Құран ілімдеріне кіріспе

Ақпан 23, 2008

Адамзатты жоқтан бар еткен, құлшылық атаулының бәріне тек Өзі ғана лайық болған Ұлы Раббымызға мақтау мен мадақтар, ал Елшісі әрі құлы Мұхаммедке салауаттар мен сәлемдер болғай!

Бұл рубрикада Құран ілімдері жайында сөз қозғаймыз. Құран-барша әлемге түсірілген Ұлы Мұғжиза. Мұғжиза дегені өзге ешкім де мұндай кітапты келтіре алмайтындығымен білінеді. Аллаһ тағала Өзінің Құлы Мұхаммедке (с.а.с) адамдарды надандықтың қараңғы түнектерінен тура жолдың жарығына шығару үшін түсірген.

Аллаһ елшісі (с.а.с) өзінің сахабаларына оқыған кезде, олар араб тілін жетік меңгеруі себепті бәрін де жақсы түсініп, ал түсінбей қалған жері болса мағынасын сұрап алып отыратын. Бірақ олар тек мағынасын біліп алу үшін емес, бәлки, сол білгенге амал жасау үшін осылай жасайтын. Он аятты жаттағанда ішіндегі әмірлерді толық орындап, тыйымдардан толық тыйылып, айтылғанға толық сеніп, үкімдерді орындауға кіріспейінше, екінші он аятты жаттауға кіріспейтін.

Read the rest of this entry »

Advertisements