Мағуазатәйни» деп немесе «Муғаууизатайни» деп атайды. Қасиетті екі сүрені тәпсірлеп, мағынасын ұғынған кезде бұған өздеріңіз де куә боларсыздар, Аллаһтың қалауымен.
Бұдан бұрынғы әдетімізге сай, ең алдымен Халифа Алтай атамыз аударған Құран нұсқасы бойынша сүренің қазақша мағыналық аудармасын келтіріп, артынша сүренің негізгі түсіндірмесін баяндап, аударманың дұрыс-бұрыстығын бірге талқылаймыз. Әлбетте, біздің мақсат қате іздеп, дау тудыру емес, бәлкім негізгі мақсатымыз – сүренің астарында жасырылған мағыналарды түсініп, ішіндегі айтылғанға сай амал жасау үшін мәнін ұғыну. Басқаша айтсақ, сүрені шамамыз келгенше толық талдап, бойымызға сіңдіру. Шын мәнінде бұл үмметтің түзелуі, жарқын болашағы, алдағы үмітінің орындалуы – Құран мен сүннетті берік біліп, ұғынып, иман келтіріп, тиісінше амал жасауында ғана! Ондай болса Аллаһтан күш-қуат, жігер тілеп, сүренің түсіндірмесін бастайық!

Read the rest of this entry »